09.04.2020

Валюта бағамы:

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай» республикалық форумды өткізу және «Еңбек жолы» республикалық конкурсынұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізудің мақсаты: Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау; еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуболып табылады.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.Конкурс 3 номинациядан тұрады:

  • «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады. Конкрсқа меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады;
  • «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады. Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:

2)«Өндірістің үздік жас маманы» - бұлноминацияда жұмыс өтілі жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өніріс жұмыскері таңдалады;

-1 орын -1 000 000 (бір миллион)теңге;

-2 орын -500 000 (бес жүз мың) теңге;

-3 орын -200 000 (екі жүз мың) теңге;

Материалдың құрамында:

1.Номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2.Жеке куәліктің көшірмесі;

3.Номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4.Конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5.Еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскерлердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/ жұмыс орнынан анықтама;

6.Жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат. Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері. Біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі аудан көлемінде орналасқан мекемелерді «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырады және де үміткер кәсіпорындардың құжаттарын 2020 жылдың 15 наурыздан бастап 20 сәуіріне бөлімге 2-17-74 тел/факс немесе karmakshi sobes1@mail.ruэлектронды мекен-жайға жолдауларыңызға болады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8(7242)26-38-20 телефондары арқылы алуға болады.

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Жүктеу...29КБ - Жалпы ереже («Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар)

  • Жарияланған күні: 17.03.2020 09:40
  • Жаңартылған күні: 20.03.2020 21:16
  • Көргендер саны: 66
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі