02.06.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сұрақ №59: Жылқыбаев Ермек Аққозыұлы | Берілген күні: 18.05.2020 15:17

Құрметті Мұса Оспанұлы! Сізге Мүсірбаев көшесінен Есқараев, Молдахмет жырау, Мәметова көшелерінің қиылыстарын басып өтіп Қармақшы ауылына баратын тас жолға дейінгі аралықтағы жол жағдайын айтқым келеді. Ұзындығы 500 метрдей болатын жолдың өзіндік маңызы зор. Жолмен тұрғындар 30 мектепке, Мөлтектегі 183 мектепке, балалар Сардарбек бақшасына, үйіне жаяу немесе жеке көлігімен қатынайды. Жол жаңбыр жауса батпаққа айналып, қанша тұрғынның мазасын алатыны бар. Жаяу жүргінші тұрмақ көлікпен жүру мұң болып тұр. Осы көшеде ауданымыздан шыққан жалғыз Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаевтың өмірінің соңғы күндері тұрған үй бар. Қасында кезінде Жасыл өлке – 95 аталған ағашы өсіп тұрған бақ бар. Менің ұсынысым: Аталған жол сапалы етіп асфальтталса. Бақ Отан соғысы Жеңістің 75 жылдығы немесе келесі жылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай саябақ болып абаттандырылып, жарықтандырылса. Халықша айтқанда бергі беттің тұрғындары демалып саялайтын бақ болса.

Жауабы:

Құрметті Жылқыбаев Ермек Аққозыұлы! Сіздің, 2020 жылғы 18 мамырдағы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жазған мәселеңізге орай төмендегіні жеткіземін.

Сауалда көтерілген Жосалы кенті, Мүсірбаев көшесі арқылы өтетін көше қиылысының көлемі және жағдайы «Жосалы кенті әкімі аппараты» КММ қызметкерлерімен зерделенді. Қазіргі таңда аталған көше Жосалы кенті бойынша жөнделетін көшелер тізбесіне енгізілді және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы көлемін анықтау мақсатында сметалық есептеме әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізіледі.

2019 жылы Жосалы кентінің Қасымов, Рысқұлов, Сексенбаев, Ораз Ахун, Ибаш жырау, Наметша, Нұртай, Қайырбекұлы, Алтынсарин, Жаназаров көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Құдабаев, Ақмаржан, Мырзағалиева көшелеріне және Темір жол көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөліне отырып, жүргізілді.

Осыған байланысты, Жосалы кентіндегі көшелерге жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта, қаржы мәселесі шешімін тапқан жағдайда Мүсірбаев көшесі арқылы өтетін көше қиылысын жөндеуге қажетті жұмыстар атқарылатындығын хабарлаймын.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы Жосалы кентіндегі Мүсірбаев көшесі бойындағы жасыл желекті бақтың іші жабайы шөптерден тазартылды және қосымша абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері алдағы уақытта қарастырылады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес, жоғарғы тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 29.05.2020 18:24

Сұрақ №57: Темірова Айнұр Үсенқызы | Берілген күні: 21.04.2020 15:41

Саламатсызба. Менің 4 балам бар, бір балам мүгедек. Диагноз ДЦП. Осы төтенше жағдай кезінде көп баласы барларға, мүгедек бала өсіріп жатқандарға көмек беріліп жатыр екен. Біз сондай көмекке неге ілікпегенбіз? Неге көмекті бергенде бірінші осы категориядағылар қаралмайды. Біз сіздердің алдыңызға барып жағаламағанымызға байланыстыма? Ауданда тізім болмайма мүгедектердің? Соларды саралап неге бермейсіздер. Сізден сұрайын дегенім менің отбасым көмек алама? Шығып жатқан 15 мың коммуналдық көмекті алама? Күйеуім жұмыссыз өзім жалғыз жұмыс жасаймын.

Жауабы:

Құрметті Темірова Айнұр Үсенқызы! Сіздің, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының (бұдан әрі - заң) 13 бабының 1 тармағына сәйкес, Жолдасыңыз Абдикалиев Бауыржан жұмыс іздеп жүрген адам ретінде яғни, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында берген өтінішіне орай 01.04.2019 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – орталық) тіркеуге алынған.
Дегенмен де, қазіргі таңда орталыққа мамандық талап етпейтін жұмыс орындарынан сұраныстар түспеген, алдағы уақытта сұраныстар түскен жағдайда, осы сұраныстарға сәйкес орталық тарапынан ұсынатын болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 118 бұйрығының 3-тарау 25 тармағына сәйкес, Сізге және балаңызға 2020 жылдың 21 сәуірінде төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтыққа 5567 теңгеден барлығы 11134 теңге көлемінде әлеуметтік көмек есеп шоттарыңызға аударылды.
Ал, төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге қатысты сұрағыңызға келетін болсақ, Сізге көпбалалы отбасы немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы ретінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге мүмкіндігіңіздің бар екендігін жеткіземін және бұл мәселе бойынша Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тікелей жұмыс жасайтындығын түсіндіреміз.
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.


  • Жарияланған күні: 30.04.2020 16:12

Сұрақ №55: Абдразакова Акбота Утебаевна | Берілген күні: 11.04.2020 15:20

Мен жалғыз басты анамын. Не атаулы алмаймын, не алимент өндіре алмай отырмын. Жұмыссызбын. 3 кішкентай балам бар. Квартира жалдап тұрамын. Ешқандай кіріс жоқ. Анам құр пенсиясымен көмектеседі. Анам көп балалы.

Жауабы:

Құрметті Абдразакова Акбота Утебаевна! Сіздің, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде яғни, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өтініш білдіре аласыз.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 67-бабында «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі» делінген.

Осыған орай, Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы ретінде өтініш білдіруіңізге болатындығын жеткіземіз.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 14.04.2020 17:12

Сұрақ №54: Даменова Назипа Сайымбековна | Берілген күні: 11.04.2020 15:19

Сәлеметсіз бе құрметті Қалдарбаев Мұса Оспанұлы. Біз жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғандықтан 42500 теңге әлеуметтік көмекке ұсынылмадық. Алайда қазіргі таңдағы мемлекеттегі карантин енгізілуіне байланысты жұмыссыз отырмыз. Тұрақты табыс көзі жоқ. 2006-жылдан бері тұрақты жұмысымыз жоқ. Сізден әлеуметтік көмек мәселесін шешуіңізді немесе тұрақты жұмыспен қамтуыңызды сұраймын.

Жауабы:

Құрметті Даменова Назипа Сайымбековна! Сіздің, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының (бұдан әрі - заң) 13 бабының 1 тармағына сәйкес, Сіз жұмыс іздеп жүрген адам ретінде яғни, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында берген өтінішіңізге орай 13.03.2020 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – орталық) тіркеуге алындыңыз.

Дегенмен де, қазіргі таңда орталыққа «Оператор ЭВМ» мамандығы бойынша жұмыс орындарынан сұраныстар түспеген, алдағы уақытта сұраныстар түскен жағдайда, осы сұраныстарға сәйкес орталық тарапынан ұсынатын болады.

Сонымен қатар, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтарға 5567 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілетіндігін жеткіземіз.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 14.04.2020 17:08

Сұрақ №53: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 10.03.2020 15:49

Құрметті әкім мырза!!! Осыдан біршама уақыт бұрын (ҚР Арыз өтініштерді қарау тәртібі туралы заңындағы мерзімдер өтіп кеткен!!!!! Ол жөнінде "прокуратура" қызметінен сұрармыз...), теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысы құрбандарына арнап салынған мәнгілік алау қорасында салынып, "тіршіліктерін" жасап жатқан сатым-сауда нүктелері жөнінде қойылған сұрағыма әлі де жауап жоқ?! Бұл не??? Басшылықта отырған қол астыңыздағы "пенделердің" басқарып отырған саласына компетентсіздігі ма, жоқ әлде бұл әрекеттер "қасақана" онсызда түрлі БАҚ-да сайрап жатқан "опозиция" мен "жалған халық белсенділерінің" арқасында Билік пен Халық арасындағы наразылықты "қасақана" күшейту ма?! Әкім болсаң - халқыңа жақын бол деген бар! Жауап беріңіз әкім мырза!!!

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Сіздің, 2020 жылдың наурыз айының 2 және 10 күндерінде аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жолдаған ұсынысыңызға сәйкес төмендегіше хабарлаймын.

Жосалы кентінде орналасқан «1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы» құрбандарына арналып салынған «Тағзым алаңы» жер учаскесіне байланысты. Жосалы кенті, Тұрар Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10:151:002:1443, нысаналы мақсаты «Тағзым алаңы» үшін, жалпы көлемі 6441,0 шаршы метр жер учаскесі 06.11.2014 №292 санды шешіммен «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталған. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39-бабының, 1-тармағында «Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын іске асырады» делінген. Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 05.02.2018 жылы тіркелген «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 2 тармағы 40) тармақшасында «басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді» деп көрсетілген;

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 109 бабының, 2-тармағында «Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды «сауда жасайтын шатырларды (павильондарды), киоскілерді, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» делінген.

Яғни, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39, 109 баптарының және «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің талаптарына сәйкес Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Тағзым алаңы үшін» берілген жер учаскесінде орналасқан кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге уақытша пайдалану үшін жалдау шартымен берілген жер учаскелеріне Жосалы кенті әкімі аппараты тарапынан жалдау шарттарын рәсімдеу барысында заң талаптары бұзылмаған.

Дегенмен, «Тағзым алаңы» үшін берілген жер учаскесінің аумағында орналасқан жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге жалдау шартымен берілген жер учаскелері бойынша кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсынысыңызға сәйкес атқарылған шаралар бойынша тиісті шешім қабылданып, алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 13.03.2020 22:22

Сұрақ №52: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 02.03.2020 17:21

Әкім мырза! Теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан 1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан отандастарымызға арнап салынған мәңгілік алау түріндегі қоршаулы мемориалдың қорасына "жедел тамақ", ет және басқада сатым-сауда нүктелері салынуы қаншалықты заңға сәйкес? Оған қоса айтарым: Халыққа - сонау алапат соғыста Отанын қорғап, келешек ұрпақ үшін құрбан болған жерлестеріміздің ерлігін құрметтегеннен гөрі Халыққа "дөнер", "тандыр" мен жем жегені қолайлы деп шешкен пенделердің шешімі қаншалықты дұрыс? «Сіздің сауалыңыз Жосалы кенті әкімшілігіне жолданды...» - деп берілетін қашпа жауапқа алдын-ала қанағаттанбайтынымды білдіре отырып, Қызылорда облысының, Қармақшы ауданының билігіндегі ең бірінші жауапты басшысы Сізден осы мәселенің жауабын сұраймын.

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Сіздің, 2020 жылдың наурыз айының 2 және 10 күндерінде аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жолдаған ұсынысыңызға сәйкес төмендегіше хабарлаймын.

Жосалы кентінде орналасқан «1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы» құрбандарына арналып салынған «Тағзым алаңы» жер учаскесіне байланысты. Жосалы кенті, Тұрар Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан кадастрлық нөмірі 10:151:002:1443, нысаналы мақсаты «Тағзым алаңы» үшін, жалпы көлемі 6441,0 шаршы метр жер учаскесі 06.11.2014 №292 санды шешіммен «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталған. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39-бабының, 1-тармағында «Мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенің нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметінің жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын іске асырады» делінген. Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 05.02.2018 жылы тіркелген «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 2 тармағы 40) тармақшасында «басқаруына берілген коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді» деп көрсетілген;

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 109 бабының, 2-тармағында «Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды «сауда жасайтын шатырларды (павильондарды), киоскілерді, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін» делінген.

Яғни, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 39, 109 баптарының және «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің талаптарына сәйкес Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Тағзым алаңы үшін» берілген жер учаскесінде орналасқан кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге уақытша пайдалану үшін жалдау шартымен берілген жер учаскелеріне Жосалы кенті әкімі аппараты тарапынан жалдау шарттарын рәсімдеу барысында заң талаптары бұзылмаған.

Дегенмен, «Тағзым алаңы» үшін берілген жер учаскесінің аумағында орналасқан жеңіл үлгідегі құрастырылмалы құрылыстар мен киоскіге жалдау шартымен берілген жер учаскелері бойынша кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұсынысыңызға сәйкес атқарылған шаралар бойынша тиісті шешім қабылданып, алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.


  • Жарияланған күні: 13.03.2020 22:20

Сұрақ №50: Балжаева Перизат Алматовна | Берілген күні: 20.11.2019 12:35

Саламатсызба. Менің қояр сұрағым атаулы көмек жайында болмақ. Мен атаулы көмекке іс құжаттарды тапсырып, атаулы көмек алып отырғанмын. Қазіргі таңда, атап айтқанда қазан айының ақшасы түскен жоқ. Себебін Ақай а/о әкімшілік қызметкерлері айтпайды. Қайда барарымды білмедім, осы сұрақтың жауабын шешіп берсеңіз.

Жауабы:

Құрметті Балжаева Перизат Алматовна! Сіздің Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегідей хабарлаймыз.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес, Қармақшы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атаулы әлеуметтік көмектерге мониторинг жұмыстарының жүргізу нәтижесінде Сіздің отбасыңыздың табыстарында өзгеріс болуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақыңыз уақытша тоқтатылып тұрғандығын жеткіземіз. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Сізге атаулы әлеуметтік көмектің тоқтатылғаны немесе қайта есептелгені жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 26.11.2019 10:16

Сұрақ №48: Қалжанов Сәбит Балабекұлы | Берілген күні: 16.09.2019 16:05

Теміржол өткелі. Ассалаумағалейкум, Мұса Оспанұлы. Жосалы кентінде темір жол мен тас жолдың бір деңгейде қиылысатын өткелдің қолайсыздықтары болып тұр, мысалы көп жағдайда науқасқа асыққан жедел жәрдем көлігінің күтіп тұрып қалуы; тұрғындардың әсіресе оқу мерзімінде №250 мектепке автокөлікпен қатынайтын оқушылардың оқуға немесе жәй жолаушының жұмысқа т.б. кешігіуі; көбінесе өткелдің екі жағында автокөліктердің өте көп жиналып қалуы, сияқты жағдайлардың көп кездесуіне әкеліп тұр. Теміржолдың үстімен өтетін өткел шеткерлеу болғандықтан барлық автокөлік иелері осы кент ішіндегі өткелмен жүргенді тиімді санайды. Осыған орай арнайы тағы басқа автокөліктердің өткел алдында көп тұрып қалмауы үшін, Ақсенгір-Шамалған өткеліндегі жағдай қайталанбауы үшін кент ішінен темір жолдың астымен немесе үстімен өтетін өткел салуға мүмкіндік бар ма деген оймен осы сұрақты жолдап отырмын.

Жауабы:

Құрметті Қалжанов Сәбит Балабекұлы! Сіздің, 2019 жылғы 16 қыркүйектегі Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына Жосалы кентінде темір жолдың астымен немесе үстімен өтетін өткел салу жөнінде жолдаған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні хабарлаймын.

Көтеріп отырған мәселеңіз ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бірі. Алайда, мәселені түбегейлі шешуге Жосалы кенті әкімі аппараты бюджетінің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А. Байсынов, Қызылорда облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабайға 2019 жылдың 24 қыркүйегі күні №08-3/288 санды шығыс хатымен мәселенің ел үшін маңыздылығын жан-жақты зерделеп, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің темір жолы бойы астынан немесе үстінен өтетін көпір салу жобасын Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізу жөнінде ұсынысы жолдады. Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда жоба сметалық құжаты жасалынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануына құқылы екендігіңізді ескертемін.

  • Жарияланған күні: 26.09.2019 12:20

Сұрақ №47: Ногаев Арман Орынбасарович | Берілген күні: 16.08.2019 16:40

Әкім мырза. Менің алты балам бар. Оның біреуі мүмкіндігі шектеулі. Көп балалы отбасымын. Жолдасым "Күміс алқа" иегері. Жұмыссыз, баламен үйде отырады. Атаулы әлеуметтік көмек алмаймын. Ешқандай кредиттерімнің үш жұз мың теңгесін ешқандай банк төлеп берген жоқ. Жалғыз табысымыз менің алатын айлық жалақым. Құдайға шүкір, сізден және қасыңдағылардан ешнәрсе тіленіп сұраған емеспін және сұрамаймын. Қояр тек әзірге бір ғана сұрағым бар. Ол білім саласына байланысты. Менің қазіргі таңда үш балам балабақшада. Әр балаға алты мың тенгеден, үшеуіне он сегіз мың тенге төлеймін. Көп балалы санаттағы отбасыға балабақша төлеміне байланысты қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Жауабы:

Құрметті Ногаев Арман Орынбасарович! Жосалы кентінде 7 мемлекеттік, 5 жеке меншік балабақша бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарайды. (№1 санториялық типтегі бөбекжайы-бақша КММ, №2 «Жұлдыз» бөбекжайы-бақша КҚК, №3 «Ертөстік» бөбекжайы-бақша КҚК, №5 «Айгөлек» бөбекжайы-бақша КҚК, №6 «Айсұлу» бөбекжайы-бақша КҚК, №20 «Толғанай» бөбекжайы-бақша КҚК, №21 «Тоғжан» бөбекжайы-бақша КҚК)

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларының 14 тармағында мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда тәрбиеленетін балалардың ата-аналары немесе олардың заңды өкілдері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын төлейді» - делінген.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданы әкімдігінің «2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі №933 қаулысымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айға төлемақысының мөлшері айына 5 000 теңгеден кем емес - 10 000 теңгеден жоғары емес аралықта бекітілген.

Осы қаулының негізінде Жосалы кенті әкімшілігіне қарасты бөбекжай-бақшаларда 2018-2019 оқу жылында өткен ата-аналар жиналысы хаттамасының қаулысына сәйкес, балалардың тамағы үшін айына 5000 теңгеден жарнапұл төлеуге келісімге келген. Оның ішінде «Тоғжан» бөбекжайы-бақша КҚК-да тәрбиеленетін балалардың ата-аналары өздерінің келісімдерімен айына 6000 теңге жарнапұл төлеу жөнінде келісімге келген. Бұл шешім ата-аналар мен балабақша әкімшілігінің біріккен келісімдеріне сәйкес қабылданған.

Сондықтан, аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, дегенмен алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес тиісті шаралар қабылдау жоспарланып отырғандығын хабарлаймын.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ҚР-ның 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы № 221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануына құқылы екендігіңізді ескертемін.

  • Жарияланған күні: 27.08.2019 10:23

Сұрақ №46: Абимолдаев Азамат | Берілген күні: 05.08.2019 13:43

Құрметті Мақашов Сұлтан Ысқақұлы! Мен Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласының 2018-2019 оқу жылының түлегімін. Болашақта журналист болып еліме адал еңбек етіп, әлем алдында егемен елімізді танытқым келеді. ҰБТ мен шығармашылық емтиханды қосқанда 120 баллдың 115 жинадым. Өкінішке орай мемлекеттік грантқа 1 балл жетпей қалды. Өзім көп балалы отбасынан шыққанмын. Облыстық, республикалық байқауларда Қармақшы ауданының атын шығарып жүрген баламын. Сізден әкім грантын сұрайын деп едім. Маған бір көмегіңізді беріңізші. Өтініш ақша төлеп оқуға қаражатым жоқ еді. Бір үмітім сізде ғана. Бала кезден журналист болу арманым. Менің өтінішім қараусыз қалмайды деген үміттемін.

Жауабы:

Құрметті Абимолдаев Азамат! Қармақшы аудандық білім бөлімі 2018-2019 оқу жылының түлегі Абимолдаев Азаматтың Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған мәселесіне орай төмендегіні мәлімдейді.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 115 балл жинағаныңызбен, Сіз таңдаған журналистика мамандығымен мемлекеттік білім беру грантын жеңіп ала алмадыңыз, өйткені Сіздің отбасыңыз жағдайыңызға байланысты тек қана Қызылорда облысы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғана грантын жеңіп алуды мақсат еттіңіз.

Сіздің, Алматы қаласындағы "Тұран" университетінің ішкі грантына ие болғаныңыз бізді де қуантты.

Осы орайда, облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының «2019-2020 оқу жылдарына облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеуді ұйымдастыру жұмыстары туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы хаттамасымен өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылдарына бөлінген облыс әкімінің оқу грантының Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша бөлінісі жарияланды. Алайда, Сіз таңдаған мамандыққа бөлініс берілмеді.

Сонымен қатар, Сізді Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушылар отбасыларынан шыққан бітірушілерге 5000 гранттың Қызылорда облысына 390 грант (педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық мамандықтарына) бөлінгендігі барлық мектепке жолданып, жұмыс жасалынды. Өзіңізге белгілі, осы гранттың «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» «В042 Журналистика және репортерісі» мамандығының білім грантына оқуға түстіңіз.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 16.08.2019 18:30
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі