03.06.2020

Валюта бағамы:

Жұмыс берушілер назарына!

Елбасының 05.10.2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28284 теңгеден 42500 дейін өсіру көзделген.

Сонымен қатар, аталған Жолдауда Елбасы «Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады және де төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін» - деп көрсеткен.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрімен жергілікті атқарушы органдарға өңірлердегі барлық кәсіпкерлік субьектілеріндегі төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақыларын көтеру бағытында тиісті іс-шаралар қабылдау тапсырылған.

Осы ретте, Елбасы саясатын іске асыруда міндетті түрде ҚР Еңбек кодексінің 103 бабының 2 тармағында көрсетілгендей, осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы тиіс. Сонымен бірге, ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық қасіреттен зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін экологиялық апат аймағы бойынша 1,5 және экологиялық дағдарыс аймағы бойынша 1,3 коэфицентін қолдана отырып, еңбекақы төлеу қаралғанын атап өткен жөн. Яғни, аталмыш Кодекс пен Заң талаптарын ескере келе, экологиялық қасірет аймағында жұмыс істейтін әрбір жұмыскердің айлық жалақысының ең төменгі мөлшері жоғарыда көрсетілген коэффиценттерді қолдану есебі арқылы экологиялық апат аймағы бойынша 63750 теңгеден, экологиялық дағдарыс аймағы бойынша 55250 теңгеден кем болмауы тиіс.

Қорыта айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшерінің көбеюіне байланысты жеке кәсіпкерлер қарамағында еңбек ететін жұмыскерлердің жалақы мөлшерін белгілеу барысында жоғарыда аталған заңнама талабының сақталуы міндетті екенін әрбір жұмыс беруші назарында ұстауы тиіс екенін естеріне саламыз.

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.

  • Жарияланған күні: 11.01.2019 01:46
  • Жаңартылған күні: 11.01.2019 17:58
  • Көргендер саны: 569
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі