24.06.2019

Валюта бағамы:

Қызылорда облысы бойынша «Парыз-2019» конкурсын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасының2008 жылдың 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша «Парыз-2019» конкурсын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Конкурстың негізгі мақсаты - қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен еліміздің дамуына қосқан бизнес-құрылымының үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету болып табылады.

Бұл бағытта әлеуметтік бағдарламарды іске асыруға,жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек қауіпсіздігін сақтауға, қайырымдылық пен демеушілікке және қоршаған ортаны қорғауға аса көңіл бөлетін жұмыс берушілерге (кәсіпорындарға):

  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
  • «Үздік ұжымдық шарт» - бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
  • «Экологияға қосқан үлесі үшін» - бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

2)«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - бұлноминацияда қоғамға пайдасын беретін немесе негізгі қызметке ұзақ мерзімге болашақта оң әсер ететін, әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы әлеуметтік жобаларды іске асыратын ұйымдардың және өзге де жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі қаралады.

Сонымен қатар, конкурс лауреаттары бұл атақ берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

Материалдың құрамында:

1.Қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2.Үміткерлердің өз қызметіне бизнесті әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;

3.Есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискідегі материалдар, альбомдар, брошоралар басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін)

Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі аудан көлемінде орналасқан мекемелерді «Парыз-2019» конкурсына қатысуға шақырады және де үміткер кәсіпорындардың құжаттарын 2019 жылдың 01 шілдесіне бөлімге 2-17-74 тел/факс немесе karmakshi sobes1@mail.ruэлектронды мекен-жайға жолдауларыңызға болады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8(7242) 26-21-30 телефондары арқылы алуға болады.

Жүктеу...73КБ -Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік

бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

  • Жарияланған күні: 04.06.2019 01:49
  • Жаңартылған күні: 04.06.2019 14:34
  • Көргендер саны: 67
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі