18.09.2019

Валюта бағамы:

Индустриялық аймақ

Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 15 га. Инженерлік инфрақұрылымдармен жабдықталған (су, электр энергиясы, автожол). Индустриялық аймақтан өндіріске жер телімдерін Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне инвестициялық жоба ұсыну арқылы аукционсыз немесе аукцион негізінде алуға болады.

№1 индустриялды аймақ Жосалы кентініңсолтүстік беткейінде орналасқан. Аумағы 15 га. Аймақтың солтүстік бетінде сыйымдылығы 100 мың тн болатын «Петро Қазақстан» АҚ мұнай терминалы орналасқан. Сондай ақ Индустриялды аймақтың жанынан«Қызылорда –Жосалы»2-категриялы автожолыжәне 1км қашықтықта темір жол мен «Батыс Қытай- Батыс Европа» автотрассасы өтеді. Қысқаша айтқанда индустриялды аймақ логистикасы ыңғайлы жерге орналасқан.

Индустриялық аймаққа қазіргі уақытта 4 жобаны іске асыруға жер телімдері табысталған.

«Мир-2001» ЖШС-не «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасын іске асыруға 2,5 га, Жеке кәсіпкер «Рахманберді» Төлепов Тұрсынға «Жиһаз жасау цехы» жобасын іске асыруға 0,5 га, «Аят темір» ЖШС не «Метал қорыту» жобасын іске асыруға 0,6 га; «Раннар» ЖШС-не «Ұн сақтау қоймасын салу» жобасын іске асыруға 0,5 га жер телімдері табысталды. Бүгінгі күні 2 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда :«Мир-2001» ЖШС «Бетон бұйымдарын шығару және құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу» бойынша өз жұмыстарын бастап, қазіргі кезде өз өнімдерін шығаруда.«Аят темір» ЖШС «Металл қорыту» цехының құрылысын аяқтап, қазіргі кезде технологиялық құрал жабдықтырды монтажлау үстінде.

Жеке кәсіпкер Т.Төлепов ағымдағы жылдың қыркүйек айында жиһаз цехының аумағының қоршауын аяқтап, келесі жылы іске кірісіп өнім өндірмекші. Ал «Раннар» ЖШС-нен өз жұмысын бастамағаны және бастауға әрекет жасамағаны үшін қазіргі кезде жер телімін қайтару үшін аудандық жер бөлімімен бірлесіп жұмыстар жасалынуда.«Раннардың» алған жерді игеру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айында бітеді.

Бұдан бөлек, Жосалы кентіндегі индустриялық аймаққа кәсіпорындар орналастыру бойынша 2018 жылы кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізілуде.

Индустриялық аймақты толтыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. Кәсіпкерлік субъектілерге жеке кездесулерде,жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде (фэйсбук), ұсыныстар жасалуда.

Инвесторларға және жоба бастамашыларына, өнеркәсіп саласындағы жобаларын іске асыруға,Индустриялық аймақтан жер телімдері ұсынылады. Аудан әкімдігі және аудандық кәсіпкерлер палатасы іске асырылатын жобаларды сүйемелдеуге әзір. Сүйемелдеуге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар шеңберінде қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау көрсету, құжаттар топтамаларын жинауға көмектесу сияқты шаралары кіреді.

  • Жарияланған күні: 12.03.2019 07:14
  • Жаңартылған күні: 12.03.2019 19:57
  • Көргендер саны: 280
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі