15.09.2019

Валюта бағамы:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

І. Кіріспе

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай – күйіне, сондай –ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап – қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді :

Заңды тұлға, «Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, электронды поштаның мекен – жайы : karm_jkh-1979@mail.ru, телефон нөмірі : 8-724-37 2-12-01.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі :

Басталды : 2018 жылдың наурыз айының 28 күні.

Аяқталды: 2018 жылдың сәуір айының 27 күні.

4. Бақыланатын кезең : 2017 жылдың наурыз айымен 2018 жылдың наурыз айы аралығындағы қызмет.

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 7–бабының 3–тармағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай – ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады – деп көрсетілген.

Осыған орай, Қармақшы ауданының әкімдігі арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының 20.03.2018 жылғы №10-5/151 санды Т.Қатарбаевқа қатысты Қармақшы аудандық сотының тергеу судьясымен қызметінен уақытша шектеу туралы санкцияланған қаулысын орындау туралы хаты келіп түскен.

Жоғарыда аталған органнан келген хатты саралағанда төмендегідей мән – жайлар анықталды.

Атап айтар болсақ :

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының 20.03.2018 жылғы №10-5/151 санды Т.Қатарбаевқа қатысты Қармақшы аудандық сотының тергеу судьясымен қызметінен уақытша шектеу туралы санкцияланған қаулысын орындау туралы хатында Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде Сералиев, Мәдениет үйінің жанындағы және осы Ақтөбе ауылына дейінгі ұзындығы 1000 метр құрайтын «Самара Шымкент» автожолының ағымды жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіп, бір көзден сатып алудың қортындысы негізінде жеңімпаз етіп «Қармақшы Жолдары» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Автожолды ағымдағы жөндеу кезінде ірі мөлшерде бюджетке зиян келген.

Қорытынды : Жоғарыда көрсетілгенмән – жайларға сәйкес.

«Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылды күшейту бағытында ұжым қызметкерлері және білім беру ұйымдары арасында профилактикалық шараларды жүргізуді қажет етеді.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болдырмау бағытында «Қармақшы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қажет деп санаймын.


Қармақшы ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Қалымбетов

  • Жарияланған күні: 19.09.2018 06:26
  • Жаңартылған күні: 21.09.2018 18:34
  • Көргендер саны: 504
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі