18.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сұрақ №24: Абауов Алпамыс | Берілген күні: 18.11.2016 15:25

Саламатсыз Сұлтан Ысқақұлы! Сіздің Қармақшы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің арнайы интернет-ресурсын ашу мәселесі бойынша Мемлекеттік мекемеде интернет-ресурс ашу үшін, мемлекеттік органның интернет-ресурсы gov.kz немесе мем.қаз домендік аймақтарында болуы және де интернет-ресурта жарияланатын ақпараттардың арнайы сақталуы орны (сервер) болуы қажет. Онымен қоса, интернет-ресурсты жасақтау және интернет-ресурсың техникалық сүйемелденуі де (жыл бойына және жыл сайынғы) тиісінше қаражатты қажет етеді, алайда алдағы уақытта ескерілетін болады - деп көрсеткен екенсіз. Уақытылы берген сауатты жауаптарыңыз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Дегенмен, қазіргі таңда аудандық білім бөліміне интернет ресурс ашуға мүмкіндік болмаса, Сізден тағы да, ең болмаса Facebook сияқты көпшілікке қол жетімді әлеуметтік желіні пайдалануды ұсынып, Ұстаздар қауымы алдында мәселе көтерсеңіз. Бұл мәселені қайта-қайта көтеріп Сіздің алдыңызды қою себебім, қоғамда болып жатырған қаншама шешім таппай жатқан мәселелер ортақ ашық кеңістікте көпшілік алдында талқыланса, ауданның мәдени өмірі мен Білім саласына қатысты мәселелерді ортақ сауалдар қою арқылы оның да жауабын алу үшін қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінде жылдам хабар алмасу заман, уақыт талабы. Аудандық Білім бөлімі ресми түрде өз парақшасын ашса, қоғам тарапынан жоданатын сауалдарды тікелей жазуға мүмкіндік туар еді! Шыны керек, арнайы ресми хат жазу, оны пошта арқылы жөнелту барлығы уақыт пен белгілі деңгейде ресурсты да талап етеді. Осы сауалды біржақты шешім тауып, көпшілікпен байланыс орнатуға ықпал жасауыңызды өтінемін.

Жауабы:

Құрметті Алпамыс! Сіздің өткен 2016 жылғы 18 қарашадағы жолдаған сауалыңызда «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Facebook.com» әлеуметтік желісінде арнайы парақшасын ашу мәселесін көтерген болатынсыз.

Осыған сәйкес, Сіз ұсынып отырған мәселеге байланысты «Facebook.com» әлеуметтік желісінде «Қармақшы аудандық білім бөлімі» ММ-нің арнайы парақшасының ашылғандығын хабарлаймын.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 29.11.2016 12:35

Сұрақ №23: Абауов Алпамыс | Берілген күні: 02.11.2016 18:22

Саламатсыз құрметті Сұлтан Ысқақұлы! Қыркүйек айының 15-ші жұлдызында жазған өтініш хатым бойынша, Қармақшы ауданы білім бөлімі өз алдына дербес адресаттық сайт ашуға қаржылай мүмкіндігі бар мемлекеттік мекеме. Менің бұл сауалды қайтара қойып отырған себебім, Білім бөлімінің өз сайтын жарақтауға дербес тапсырма беріп, Білім бөлімінің өз сайтын әкімшіліктен бөлек жұмыс жасату және Сіздердің берген ақпараттарыңызды Билік; Қоғам интернет парақшасына топтастырып, бір-бірінен ажыратпай, аудандағы білім ошақтары, орта кәсіби және музыкалық білім беретін мектептер туралы. Оған баламызды оқыту үшін қандай талаптар қойылады деген қоғамдық көпшілікті қызықтырар ақпараттарды қамтыған мәліметтерді орналастырса деген игі тілекпен Сізге осы үшбу хатты жолдап отырмын. Мәселенің шешім табуы үшін міндетті түрде қаржыға қаратып, шешім шығаруды сиырқұйымшақты етіп қойылғандай, жауаптарыңыз екіұшты қалып отыр. Сондықтан, аудандық жастар бірлестігі арқылы бүгінде замануи технология (компьютерлік бағдарлама құру, сайт ашу және оған ақпарат орналастыру, арнайы домен сатып алу жұмыстарын) тілін білетін аудан жастарын тегін жұмыс күші, патриоттық іс-шараны қолдау мақсатында осы сайтты жұмыс жасатуға жұмылдырсаңыз екен?! Сіздердің тараптарыңыздан берілген қанағаттанатынымыз еш шүбәсіз! Тек, аталған Аудандық Білім бөлімінің өз алдына дербес сайт ашу, оны ақпараттармен толықтыру, оны іске асырудың жоспарда бар екендігі емес, аудан халқы үшін қажет ақпартты нақты қай күн демегенмен қай жылы, қай айда қолға алатындықтарыңызды атап көрсетсеңіздер екен?

Жауабы:

Құрметті Алпамыс! Сіздің өткен 2016 жылғы 15 қыркүйектегі жолдаған сауалыңызда да «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің арнайы интернет-ресурсын ашу мәселесі көтерілген болатын. Мемлекеттік мекемеде интернет-ресурс ашу үшін, мемлекеттік органның интернет-ресурсы gov.kz немесе мем.қаз домендік аймақтарында болуы және де интернет-ресурта жарияланатын ақпараттардың арнайы сақталуы орны (сервер) болуы қажет. Онымен қоса, интернет-ресурсты жасақтау және интернет-ресурсың техникалық сүйемелденуі де (жыл бойына және жыл сайынғы) тиісінше қаражатты қажет етеді.

Қазіргі таңда бұл жұмыстарды атқаруға аудандық білім бөліміне аудандық бюджеттен қаржы қаралмағандықтан білім бөліміне интернет ресурс ашуға мүмкіндік болмай отыр.

Осыған сәйкес, Сіз ұсынып отырған мәселе алдағы уақытта ескерілетін болады.

Аудан әкімінің интернет-ресурсында білім саласына тиісті заңдар, мектептер және мектептен тыс ұйымдар туралы толық мәліметтер салынған. Білім саласы туралы қажетті мәліметтерді қазіргі уақытта осы аудан әкімдігінің интернет-ресурсының 1) Интренет-ресурсытың Билік/ Қармақшы ауданының әкімдігі/ Аудандық бөлімдер парақшасында аудандық білім бөлімі туралы жалпы ақпарат, 2) Қоғам/ Білім парақшасында Қармақшы ауданы бойынша білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар, 3) Қоғам/ Білім / ҰБТ парақшасында 2014-2016 жылдарға аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы, 4) Қоғам/ Білім / Білім беру мекемелерінің желісі парақшасында аудандық білім бөліміне қарасты мектептер туралы ақпараттармен танысуға мүмкіндік бар.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 14.11.2016 09:46

Сұрақ №22: Абауов Алпамыс | Берілген күні: 27.09.2016 18:39

Cаламатсыз Сұлтан Ысқақұлы! Сіз басқарып отырған ауданның, туған жеріміздегі білім ошақтарының заманауи аяқ алысын көріп, танысып отыру үшін нақтылы бір ақпарат керек болып, Қармақшы аудандық білім бөлімінің сайтын іздесек, аудандық әкімдіктің бөлімдері тізімінде жоқ болып шықты. Сонда бұл тұтастай бір аудандық Білім бөлімі интернетпен тығыз байланысты Жаңа бағдарламаны қалай енгізбекші?

Жауабы:

Құрметті Алпамыс! Сіздің заманауи ақпараттық технологияның қарқынды көшіне ілесу жолындағы ұсынысыңызға ризашылығымды білдіремін.

Қазіргі таңға «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша ақпараттар ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылып келеді. Олар:

1. Интренет-ресурсытың Билік/ Қармақшы ауданының әкімдігі/ Аудандық бөлімдер парақшасында аудандық білім бөлімі туралы жалпы ақпарат;

2. Қоғам/ Білім парақшасында Қармақшы ауданы бойынша білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар;

3. Қоғам/ Білім / ҰБТ парақшасында 2014-2016 жылдарға аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы;

4. Қоғам/ Білім / Білім беру мекемелерінің желісі парақшасында аудандық білім бөліміне қарасты мектептер туралы ақпарат;

Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, алдағы уақытта тек білім саласы ғана емес жалпы аудан бойынша барлық салаларда арнайы интернет-ресурс ашу жоспарда бар. Десе де аталған жұмыс қаржының реттілігіне қарай шешімін табатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 07.10.2016 10:39

Сұрақ №21: Бекенов Азамат Алмасұлы | Берілген күні: 13.07.2016 12:04

Мен Қармақшы ауданы тұрғыны Бекенов Азамат Алмасұлы өз ұсынысымды білдіргім келеді. Себебі Қармақшы ауданы Көшербаев көшесінде орналасқан Халық банкі мекемесінің жұмысына менің және өзгеде жұртшылықтың көңілі толмайды. Ақша алу немесе аудару басқада банктік операция жасау өте қиындық тудырады. Қызметкерлері халықпен жұмыс істеу қызметі өте төмен дәрежеде. Банкомат апараттары өте аз, несие алу немесе төлеу үшін аудан орталығына бару қажет ал ол қарапайым халықтың қалтасына тиеді сондықтан елу үш мың халқы бар үлкен аудан орталығына бір ғана банк жеткіліксіз деп ойлаймын. Сондықтан басқада банктерді аудан орталығына шақыру немесе Халык банк бөлімшесінің жұмысын жақсарту банкомат апараттарын көбейту ретінде өз ұсынысымды білдіремін.

Жауабы:

«Халық Банкі» АҚ Байқоңыр қаласы бойынша филиалының Жосалы кентіндегі бөлімшесіне (әрі қарай – бөлімше) қарасты алты дана банкомат, мультикиоск, екі дана төлем 2 толем терминалы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, бөлімшеде заңды тұлғаларға екі кызметкер, жеке тұлғаларға төрт қызметкер және несие картасы бойынша үш қызметкер қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге, электронды кезек орнатылған. Жалпы бөлімше қызметкерлері штатқа сәйкес жұмыс жасайды.

Оған қоса, Жосалы кентінде орналасқан 13 сауда орындарында тиімді қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін постерминал орнатылган. Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламын

  • Жарияланған күні: 26.07.2016 11:47

Сұрақ №19: Набат Думан | Берілген күні: 09.06.2016 19:49

Cәлеметсізбе!Мен №107 орта мектептебінің түлегімен,ҰБТ-дан 81 балл жинадым,Тандау пәнім География.Жетістіктерім:Аудандық пәндік олимпиядадан Тарих пәні бойынша 2 орын,Облыстық олимпиядадан География пәні бойынша 3 орын және Халықаралық дәрежедегі "Человек и Природа" байқауынан 1 орын алдым. Сізден өтінерім облыс әкімінің грантына үміткер болғым келеді,Қандай мүмкіндік бар?Алдын ала рахмет  

Жауабы:

2013 жылдан бастап облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан, өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушыларға оқу ақысын өтеуге әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 2013-2014 және 2014-2015 оқу жылдарында аудан бойынша облыс әкімінің грантына ие болған 37 студентке әлеуметтік көмек тағайындалды.

Ағымдағы жылға да халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан, өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушыларға оқу ақысын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімінің грантына қосымша қаржы қаралды.

Осыған орай, Сізге облыс әкімінің гранты туралы қосымша ақпаратты аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен алуға болатындығын хабарлаймын. Мекен-жайы: «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі №1, тел: 2-17-74, 2-28-59.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болатынын түсіндіремін.

  • Жарияланған күні: 23.06.2016 17:12

Сұрақ №18: Канагатова Куландам | Берілген күні: 17.05.2016 16:03

Құрметті Әкім мырза! Менің өтініш-хатым Сізге жетпеген, себебі жауапты орындаушы маған 86-жастағы анасына ақыл кеңес беріпті, барлық Қаулымен және де сотқа беруіме болатынын түсіндіріпті, бұл не деген масқара мен тек өтініш сұрадым. Анаған бару керек, қолдаухат беру керек, сосын бір жылда қарауымыз мүмкін, реттік, кезектілік принциптері де сақталады делінген. Жақсы, бір жылда қарарсыңдар мен бұл өмірде жоқ болсам, онда шешімді қалай өзгертесіңдер. Үлгірмей қалуымызға байланысты деп шығаруы да мүмкін. Соғыс ардагері, Батыр -ана, еңбек ардагері ретінде аудандық ардагерлер ұйымына, ауылдық әкімге зерттеңдер деп бақылауға алуға болатын еді-ғой. Жауапты орындаушы мемлекеттік қызметкер өз міндетін толық орындамай отырған сияқты, себебі хатқа толық, мен қанағаттанатын негізді, қысқа жауап берілгені орынды деп санаймын. Президенттіміз қайта-қайта айтып жатқан жоқ па халықты сандалтпай толық жауап беріңдер деп.

Жауабы:

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10 – бабының 1 – тармағында өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс- деп көрсетілген.

Осыған орай, Сіздің ұсынысынызға 2016 жылы 11 мамырда №вп-87 санды хатпен заң аясында толық жауап беріліп түсіндірілген болатын.

Берілген жауап хатта «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес осы шешіммен келіспеген жағдайда ғана шағымдану құқыңыз түсіндірілген.

«Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағын алу үшін алдымен аудандық «Құрметті азаматы» атағын беру комиссиясына ұсыныс немесе қолдаухат тапсыруы қажет. Ұсынымға нақты сіңірген еңбектері, наградалары, мінездеме және 2-кі сурет (3х4, 6х9) қоса қамтылуы тиіс.

Осыған орай аудандық «Құрметті азаматы» атағын беру комиссиясына ұсынысыңыз келген жағдайда, кандидатураңыз комиссия назарында болып, алдағы уақытта комиссияда қаралатын болады.

Егер осы қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болатындығын хабарлаймыз.

  • Жарияланған күні: 30.05.2016 12:03

Сұрақ №17: Қанағатова Күландам | Берілген күні: 03.05.2016 17:35

Мен Қанағатова Күландам Тұрмағамбет ауылында тұрамын жасым 85 те. Ауылдың ең үлкен анасымын, ауылда соғыс ардагерлері қалмады. Соғыс ардагері Батыр ана, құрметті ұстаз 40-45 жыл осы ауылда мұғалім болдым. Оқушыларым ел басқарып, ауданда қызмет атқаруда. Оны мен мақтан тұтамын. 13 жасымда соғыс кезінде Сталин медалы «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталдым. 10 бала туып тәрбиеледім, 21 немерем, 14 шөберем бар Аллаға шүкір. Зейнерақыны, Соғыс ардагері ретінде көмекті беріп жатырсыздар, Сіздерге рахмет. Абыройларың аса берсін. Менің өтініш-тілегім бар Соғыс ардагері, Батыр ана Құрметті ұстаз ретінде маған туған жерім Қармақшының құрметті азаматы белгісін Жеңіс мейрамына бекітіп беруіңізді сұраймын. Ол құрметке лайықпын деп есептеймін , өлгесін немере-шөберелерім мақтансын, өнеге алсын, соларға естелік болсын деймін Анаңның осы өтінішін қарап шешіп беруіңізді сұраймын және де жақсы хабар күтемін. Тұрмағамбет ауылы Соғыс ардагері Қанағатова Күландам.

Жауабы:

Сіздің, 2016 жылы 3 мамырда жолдаған ұсынысыңызға сәйкес төмендегіні хабарлаймын. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабының 1– тармағының 12-2 тармақшасына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №63 шешімімен бекітілген Ережесіне сәйкес «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеуде, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі. «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағы аудан әкімінің өкіміне сәйкес аудандық мәслихат шешімімен бекітілген арнайы комиссиясының ұсынысы бойынша аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі және аудандық марапаттау комиссия отырысы жылына бір-рет қаралады. «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағын алу үшін алдымен аудандық «Құрметті азаматы» атағын беру комиссиясына ұсыныс немесе қолдаухат беру керек. Ұсынымға нақты сіңірген еңбектері, наградалары, мінездеме және 2-кі сурет (3х4, 6х9) қоса қамтылады. Комиссия ұсынылған азаматтарды жас ерекшелеріне, атқарған қызметтік және қоғамдық істеріне, қоғамдағы алатын орындарына сәйкес топтастырып, сала- сала бойынша іріктеледі. Сондай-ақ реттілік, кезектілік принциптері де сақталды. Осыған орай аудандық «Құрметті азаматы» атағын беру комиссиясына ұсынысыңыз келген жағдайда, кандидатураңыз комиссия назарында болып, алдағы уақытта комиссияда қаралатын болады. Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 17.05.2016 09:51

Сұрақ №16: Тиышбаев Қанат Ибрагимұлы | Берілген күні: 18.04.2016 09:31

Ассалаумағалейкум Сұлтан Ысқақұлы! Мен Жосалы кенті, Мәдірайым Ишан көшесі № 33 үйдің тұрғынымын. Көшіп келіп үй салғаныма да міне 10 жыл өтті. Сізге қояр сауалым, ауыз су мәселесі өз шешімін таппай тұр. Көшеміздің 29, 31, 33, 35, 37 ші үйлерге ауыз су тартылмаган. Бізге кент әкімшілігі 4 сезон басталады сосын тартып береміз деген. Ол 4 сезон болады дегендерінеде 6 жыл уақыт өтті. Осы мәселе өз шешімін қашан табады екен. Біз ауыз суға жарымай отыра беруіміз керекпе алде. Қотыр-қотыр болып жатқан көшелерге жарық шамын орнатқанша, бізге ауыз су тартқызып беруіңізді сұраймыз. Құрметпен, көше тұрғындарының атынан алғысымыз.

Жауабы:

Қармақшы аудандық құрылыс бөлімі арқылы «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта, Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына аталған объектінің құрылысына қаржы бөлдіру мақсатында бюджеттік өтінім жолданды. Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда, Жосалы кенті көшелерінің қалып қойған тұрғын үйлеріне ауыз су желісін жүргізу, су құбырын жеткізу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Жосалы кентінің ауыз су жүйелері мен қондырғылары ауданның коммуналдық меншігінен республикалық меншікке өткізілді. Кент тұрғындарына ауыз суды жеткізіп беру, судың ақысын жинау, ақауларды жөндеу, ауыз су құдықтарының бетін жабу, жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстармен «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының «Октябрь» топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі құзырында. Сондықтан «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі арқылы ауыз суды тұрғын үйге тартуға өтініш беріп, кіргізуге болатындығын хабарлаймын.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламын

  • Жарияланған күні: 30.04.2016 11:34

Сұрақ №15: Қалжанов Сәбит Балабекұлы | Берілген күні: 24.03.2016 10:44

Ассалаумағалейкум, әкім мырза. Кентіміздің көшелерінде өмірдің ағымына байланысты құрылып жатқан бейне бақылаулар, бағдаршамдарға қарап ризашылығымды білдіргім келеді. Дегенмен, осы кезде Абай Құнанбаев пен Қорқыт ата көшелерінің қиылысындағы бағдаршам Абай көшесінің бағытында "жасыл түс" көлік жүргізушісіне ескерту бермей бірден "сары түске" көшіп кетеді, және сол кезде кейбір жүргізушілер тоқтауға ұлгермей өтіп кетіп жатады. Әрине, сұрағымның тақырыбы өте маңызды емес болып көрінеді, бірақ тікелей көлік апатына жол беріп тұрған бағдаршамда осы кезге дейін ешкімнің шаруасы болмай тұр. Тағы бір осы сұраққа қосатыным, халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) алдына жаяу жүрушілірге арналған бағдаршамды тек жұмыс уақытында іске қосылып тұрса деймін (бұл өтінішке Жосалы көлік жүргізушілерінің бәрі қосылады деп ойлаймын), өйткені сағат 18:00, 19:00-дан кейін және таңертеңгі 08:30-ға дейін ол жерде жаяу жүрушілер мүлдем жоқтың қасы. Осы жағдайларға назарыңызды аударсаңыз деп өтінемін. Құрметпен, Қалжанов С. (8 705 257 42 73). 

Жауабы:

Қазіргі таңда аталған бағдаршамдар қалыпқа келтіріліп тиісті жұмыстар атқарып тұр. Бағдаршамдардың жұмыс атқаруы автоматты түрдегі орнатылған бағдарлама бойынша жүргізілуіне байланысты,халыққа қызмет көрсету орталығы алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жұмыс кестесін өзгертуге мүмкіншілік жоқ екенін хабарлаймын. Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламын.

  • Жарияланған күні: 03.04.2016 10:47

Сұрақ №14: Балгереева Гүлнәр Жеткербайқызы | Берілген күні: 16.03.2016 10:01

Сәлеметсіз ба! Мен өзім Астана қаласының тұрғынымын. Ата-анам Төретам кентінің тұрғындары, сол жерде туып өскен. Бірақ осы күнге дейін өз мүлігін жекешелендіре алмай отыр. Қандай көмек көрсете аласыз? Құлкашев көшесі 86 үй тұрғыны Байғабылов Жеткербай Қырғызбайұлы 2 топтағы мүгедек. Аяқ басса ақша төлеу керек деп отыр қызметшілер әкімшіліктегі. Сонда Мүлікті жекешелендіру заңы жоқ па?

Жауабы:

Төретам кенті әкімі аппаратының қызметкерлерімен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, зерттеу барысында Төретам кенті, Құлқашев көшесі №86 үй тұрғыны Ж.Байғабыловпен кездесіп тұрғын үйдің құжаттары бар екендігі және тұрғын үй жеке меншігінде екендігі анықталды. Сонымен қатар Ж.Байғабыловтың берілген мәлімдемесіне сәйкес аталған тұрғын үйдің техникалық құжаттарын жаңарту қажет екендігі анықталған. Осыған сәйкес аталған тұрғын үй мүлікті жекешелендіру арқылы рәсімделуіне жатпайтындығы және тұрғын үйдің техникалық құжаттарын қайта жаңарту «Байқоңыр қалалық жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығы» арқылы шешілетіндігін түсіндіремін.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламын.

  • Жарияланған күні: 27.03.2016 15:29
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі