12.07.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімінің блогы

Сұрақ №8: Улыкбеков Ардак | Берілген күні: 14.12.2015 16:06

Ассалаумагаликум аким мырза менин койар сурагым мынадай мен кармакшы ауданынан авто диогностика орталыгын ашам деген ойым бар,Бирак оган каржым жок озинизде билесиз бугин колик жондеуде тек отвертка мен плоскавусты устап арекет ету жеткіліксиз арнайы авто сканерлер кажет оган каржы кажет енди сурак мен озим жумыссызбын кепилге коиатын меншигим жок маган мемлекет тарапынан кандайда бир несие ала аламба?

Жауабы:

Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Қаржылай қолдау несие және қайтарымсыз грант түрінде беріледі. Грант беру бойынша - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін гранттар ұсыну және Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясының «Ақниет» әлеуметтік-әріптестік бағдарламасы шеңберінде бизнес жобаларға қайтарымсыз қаржы бөлу. Грантқа қол жеткізу конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Төмен пайызбен несиелендіру бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктерден алынған несиенің пайызын төмендету және ішінара кепілдендіру.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлері Сіздің бизнес жобаңызды қаржыландыру үшін құжаттар дайындау барысында сүйемелдеуге алатын болады.

Бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік жобаны қаржыландыру мәселесіне қатысты қосымша ақпаратты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен (8-724-37) 2-26-19, 2-31-08 байланыс телефондары немесе Жосалы кенті, Е.Көшербаев көшесі 36 үй мекен-жайы бойынша ала аласыз. Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес бағыныстылық тәртібімен жоғары лауазымды тұлғаға немесе басқа да құзырлы органдарга шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 26.12.2015 16:22

Сұрақ №7: Каракеева Бану | Берілген күні: 26.11.2015 09:28

Сәлеметсізбе? Менің сізге қояр сұрағым: мен Коркыт ата атындагы КМУ университет колледжін Жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру мамандыгын үздік қызыл дипломга бітіргем және Көлікті пайдалану және жолаушы мен жүк тасымалын ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары білім иесімін!Осы мамандық бойынша сәйкес келетін аудан көлемінде бос орны бар қандай мекемелер бар немесе енді ашылатын жұмыс орыдары барма? Болса орналасу үшін көмектесуіңізді сұраймын. Рахмет!

Жауабы:

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N453 Заңына сәйкес, Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi делінген және тестiлеуден өту кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн шектi мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.

Сондай-ақ, тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi делінген.

Осы орайда, егерде Сіз конкурсқа қатысып конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда жұмысқа кедергісіз орналасуға болатындығын жеткіземін.

Сонымен қатар, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңының 3-тарау, 15-бабының, 1-тармағында «жұмыс тапқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтініш жасай алады» - делінген.

Осыған орай, жұмысқа орналасу мақсатында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөліміне жұмыс іздеуші оетінде хабарласу қажет екенін назарыңызға жеткіземін.

Алдағы уақытта қолданыстағы заңға сәйкес Сізді жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған соң, ықтимал жұмыс берушілер тарапынан сұраныстар түскен жағдайда және бос жұмыс орындарының талаптарына сай келген жағдайда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы жұмыс ұсынылатын болады.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 08.12.2015 12:08

Сұрақ №6: Қалжанов Сәбит Балабекұлы | Берілген күні: 19.10.2015 17:19

Ассалаумағалейкум, әкім мырза. Мен 5 баланың әкесімін, бір балам Қорқыт ата университетінің ақылы түрдегі 2 курс студенті. Тегін оқуға ұпайы шамалы жетпей, енді жылына 400 000 тенгеге жақын ақша төлеп отырмын. Сабақ үлгерімі жақсы, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Былтыр деканатқа керекті құжаттарын дайындап грантқа ауыстырып беруіне өтініш жазғанымызда, демеуші табылмады деп сұрақ сол бойынша қалып қойған. Енді, Сізден сұрайтыным, аудан әкімшілігі осы айтылған жағдайға байланысты, студентке қандай көмек бере алады? Құрметпен, Қалжанов С.

Жауабы:

Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы №491 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің 2014 жылға арналған Іс-қимыл жоспарына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан студенттердің білім алу қызметін төлеу үшін берілген гранттар негізінде 2013 жылдан бастап аудан бойынша 37 студент облыс әкімінің грантын иеленген болатын. Биылғы жылдан бастап жаңадан гранттар тағайындалмағандығын білдіре отырып, Сіздің өтінішіңіз бойынша, яғни балаңызға облыс әкімінің грантын иемденуге мүмкіндік жоқ екендігін жеткіземіз. Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес бағыныстылық тәртібімен жоғары лауазымды тұлғаға немесе басқа да құзырлы органдарга шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 30.10.2015 10:48

Сұрақ №5: Әбдімәліков Жанатбек Жүсіпұлы | Берілген күні: 05.10.2015 15:17

Ассалаумағалейкум әкім мырза.Мен Болашақ университетін 2011-2015 жылдары биология мамандығы бойынша бітірдім.Аудан әкімінің көмекшісі штатына тұрғым келеді. Жолын көрсетсеңіз.

Жауабы:

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453 Заңына сәйкес, Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi делінген және тестiлеуден өту кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн шектi мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.

Сонымен қатар, тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi делінген.

Осы орайда, егерде Сіз конкурсқа қатысып конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда жұмысқа кедергісіз орналасуға болатындығын жеткіземін.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 18.10.2015 15:48

Сұрақ №4: Альмерденова Людмила Владимировна | Берілген күні: 24.09.2015 12:11

Саламатсыз ба Аким мырза. Мен Кармакшы ауданынан шагын зауыт ашып халыкты жумыспен камтамазыз етейн деген ойым бар еди. Осы тургыдан жалга жер телимин беруди калай карайсыз. Зауыт озимнин каражатыма салынады. Укимет тарапынан комек корсетсениз екен.

Жауабы:

Қармақшы ауданынан шағын жем шығару зауытын ашу үшін қажетті жер телім аудан орталығы Жосалы кентінің солтүстік бетінде орналасқан индустриялдық аймақтан берілетіндігін хабарлаймын.

Индустриялдық аймақтың инфрақұрылымы, яғни электрмен, сумен қамту және жол құрылысы жұмыстары 2016 жылдың ішінде аяқталу жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта, жем шығару зауытына қосымша несие қаржы алғыңыз келетін болса, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары «Даму-Өндіріс» бағдарламасы арқылы бизнес-жоспар әзірлеп, оны облыс орталығы Қызылорда қаласындағы ІІ деңгейлі банктерге өткізіп, төмен пайызбен несие алуға ықпал жасайтындығын хабарлаймын.

Берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағым жасауыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 05.10.2015 09:53

Сұрақ №3: Айдыналиев Талгат | Берілген күні: 16.09.2015 18:13

2015 жылы Жосалы кентінде қандай көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

Жауабы:

Жосалы кентінде 114 көше бар. Жыл сайын белгіленген кестеге сәйкес облыстық бюджет есебінен кент көшелеріне күрделі немесе орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. 2011-2014 жылдар аралығында 11 көшелер жөнделсе, 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы көшелерді жөндеу кезегінің кестесі көшелермен көлік құралдарының жүру жиілігіне байланысты жасалады. Қазіргі кезеңде, көшелерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыру уақытша тоқталып тұрғандығы, алдағы уақытта, яғни кезең-кезеңімен тиісті қаржы көлемі бөлінген жағдайда, көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

  • Жарияланған күні: 27.09.2015 11:29

Сұрақ №2: Жусупова Роза | Берілген күні: 09.07.2015 16:26

Сәлеметсізбе Нажмадин Шамуратов мырза. Мен Қармақшы ауданы Сегізов көшесі №6 үй тұрғынымын. Менің отбасымда орта білімді, жұмыссыз адамдар. Мен жұмыс жасағым келеді. Білімім жоғары. Информатика пәнінің мұғалімі мамандығын  Қорқыт ата университетінен алып шықтым. Алдағы уакақытта жұмыс жұмыс жасағым келеді. Жұмыссыздықта 2 жылдан бері кезекте тұрамын, бірақ маған жұмыс табылар емес. Сізден жұмысқа тұруға көмектесуіңізді сұраймын.

Жауабы:

Сіздің, жұмысқа орналасуға жәрдем сұрап білдірген өтінішіңізге сәйкес, төмендегіні хабарлаймын.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы №149 Заңының 3-тарау, 15-бабында «жұмыс тапқысы келетін адамдар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтініш жасай алады» делінген.

Жоғарыда аталған заңға сай бөлімге тиісті құжаттарды тапсырып, жұмыссыз ретінде тіркеле аласыз.


Алдағы уақытта қолданыстағы заңға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған соң Сізге жұмыс берушілер тарапынан сұратылған бос жұмыс орындарының талаптарына сай келген жағдайда мүмкіндігінше жұмыс қарастырылатын болады.


Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес бағыныстылық тәртібімен жоғары лауазымды тұлғаға немесе басқа да құзырлы органдарга шағымдануыңызға болады.

  • Жарияланған күні: 21.07.2015 16:33
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі