19.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сұрақ №36: Камшеева Фариза | Берілген күні: 11.12.2018 17:14

Сәлеметсіз Бе! 05.12.2018 жылы жазған өтінішіме сәйкес учаскелік дәрігер және медбикелерімен келіп баланың жағдайын қарап тексеріп кетті. Осыған орай жазылған өтінішіме сәйкес қанағаттануыма байланысты алып тастауыңызды сұраймын.

Жауабы:

Сіздің 2018 жылдың 05 желтоқсанында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында облыс орталығында ота арқылы босанып келгеннен кейін Өзіңіздің және баланың жағдайын учаскелік дәрігердің көрмеуі туралы өтінішіңізге байланысты амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухананың медициналық қызмет сапасын бақылау комиссиясының мамандарымен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қателікке жол берген мамандардан түсінік алынып, ескерту жасалынғанын хабарлаймыз. Сонымен бірге, 2018 жылдың 11 желтоқсанында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында аталған өтінішіңізге сәйкес аймақ дәрігері мен медбикенің Өзіңіздің және балаңыздың жағдайына тексеру жүргізіп, қанағаттануыңызға байланысты өтінішіңіз бақылаудан алынады. Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының талабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 19.12.2018 00:00

Сұрақ №35: Кайдаулова Айшолпан Сабиткызы | Берілген күні: 10.12.2018 00:07

Сәлеметсіз бе! Мен 1 топ мүгедегімін, Байкоңыр каласының тұрғынымын. Мен арбамен козғаламын, жалғыз басты анамын. Кішкентай ұлым туылғаннан искусственный смесь ішеді. ОМЦ дан камтамасыздандырып отыратын, алайда қазір 2 ай болды балаларға смесь бермей жатыр, 1 пенсиямен күн көргеннен кейін балама смесь алып беріп тұру өте қиын, айта кетсем мен ОМЦ-ның басшысымен арнайы сөйлестім, смесь жок. Жылдың аяғы берілмейді деп шығарып салды. Айдың аяғында смесь берілмейді деп мені шығарып салды. Ақай, Төретам ауылдарында смесь беріліп жатыр, тек Байкоңыр қаласына берілмей зар шегіп отырмыз, Сіздерден өтінемін, маған осы мәселені шешіп беруге көмек беруіңізді сұраймын.

Жауабы:

Сіздің 2018 жылдың 10 желтоқсанында аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына жолдаған балаңызға қажет сүт қоспасынының берілуі туралы өтінішіңіз бойынша амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасының 20.12.2018 жылғы №2286 санды хатында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес балаңызға емшек сүтіне бейімделген алмастырғыштар қарастырылмаған. Осыған орай, Сіз Қармақшы аудандық орталық ауруханасында тіркелмегендіктен медициналық қызметтер Байқоңыр қаласындағы облыстық медициналық орталығының филиалы арқылы көрсетілуіне байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына қолдау көрсету үшін ұсыныс берілгенін хабарлаймыз. Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының талабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 24.12.2018 00:00

Сұрақ №34: Камшеева Фариза | Берілген күні: 05.12.2018 17:56

Сәлеметсіз бе? Менің 29.10.2018 жылы Қызылорда облысында операциямен ауыр жағдайда босандым, аман есен босанып 1 аптадан кейін Қармақшыға келдім. Мен жас анамын тұңғыш балам. Ана мен балаға қамқор болу керек емес па? Келген уақытымнан бері бір рет болсада менің және баланың жағдайын учаскелік дәрігер келіп білген емес. 2-22-34 телефонына хабарласып 2 рет өтініш тастағанмын. Олар өздерің келіңдер қабылдауға деп хабарласты. Қырқынан шықпаған баланы кабинеттен кабинетке сүйрелеу дұрыспа? Сізден өтініш осы жағдайды қадағалап оң нәтижесін шешуге ықпал етуіңізді сұраймын,

Жауабы:

Сіздің 2018 жылдың 05 желтоқсанында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында облыс орталығында ота арқылы босанып келгеннен кейін Өзіңіздің және баланың жағдайын учаскелік дәрігердің көрмеуі туралы өтінішіңізге байланысты амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухананың медициналық қызмет сапасын бақылау комиссиясының мамандарымен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қателікке жол берген мамандардан түсінік алынып, ескерту жасалынғанын хабарлаймыз. Сонымен бірге, 2018 жылдың 11 желтоқсанында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында аталған өтінішіңізге сәйкес аймақ дәрігері мен медбикенің Өзіңіздің және балаңыздың жағдайына тексеру жүргізіп, қанағаттануыңызға байланысты өтінішіңіз бақылаудан алынады. Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңының талабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауға құқылысыз.

  • Жарияланған күні: 19.12.2018 00:00

Сұрақ №33: НУРЖАНОВА ЭЛЬМИРА | Берілген күні: 06.08.2018 15:55

СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ? Менің күйеуімде өзімде жұмыссызбын. Өзім көп балалы анамын. Маған жұмыс тауып беруіңізді сұраймын және де әлеуметтік көмек жәрдемақы неге жылына бір рет берілу керек. Қалада алты ай сайын береді. Менің екі балама мектеп формасын беруді сұраймын. Осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер. АЛЛАДАН ҚАЙТСЫН

Жауабы:

Сіздің Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегіше хабарлаймын.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында 2018 жылдың 6 ақпанында Сіздің тарапыңыздан аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығына» (бұдан әрі - Орталық) өтініш берілген болатын. Өтінішіңізге сәйкес, Сізге шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, әлеуметтік келісім-шарт жасалған және осы келісім-шартқа сәйкес жолдасыңыз 2018 жылдың ақпан айында қоғамдық жұмысқа жолданған. Бірақ, жолдасыңыз 2018 жылдың маусым айында қоғамдық жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай, әлеуметтік келісім-шарт талаптарын бұзған.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының (бұдан әрі - Заң)1 бабының, 10 тармағында «Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі» - деп көрсетілген.

Сонымен қатар, осы Заңның 4 бабының 12 тармағында «Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісім-шарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісім-шарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады. Әлеуметтік келісім-шартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады» - деп айқындалған

Демек осы Заңда, шартты атаулы әлеуметтік көмек отбасындағы жұмысқа жарамды мүшесінің міндетті түрде жұмысқа қатысуы арқылы (жұмыс істеуі) тағайындалатындығы және жасалған әлеуметтік келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда шартты ақшалай көмектің тоқтауына негіз болатындығы түсіндірілген.

Яғни, шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасындағы әлеуметтік келісім-шартқа отырған еңбекке жарамды мүшесі, ұсынылған қоғамдық жұмысқа міндетті түрде барып әлеуметтік келісім-шарт талаптарын орындауы тиіс.

Бұған қоса, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V Заңының 22 бабының 4 тармағында «Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін» - делінген.

Осыған орай, жолдасыңыз Орталыққа жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан немесе мамандығына орай берілген сұраныстарға сәйкес жұмыс орындарына жіберілуі мүмкін. Қазіргі таңда, Сіздің бала күтімімен үйде отыруыңызға байланысты шартты атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға негіз жоқ екендігін түсіндіремін.

Заңның 4 бабының 1 тармағына сәйкес, шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылатындығын есіңізге саламын.

Сонымен қатар, ауданда 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек айлары аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды. «Мектепке жол» акцияны ұйымдастыру мен өткізу туралы білім бөлімінің 18.07.2017 жылдың №512 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді және барлық аудан мектептеріне таратылды.

Осыған орай, «Мектепке жол» акциясына байланысты аудандық білім бөлімі арқылы балаларға көмек көрсетілетін болады.

Өтінішіңізге сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 22.08.2018 00:00

Сұрақ №32: НУРЖАНОВА ЭЛЬМИРА | Берілген күні: 06.08.2018 15:38

Сәлеметсіз бе? Мен көп балалы анамын. Жұмыссызбын. Күйеуімде жұмыс жоқ. Әлеуметтік жәрдемақыны негізі алты ай ай сайын алу керек. Неге біздің ауданда жылына бір ақ рет. Сонда менде күйеуімде жұмыс жоқ аштан өлемізба. Балдарыма мектеп формасын беруді сұраймын. Екі балама. Ана жылы екі балаға береді деп бір балаға берді. Сізден өтінем көмек берулеріңізді сұраймын.

Жауабы:

Сіздің Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған өтінішіңізге орай төмендегіше хабарлаймын.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында 2018 жылдың 6 ақпанында Сіздің тарапыңыздан аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығына» (бұдан әрі - Орталық) өтініш берілген болатын. Өтінішіңізге сәйкес, Сізге шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, әлеуметтік келісім-шарт жасалған және осы келісім-шартқа сәйкес жолдасыңыз 2018 жылдың ақпан айында қоғамдық жұмысқа жолданған. Бірақ, жолдасыңыз 2018 жылдың маусым айында қоғамдық жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай, әлеуметтік келісім-шарт талаптарын бұзған.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының (бұдан әрі - Заң)1 бабының, 10 тармағында «Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі» - деп көрсетілген.

Сонымен қатар, осы Заңның 4 бабының 12 тармағында «Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісім-шарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісім-шарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады. Әлеуметтік келісім-шартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады» - деп айқындалған

Демек осы Заңда, шартты атаулы әлеуметтік көмек отбасындағы жұмысқа жарамды мүшесінің міндетті түрде жұмысқа қатысуы арқылы (жұмыс істеуі) тағайындалатындығы және жасалған әлеуметтік келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда шартты ақшалай көмектің тоқтауына негіз болатындығы түсіндірілген. Яғни, шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасындағы әлеуметтік келісім-шартқа отырған еңбекке жарамды мүшесі, ұсынылған қоғамдық жұмысқа міндетті түрде барып әлеуметтік келісім-шарт талаптарын орындауы тиіс.

Бұған қоса, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 22 бабының 4 тармағында «Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін» - делінген.

Осыған орай, жолдасыңыз Орталыққа жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан немесе мамандығына орай берілген сұраныстарға сәйкес жұмыс орындарына жіберілуі мүмкін. Қазіргі таңда, Сіздің бала күтімімен үйде отыруыңызға байланысты шартты атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға негіз жоқ екендігін түсіндіремін.

Заңның 4 бабының 1 тармағына сәйкес, шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылатындығын есіңізге саламын.

Сонымен қатар, ауданда 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек айлары аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды. «Мектепке жол» акцияны ұйымдастыру мен өткізу туралы білім бөлімінің 18.07.2017 жылдың №512 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді және барлық аудан мектептеріне таратылды.

Осыған орай, «Мектепке жол» акциясына байланысты аудандық білім бөлімі арқылы балаларға көмек көрсетілетін болады.

Өтінішіңізге сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 22.08.2018 00:00

Сұрақ №31: Бопажаева Сания Конысбеккызы | Берілген күні: 02.03.2018 00:41

Сәлеметсіз бе Сұлтан Ысқақұлы. Мен Бопажаева Сания Кармакшы ауданының тұрғынымын. Қызылорда қаласында Болашақ университетінде Жергіліктк мемлекеттік басқару мамандығын бітірдім. Қазір 5 жыл болды Астана қаласында жұмыс істеймін. Сізге сұрағым бар еді, егер ауылға барсам мені жұмысқа ала аласыз ба немесе әкімшілікте бос штаттар бар ма?! Уақыт бөлгеніңізге раxмет!

Жауабы:

Сіздің Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған сұрағыңызға:

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 13 бабының 1 тармағында «Жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі» делінген.

Аталған заң аясында, Сіз Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – орталық) жоғарыда көрсетілген құжаттарымен келіп, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтініш білдіре аласыз.

Алдағы уақытта, Сіз жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алынғаннан кейін қолданыстағы заңға сәйкес орталыққа мамандығыңыз бойынша жұмыс орындарынан сұраныстар түскен жағдайда, Сізді осы сұраныстарға сәйкес орталық өз кезектілігімен ұсынатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 05.03.2018 17:02

Сұрақ №30: Ұзынжасова Салтанат | Берілген күні: 23.01.2018 17:36

Саламатсыздарма. Мен осы Қармақшы аудан тұрғынымын. Сіздерден сұрайын дегенім былтыр, яғни 2017 жылы 1 топтағы мүгедек жандарға көмекші ретінде берілген 12000 т биыл да беріле ме? Инватаксиді тоқтамай жұмыс жасауына қамтамасыз етуіңізді сұраймын. Бұл инватакси мүгедек жандарды ауруханаға апарып келуге ауадай қажет. Сізден өтініп сұрарым күтушіге берілетін жəрдем ақыны, инватаксиді уақытылы берілуін қадағалауыңызды сұраймын. Көңіл бөлгеніңізге рахмет.

Жауабы:

Сіздің, Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімінің блогына жазған сұрағыңызға.

2018 жылға аудан бюджетін нақтылау барысында аудандағы жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне айына 60 сағаттан аспайтын қосымша қаражат қаралатын болады, яғни 2017 жылдағыдай 60 сағатпен төленеді.

Инватаксидің әлеуметтік қызметіне келетін болсақ, мүгедектерді тасымалдау бойынша (инватакси) әлеуметтік қызметтері (жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін қоса айтқанда) «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптары бойынша мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 50 пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан сатып алынады және осы инватаксидің әлеуметтік қызметі мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен жеңімпаз атанған қоғамдық бірлестікпен жүргізіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Арызға сәйкес берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 06.02.2018 10:28

Сұрақ №28: Диханбаева Гүлмира | Берілген күні: 04.01.2018 21:29

Мен Диханбаева Гүлмира Дүр Оңғар ауылының тұрғынымын, батыр анамын, 10 балам бар. Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылында төрт бөлмелі үйде тұрамын бір мүгедек балам бар, əлеуметтік жағдайым төмен, осыған байланысты аудан немесе ауыл көлемінде тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Жауабы:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі»-делінген.

Осыған сәйкес, Сіз тұрғын үй алатын жерде тұрақты тіркеуде болған жағдайда, Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті Қармақшы аудандық бөліміне барып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде өтініш жазып және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының (Бұдан әрі-Қаулы) қағидаларына сай құжаттарын тапсырған жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрушы азаматтардың тізіміне алынып, өз кезегіңіз келген уақытта аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілетіндігіңізді жеткіземін.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес, жоғарғы тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъект болмаған жағдайда сотқа шағым жасауыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 23.01.2018 17:24

Сұрақ №27: Абдуллаева Майра Асылбековна | Берілген күні: 30.03.2017 10:51

Cәлеметсізбе Сұлтан Ысқақұлы! Менің сізге хат жолдау себебім 2016 жылдың қыркүйегінде Жосалы кентіне келін болып түстім. Сол уақыттан бері аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркеуде тұрмын. Өзім жоғары білімді маманмын. Сырдария ауданында балабақшада 6жыл тәрбиеші болып қызмет атқардым және I санатты тәрбиешімін. Арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік грантпен оқыганмын. Қазіргі таңда үйде енем және күйеуім үшеуміз тұрамыз. Енем зейнеттегі кісі, "Алтын алқа" иегері. Соған қарамастан базарда нан сатады. Себебі алатын пенсиясы толығымен кредитке төлейді. Күйеуімде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөліміне тіркеле алмайды. Себебі "ИП" ашқан. Ол қазіргі уақытта нулевой жұмыс жасамайды. Енді менің сізден сұрарым біздей жас мамандарға аудан көлемінде жұмыс орны болмағаныма? Мекемелерді аралап та кордім аудан әкімінің орынбасары Б. Накиповқа да кірдім. Бірақ барлығы жылы шығарып салады. Ендігі үмітім өзіңізде.

Жауабы:

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, Сіз жұмыс іздеп жүрген адам ретінде яғни, жұмысқа орналасуыңызға жәрдемдесу мақсатында берген өтінішіңізге орай 26.09.2016 жылы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеуге алындыңыз.

Бірақ, қазіргі таңда бөлімнің аудандық жұмыспен қамту орталығына мектепге дейінгі тәрбие және бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс орындарынан сұраныстар түспеген.

Дегенмен де, алдағы уақытта қолданыстағы заңға сәйкес бөлімнің аудандық жұмыспен қамту орталығына мамандығыңыз бойынша жұмыс орындарынан сұраныстар түскен жағдайда, Сіз осы сұраныстарға сәйкес жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа өз кезектілігімен ұсынылып, жолданатын боласыз.

Сонымен қатар, аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған бағдарламаларға («Бизнестің жол картасы - 2020», «Даму - Өңірлер», «Микробизнес Қызылорда», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы») бизнес жобамен қатысуды ұсынамын.

Осыған орай, бизнес жоба дайындауда аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданындағы филиалынан (Жосалы кенті, Көшербаев көшесі № 36 үй, байланыс телефондары 872437 2-31-08, 2-26-19) сүйемелдеу жұмыстарын алуыңызға болатындығын жеткіземін.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 11.04.2017 11:54

Сұрақ №26: Шакупова Акмаржан Териковна | Берілген күні: 14.03.2017 15:18

Сәлеметсізбе! Сұлтан Ысқақулы Мақашов! Мені бір сұрақ толғандырып отыр. Жауабын Сізден ала аламыз деген үмітпен бірінші Сізге хат жолдауыма тура келіп отыр. Жосалы кенті Рүстембеков көшесі 46 үй тұрғыны ағам Тұнгышбаев Ерланның атына келген айыппұл жөнінде (есік алдындағы қоқыс) білгіміз келіп отырғаны. Сіздерде бірінші ЕСКЕРТУ деген болмайды ма? бірден бас сала аты жоқ -жөні жоқ сотқа шақырып және айыппұл салуды ғана біледі ме? Қандайда жағдай болсада бірінші тарапта ЕСКЕРТУ деген болатын, осынша уақыт ішінде Ескерту орындалмаса сол кезде сотқа жүгінуге болады, менің түсінбей отырғаным АІІБ-нің аға лейтенант Байшемиров Нуржан мырзаның ЕСКЕРТУСІЗ келіп ағам Тунгышбаев Ерлан ды үйден шығарып алып сотқа апарғандығы және сол мезетте айыппұл салдыруы! 16 000 тенге(он алты мың ) көлемінде есік алдындағы қоқысқа. Ағам Тунгышбаев Ерлан еш жерде жұмыс істемейді үйде анама қарап отырған ағам! Анам зейнеттегі кісі. Әлде АІІБ-нің аға лейтенанты ЕСКЕРТУ дегенді білмейді ма!

Жауабы:

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 – V ҚРЗ Кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434 бабында Ұсақ бұзақылық:1.Ұсақ бузушылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу , тұрғын үй-жайларды қорлау , ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін , қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады делінген. Осы орайда нақтылайтын жәйт жоғарыда аталған Кодексте ескерту бермей тиісті шара қолданылатындығы жазылған.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 25.03.2017 09:38
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі