20.03.2019

Валюта бағамы:

Ауданның инвестициялық тартымдылығы

Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі №1 Индустриялық аймаққа өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар орналастыру.

Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 15 га. Инженерлік инфрақұрылымдармен жабдықталған (су, электр энергиясы, автожол). Индустриялық аймақтан өндіріске жер телімдерін Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне инвестициялық жоба ұсыну арқылы аукционсыз немесе аукцион негізінде алуға болады.

Қазіргі таңда, индустриялық аймақта екі кәсіпорын орналасқан (иеленіп отырған жер көлемі 3,1 га). Олар «Мир-2001» ЖШС-нің «Бетон бұйымдарын және құрылыс құмын өндіру» және «Аят-Темір» ЖШС-нің «Металл қалдықтарын қайта өңдеу» жобалары.

Инвесторларға және жоба бастамашыларына, өнеркәсіп саласындағы жобаларын іске асыруға, Индустриялық аймақтан жер телімдері ұсынылады. Аудан әкімдігі және аудандық кәсіпкерлер палатасы іске асырылатын жобаларды сүйемелдеуге әзір. Сүйемелдеуге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар шеңберінде қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау көрсету, құжаттар топтамаларын жинауға көмектесу сияқты шаралары кіреді.

Қармақшы ауданы Ақай ауылынан көкөніс сақтау қоймасын ашу.

Көкөніс қоймасын ашудың негізгі алғы шарттары болып Байқоңыр қаласы және Төретам, Ақай елді мекендерінің нарығы болып табылады. Бұл нарықтағы барлық көкөніс сырттан әкелінеді және жоғары бағада сатылады. Көкөніс қоймасын ашу бұл нарықта тиімді бизнес болады деп есептейміз. Қойма салуға ниет білдірген инвесторға Ақай ауылынанан жер телімін бөлу және қажетті инженерлік инфрақұрылымдарға қосылу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Қармақшы ауданы бойынша Төретам кенті және Жосалы кентінде сауда саласын дамытуда ірі супер маркеттер мен ірі көтерме сауда орындарын ашуға мүмкіндіктер бар. Себебі, аудан халқын қамтамасыз ететін ірі супер маркеттер мен ірі көтерме сауда орындары жұмыс жасамайды. Қармақшы ауданында4 сауда базары жұмыс жасаудабарлығыІІ санатты, олар «Бибінұр», «Мақсат», «Таңсықбай» базарлары. Базарлардың барлығы әмбебап, аралас болып есептеледі. Аудан көлемінде сауда орындары заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Орда», «Адина», «Мағжан», «Раушан», «Әділ-Ас», «Алтын Орда». Аудан көлемінде жалпы 583 сауда дүкендері бар.

Қармақшы ауданынан ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау және өңдеу пункттерін ашу.

Соңғы жылдары Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру барысында мал басы артып келеді. Осы ретте, ет және сүт өндіру бағытында кәсіп жүргізіп отырған шағын қожалықтардың өнімін қабылдау, сақтау және өңдеу орындарын ашу заман талабы екені даусыз.

Қармақшы ауданынынң әкімдігі бұл бағыттағы жобаларды қарауға, сүйемелдеуге және жан-жақты қолдау шараларын қарастыруға әзір.

Қармақшы ауданында ішкі туризімді дамыту шаралары.

Қармақшы ауданы тарихи есекрткіштер мен жәдігерлерге бай өлке. Атап айтқанда Қорқыт ата кешені, Жеті асар оазис алқабы, Шірік рабат қалашығы, Байқоңыр ғарыш айлағы және басқа да қазақ халқына еңбегі сіңген аяулы азаматтардың қармақшы топырағындағы кесенелерін қамтитын туристтік маршруттар жасақтау.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданының аумағында 3 аңшылық алқабы орналасқан. Олар: 1) Алдашбай ахун, Қуаңдария, Т.Көмекбаев ауылдық округтерінің аумағында орналасқан «Қарақ» аң аулау алқабы (60183 га), 2) Төребай би, Жаңажол, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар ауылдық округтері аумағында орналасқан «Жеті асар» аң аулау алқабы (378200 га), 3) Ақай, Төретам елді мекендерінің солтүстік беткейінде орналасқан «Өзек» аң аулау алқабы (45811 га). Аталған алқабтардан туристтік базалар ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар.

  • Жарияланған күні: 12.03.2019 07:07
  • Жаңартылған күні: 12.03.2019 20:00
  • Көргендер саны: 55
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі