15.09.2019

Валюта бағамы:

Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 ж. арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданының іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданының іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

1.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарды жеткізудің бірыңғай операторын айқындау

Ауылшаруашылығы бөлімі (жинақтау), аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары бөлімдері, кент, ауылдық округі әкімдері

жыл сайын

2.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдары көлемдерін айқындау және бөлу

Ауылшаруашылығы бөлімі (жинақтау), тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары бөлімдері, кент, ауылдық округі әкімдері

жыл сайын

3.

Жастар ұйымдарын тарта және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Аудандық білім бөлімі (жинақтау), ішкі саясат бөлімі, үкіметтік емес ұйымдары (келісімі бойынша), кент, ауылдық округі әкімдері

жыл сайын

4

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс – қимылды, сондай –ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау) бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

5.

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалау және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

Аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 ақпаннан кешіктірмей

6.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру

Аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 ақпаннан кешіктірмей

7.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындаБАҚ арқылы материалдар (айдарлар, теледидар бағдарламалары, радиохабарламалар, бейне роликтер т.б.) жариялауды жалғастыру

Аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

8.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілеріне қолдау көрсетуді жалғастыру

Аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

9.

«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшіктерінің жұмыс жасауын жалғастыру

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

10.

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізуді жалғастыру

Аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), бөлім басшылары, кент, ауылдық округі әкімдері

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

11.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды өз деңгейінде жүргізбеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау

Аудан әкімінің аппараты (жинақтау), бөлім басшылары,кент, ауылдық округі әкімдері.

Ескертпе : кестеге сәйкес барлық жауапты орындаушылар өз тарапынан атқарған жұмыстары жөнінде толық ақпарат ұсынуы тиіс.

тұрақты

12

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық білім бөлімі, кент, ауылдық округ әкімдері

тұрақты түрде,

тоқсан сайын

13

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Аудандық білім бөлімі (жинақтау), кент, ауылдық округ әкімдері

2018-2020 жылдардағы

4-тоқсан

14

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

Аудан әкімінің аппараты, дербес бөлімдер, кент ауылдық округ әкімдері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  • Жарияланған күні: 21.09.2018 10:19
  • Жаңартылған күні: 21.09.2018 19:15
  • Көргендер саны: 508
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі