09.04.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сұрақ №53: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 10.03.2020 15:49

Құрметті әкім мырза!!! Осыдан біршама уақыт бұрын (ҚР Арыз өтініштерді қарау тәртібі туралы заңындағы мерзімдер өтіп кеткен!!!!! Ол жөнінде "прокуратура" қызметінен сұрармыз...), теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысы құрбандарына арнап салынған мәнгілік алау қорасында салынып, "тіршіліктерін" жасап жатқан сатым-сауда нүктелері жөнінде қойылған сұрағыма әлі де жауап жоқ?! Бұл не??? Басшылықта отырған қол астыңыздағы "пенделердің" басқарып отырған саласына компетентсіздігі ма, жоқ әлде бұл әрекеттер "қасақана" онсызда түрлі БАҚ-да сайрап жатқан "опозиция" мен "жалған халық белсенділерінің" арқасында Билік пен Халық арасындағы наразылықты "қасақана" күшейту ма?! Әкім болсаң - халқыңа жақын бол деген бар! Жауап беріңіз әкім мырза!!!

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Сіздің, 2020 жылдың наурыз айының 2 және 10 күндерінде аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жолдаған ұсынысыңызға сәйкес төмендегіше хабарлаймын.

Жосалы кентінде орналасқан «1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы» құрбандарына арналып салынған «Тағзым алаңы» жер учаскесіне байланысты. Жосалы кенті, Тұрар Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10:151:002:1443, нысаналы мақсаты «Тағзым алаңы» үшін, жалпы көлемі 6441,0 шаршы метр жер учаскесі 06.11.2014 №292 санды шешіммен «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталған. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39-бабының, 1-тармағында «Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын іске асырады» делінген. Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 05.02.2018 жылы тіркелген «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 2 тармағы 40) тармақшасында «басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді» деп көрсетілген;

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 109 бабының, 2-тармағында «Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды «сауда жасайтын шатырларды (павильондарды), киоскілерді, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» делінген.

Яғни, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39, 109 баптарының және «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің талаптарына сәйкес Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Тағзым алаңы үшін» берілген жер учаскесінде орналасқан кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге уақытша пайдалану үшін жалдау шартымен берілген жер учаскелеріне Жосалы кенті әкімі аппараты тарапынан жалдау шарттарын рәсімдеу барысында заң талаптары бұзылмаған.

Дегенмен, «Тағзым алаңы» үшін берілген жер учаскесінің аумағында орналасқан жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге жалдау шартымен берілген жер учаскелері бойынша кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсынысыңызға сәйкес атқарылған шаралар бойынша тиісті шешім қабылданып, алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 13.03.2020 22:22

Сұрақ №52: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 02.03.2020 17:21

Әкім мырза! Теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан 1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан отандастарымызға арнап салынған мәңгілік алау түріндегі қоршаулы мемориалдың қорасына "жедел тамақ", ет және басқада сатым-сауда нүктелері салынуы қаншалықты заңға сәйкес? Оған қоса айтарым: Халыққа - сонау алапат соғыста Отанын қорғап, келешек ұрпақ үшін құрбан болған жерлестеріміздің ерлігін құрметтегеннен гөрі Халыққа "дөнер", "тандыр" мен жем жегені қолайлы деп шешкен пенделердің шешімі қаншалықты дұрыс? «Сіздің сауалыңыз Жосалы кенті әкімшілігіне жолданды...» - деп берілетін қашпа жауапқа алдын-ала қанағаттанбайтынымды білдіре отырып, Қызылорда облысының, Қармақшы ауданының билігіндегі ең бірінші жауапты басшысы Сізден осы мәселенің жауабын сұраймын.

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Сіздің, 2020 жылдың наурыз айының 2 және 10 күндерінде аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жолдаған ұсынысыңызға сәйкес төмендегіше хабарлаймын.

Жосалы кентінде орналасқан «1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы» құрбандарына арналып салынған «Тағзым алаңы» жер учаскесіне байланысты. Жосалы кенті, Тұрар Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10:151:002:1443, нысаналы мақсаты «Тағзым алаңы» үшін, жалпы көлемі 6441,0 шаршы метр жер учаскесі 06.11.2014 №292 санды шешіммен «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталған. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39-бабының, 1-тармағында «Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын іске асырады» делінген. Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 05.02.2018 жылы тіркелген «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 2 тармағы 40) тармақшасында «басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді» деп көрсетілген;

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 109 бабының, 2-тармағында «Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды «сауда жасайтын шатырларды (павильондарды), киоскілерді, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» делінген.

Яғни, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39, 109 баптарының және «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің талаптарына сәйкес Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Тағзым алаңы үшін» берілген жер учаскесінде орналасқан кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге уақытша пайдалану үшін жалдау шартымен берілген жер учаскелеріне Жосалы кенті әкімі аппараты тарапынан жалдау шарттарын рәсімдеу барысында заң талаптары бұзылмаған.

Дегенмен, «Тағзым алаңы» үшін берілген жер учаскесінің аумағында орналасқан жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге жалдау шартымен берілген жер учаскелері бойынша кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсынысыңызға сәйкес атқарылған шаралар бойынша тиісті шешім қабылданып, алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.


  • Жарияланған күні: 13.03.2020 22:20

Сұрақ №50: Балжаева Перизат Алматовна | Берілген күні: 20.11.2019 12:35

Саламатсызба. Менің қояр сұрағым атаулы көмек жайында болмақ. Мен атаулы көмекке іс құжаттарды тапсырып, атаулы көмек алып отырғанмын. Қазіргі таңда, атап айтқанда қазан айының ақшасы түскен жоқ. Себебін Ақай а/о әкімшілік қызметкерлері айтпайды. Қайда барарымды білмедім, осы сұрақтың жауабын шешіп берсеңіз.

Жауабы:

Құрметті Балжаева Перизат Алматовна! Сіздің Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес, Қармақшы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атаулы әлеуметтік көмектерге мониторинг жұмыстарының жүргізу нәтижесінде Сіздің отбасыңыздың табыстарында өзгеріс болуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақыңыз уақытша тоқтатылып тұрғандығын жеткіземіз. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Сізге атаулы әлеуметтік көмектің тоқтатылғаны немесе қайта есептелгені жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 26.11.2019 10:16

Сұрақ №48: Қалжанов Сәбит Балабекұлы | Берілген күні: 16.09.2019 16:05

Теміржол өткелі. Ассалаумағалейкум, Мұса Оспанұлы. Жосалы кентінде темір жол мен тас жолдың бір деңгейде қиылысатын өткелдің қолайсыздықтары болып тұр, мысалы көп жағдайда науқасқа асыққан жедел жәрдем көлігінің күтіп тұрып қалуы; тұрғындардың әсіресе оқу мерзімінде №250 мектепке автокөлікпен қатынайтын оқушылардың оқуға немесе жәй жолаушының жұмысқа т.б. кешігіуі; көбінесе өткелдің екі жағында автокөліктердің өте көп жиналып қалуы, сияқты жағдайлардың көп кездесуіне әкеліп тұр. Теміржолдың үстімен өтетін өткел шеткерлеу болғандықтан барлық автокөлік иелері осы кент ішіндегі өткелмен жүргенді тиімді санайды. Осыған орай арнайы тағы басқа автокөліктердің өткел алдында көп тұрып қалмауы үшін, Ақсенгір-Шамалған өткеліндегі жағдай қайталанбауы үшін кент ішінен темір жолдың астымен немесе үстімен өтетін өткел салуға мүмкіндік бар ма деген оймен осы сұрақты жолдап отырмын.

Жауабы:

Құрметті Қалжанов Сәбит Балабекұлы! Сіздің, 2019 жылғы 16 қыркүйектегі Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына Жосалы кентінде темір жолдың астымен немесе үстімен өтетін өткел салу жөнінде жолдаған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлаймын.

Көтеріп отырған мәселеңіз ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бірі. Алайда, мәселені түбегейлі шешуге Жосалы кенті әкімі аппараты бюджетінің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А. Байсынов, Қызылорда облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабайға 2019 жылдың 24 қыркүйегі күні №08-3/288 санды шығыс хатымен мәселенің ел үшін маңыздылығын жан-жақты зерделеп, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің темір жолы бойы астынан немесе үстінен өтетін көпір салу жобасын Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізу жөнінде ұсынысы жолдады. Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда жоба сметалық құжаты жасалынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануына құқылы екендігіңізді ескертемін.

  • Жарияланған күні: 26.09.2019 12:20

Сұрақ №47: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 16.08.2019 16:40

Әкім мырза. Менің алты балам бар. Оның біреуі мүмкіндігі шектеулі. Көп балалы отбасымын. Жолдасым "Күміс алқа" иегері. Жұмыссыз, баламен үйде отырады. Атаулы әлеуметтік көмек алмаймын. Ешқандай кредиттерімнің үш жұз мың теңгесін ешқандай банк төлеп берген жоқ. Жалғыз табысымыз менің алатын айлық жалақым. Құдайға шүкір, сізден және қасыңдағылардан ешнәрсе тіленіп сұраған емеспін және сұрамаймын. Қояр тек әзірге бір ғана сұрағым бар. Ол білім саласына байланысты. Менің қазіргі таңда үш балам балабақшада. Әр балаға алты мың тенгеден, үшеуіне он сегіз мың тенге төлеймін. Көп балалы санаттағы отбасыға балабақша төлеміне байланысты қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Жосалы кентінде 7 мемлекеттік, 5 жеке меншік балабақша бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарайды. (№1 санториялық типтегі бөбекжайы-бақша КММ, №2 «Жұлдыз» бөбекжайы-бақша КҚК, №3 «Ертөстік» бөбекжайы-бақша КҚК, №5 «Айгөлек» бөбекжайы-бақша КҚК, №6 «Айсұлу» бөбекжайы-бақша КҚК, №20 «Толғанай» бөбекжайы-бақша КҚК, №21 «Тоғжан» бөбекжайы-бақша КҚК)

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларының 14 тармағында мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда тәрбиеленетін балалардың ата-аналары немесе олардың заңды өкілдері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын төлейді» - делінген.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданы әкімдігінің «2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі №933 қаулысымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айға төлемақысының мөлшері айына 5 000 теңгеден кем емес - 10 000 теңгеден жоғары емес аралықта бекітілген.

Осы қаулының негізінде Жосалы кенті әкімшілігіне қарасты бөбекжай-бақшаларда 2018-2019 оқу жылында өткен ата-аналар жиналысы хаттамасының қаулысына сәйкес, балалардың тамағы үшін айына 5000 теңгеден жарнапұл төлеуге келісімге келген. Оның ішінде «Тоғжан» бөбекжайы-бақша КҚК-да тәрбиеленетін балалардың ата-аналары өздерінің келісімдерімен айына 6000 теңге жарнапұл төлеу жөнінде келісімге келген. Бұл шешім ата-аналар мен балабақша әкімшілігінің біріккен келісімдеріне сәйкес қабылданған.

Сондықтан, аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, дегенмен алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес тиісті шаралар қабылдау жоспарланып отырғандығын хабарлаймын.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ҚР-ның 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануына құқылы екендігіңізді ескертемін.

  • Жарияланған күні: 27.08.2019 10:23

Сұрақ №46: Абимолдаев Азамат | Берілген күні: 05.08.2019 13:43

Құрметті Мақашов Сұлтан Ысқақұлы! Мен Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласының 2018-2019 оқу жылының түлегімін. Болашақта журналист болып еліме адал еңбек етіп, әлем алдында егемен елімізді танытқым келеді. ҰБТ мен шығармашылық емтиханды қосқанда 120 баллдың 115 жинадым. Өкінішке орай мемлекеттік грантқа 1 балл жетпей қалды. Өзім көп балалы отбасынан шыққанмын. Облыстық, республикалық байқауларда Қармақшы ауданының атын шығарып жүрген баламын. Сізден әкім грантын сұрайын деп едім. Маған бір көмегіңізді беріңізші. Өтініш ақша төлеп оқуға қаражатым жоқ еді. Бір үмітім сізде ғана. Бала кезден журналист болу арманым. Менің өтінішім қараусыз қалмайды деген үміттемін.

Жауабы:

Құрметті Абимолдаев Азамат! Қармақшы аудандық білім бөлімі 2018-2019 оқу жылының түлегі Абимолдаев Азаматтың Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған мәселесіне орай төмендегіні мәлімдейді.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 115 балл жинағаныңызбен, Сіз таңдаған журналистика мамандығымен мемлекеттік білім беру грантын жеңіп ала алмадыңыз, өйткені Сіздің отбасыңыз жағдайыңызға байланысты тек қана Қызылорда облысы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғана грантын жеңіп алуды мақсат еттіңіз.

Сіздің, Алматы қаласындағы "Тұран" университетінің ішкі грантына ие болғаныңыз бізді де қуантты.

Осы орайда, облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының «2019-2020 оқу жылдарына облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеуді ұйымдастыру жұмыстары туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы хаттамасымен өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылдарына бөлінген облыс әкімінің оқу грантының Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша бөлінісі жарияланды. Алайда, Сіз таңдаған мамандыққа бөлініс берілмеді.

Сонымен қатар, Сізді Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушылар отбасыларынан шыққан бітірушілерге 5000 гранттың Қызылорда облысына 390 грант (педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық мамандықтарына) бөлінгендігі барлық мектепке жолданып, жұмыс жасалынды. Өзіңізге белгілі, осы гранттың «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» «В042 Журналистика және репортерісі» мамандығының білім грантына оқуға түстіңіз.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 16.08.2019 18:30

Сұрақ №44: Жалгасова Акерке Оразбековна | Берілген күні: 13.07.2019 02:30

Саламатсыз ба! Мен қазіргі таңда Қызылорда қаласында тұрамын, сол жаққа тұрмысқа шыққанмын. Жаз, демалыс болғасын мамамның үйіне 2 баламды алып қыдырып келгенмін. Білесіздер күн ыстық, кеш батса барлық бала далаға ұмтылып тұрады. Алайда есіктің алдына шығу мүмкін емес. Тола иттердің даусы жан жақтан. 1апта бұрын ғана көрші үйдің баласын талап тастапты ит. Мамам звондаған екен мамандар жауап беріпті құтырған деген диангоз қойылды CЭС-тен, енді 10 күн күтеміз деп, заңы солай депті. Менің сұрағым не үшін күтеміз 10 күн? тағы бір баланы жегегін, тістегенін күтеміз бе? Жаз айы ғой ауылымызға бала шағамен демалуға келеміз қыдырып. Қорқып отырымыз шыға алмай. Неге бірден атып тастамайды құтырды деген диагноз қойылса? Ол қауіп төндіріп тұр ғой? Басқа балаларды тістемей тұрғанда? Басқа қайда хабарласуға болады? Сіздерден жауап күтемін?

Жауабы:

Құрметті Жалгасова Акерке Оразбековна! Сіздің 2019 жылғы 13 шілдедегі Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жазған өтінішіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Тұрғындардың өтініш-тілектерін орындау мақсатында алдағы уақытта да Өздеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз.

Құтырма диагнозы эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық деректер негізінде қойылады. Диагноз қоюда жануардың мінез құлқы елеулі маңызға ие. Сондықтан да жарақат салған иттерді «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына сәйкес жарақат салған иттерді «Құтыру» ауруына күдікті ретінде 10 күндік бақылауға алып, оңаша байлап қояды. Осы 10 күннің ішінде ветеринариялық мамандар иттің мінез құлқын бақылайды. Содан соң ғана иттің құтырумен ауырып тұрғаны немесе ауырмай тұрғаны анықталады. 10 күндік бақылауда болмай ешбір маман немесе тиісті мемлкеттік органдар диагноз қоя алмайды.

Қызылорда облыстық мәслихатының «Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы №262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 29 наурыздағы №195 шешімімен ит, мысықтарды ұстау ережесі бекітілген. Тұрғындардың осы ереже талаптарын орындамауы салдарынан иттерден жарақат алу жағдайлары орын алуда.

Осыған орай, иесіз, қаңғыбас ит, мысықтардың санын шектеу мақсатында 2019 жылы аулап, жоюға аудандық бюджеттен 3166,0 мың теңге қаржы қаралып, кент, әр бір елді мекенде жою шаралары жоспарға сай жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жыл басынан бері барлығы 1237 ит, 20 мысық, оның ішінде Жосалы кенті бойынша 764 ит, 20 мысық ауланып, жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 19.07.2019 15:38

Сұрақ №42: Күзембаева Шырынкүл Лаубайқызы | Берілген күні: 01.04.2019 19:21

Құрметті Сұлтан Ысқақұлы! Өзіңіз білетіндей, Қармақшы ауылы тұрғындары 2019 жылдың басында Сіздің 2018 жылғы атқарылған жұмыстарға есеп беру кездесуіңізде ауыл тұрғындарының көлік қатынасын шешу үшін ауыл орталығына Қызылорда-Астана қатынасындағы жолаушылар поезын Абыла ОП аялдатуды сұраған болатын. 15.03.2019 жылы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басқарушы директоры-«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы А.Сұлтановтан аталған поездың Абыла станциясына 2019 жылдың мамыр айынан бастап аялдама жасайтындығы жөнінде хат алдық. Осы хатымыз арқылы халық атынан берілген өтінішіміздің оң шешім табуына көмек бергеніңіз үшін Сізге Қармақшы ауылдық округі халқы атынан шексіз ризашылығымызды білдіріп, аталық, аналық ақ тілегімізді жеткіземіз! Егеменді Еліміздің болашағы үшін атқарып жатырған еңбегіңізге жеміс, жанұяңызға амандық, Сізге зор денсаулық тілейміз! Қармақшы ауылдық округінің тұрғындары: Б.Амантаев, О.Тілеулиев, Ш.Күзембаева.

Жауабы:

Құрметті Шырынкүл Лаубайқызы! Сіздің 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына Қармақшы ауылдық округі халқы атынан жолдаған тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Тұрғындардың өтініш-тілектерін орындау мақсатында алдағы уақытта да Өздеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз.

  • Жарияланған күні: 18.04.2019 17:16

Сұрақ №41: Маханова Гүлжазира Бекетқызы | Берілген күні: 06.02.2019 18:53

Салеметсізбе мен Маханова Гүлжазира Бекетқызы 05.02.2019 жылы жолдаған хатымды жауап беруді қажет етпеймін

Жауабы:

Құрметті Гүлжазира Бекетқызы! Сіздің 2019 жылғы 05 ақпандағы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына жолдаған өтінішіңізді қараусыз қалдыру туралы 2019 жылғы 07 ақпандағы өтінішіңіз қабылданғандығын жеткіземін. Егерде, берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.

  • Жарияланған күні: 08.02.2019 12:31

Сұрақ №40: Маханова Гүлжазира Бекетқызы | Берілген күні: 05.02.2019 19:48

Салеметсізбе құрметті Сұлтан Ысқақұлы сіздің қабылдауыңызға кіру үшін канша уақыт күту қажет мен 2018 жылы желтоқсан айының басында сіздің қабылдауыңызға жазылғам жастар бөліміндегі бос жұмыс орнына байланысты???

Жауабы:

Құрметті Гүлжазира Бекетқызы! Сіздің 2019 жылғы 05 ақпандағы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына жолдаған өтінішіңізді қараусыз қалдыру туралы 2019 жылғы 07 ақпандағы өтінішіңіз қабылданғандығын жеткіземін. Егерде, берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.

  • Жарияланған күні: 08.02.2019 12:30
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі