16.12.2018

Валюта бағамы:

Бюджеттің орындалуы

Аудан бюджетінің 2018 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылуы туралы

1. Қармақшы аудандық бюджеттің 2018 жылдың 01 қазанына түсімдер болжамы 10495059,1 мың теңге орнына 10606564,6 мың теңгеге атқарылып, 101,1% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 582979,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 645287,0 мың теңгені, яғни 110,7% құрады, 62308,0 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 550261,0 мың теңге орнына 600622,1 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 109,2%-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 18145,0 мың теңге 28845,6 мың теңгеге, немесе 159,0% орындалып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 14573,0 мың теңге 15819,3 мың теңгеге, яғни 108,6% орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 9729980,1 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 қазанына аудан бюджетінің шығындар жоспары 10520197,7 мың теңге орнына 10455608,3 мың теңгеге атқарылып, 99,4% құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 64589,4 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 64589,4 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 50800,8 мың теңге (78,7%) аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, 2178,5 мың теңге (3,4%) аудандық білім бөлімінің, 9744,2 мың теңге (15,1%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің, (0,7%) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, 442,3 мың теңге (0,7%) мәслихат аппаратының, 305,1 мың теңге (0,5%) кент, ауыл әкімі аппараттары шығындары құрады.

2018 жылдың 01 қазанына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 2138193,0 мың теңге болса, игерілуі 2077942,9 мың теңге, 97,2 % құрап, 60250,1 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы.» бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыстар мерзімінде орындалмауынан 50741,2 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларын іске асыруға" бюджеттік бағдарламасынан (жаңа бизнес жобаларға арналған гранттар) келісім-шарт жобасының министрлікпен бекітілмеуіне байланысты 8998,6 мың теңге, халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуден үнемделген 248,8 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделуінен 134,5 мың теңге, аудандық білім бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бойынша бала саны толық болмауынан 82,0 мың теңге және қаржының үнемделуіне байланысты 45,0 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 1152816,1 мың теңге жоспары 1152487,4 мың теңге, 100,0% игеріліп, 328,7 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Көлік инфрақұрылымын күрделі және орташа жөндеуден» 306,0 мың теңге және қаржының үнемделуінен 22,7 мың теңге игерілмеді.

Жергілікті бюджеттен 7229188,6 мың теңге бөлінген қаржыдан 7225178,0 мың теңгесі, 99,9 % игеріліп, 4010,6 мың теңге игерілмеді, оның ішінде аудандық мәслихат аппаратынан жабдықтаушының счет-фактураны уақытылы ұсынбауынан 442,3 мың теңге, аудан әкімі аппаратынан әлеуетті өнім беруші құрал жабдықтарды жеткізбеуінен 500,0 мың теңге, аудандық білім бөлімінен жалпы білім беру бағдарламасынан үнемделген 273,2 мың теңге, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуден үнемделген 230,0 мың теңге және Байқоңыр қаласы білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасынан жабдықтаушының счет-фактураны уақытылы ұсынбауынан 1501,0 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінен қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың қатыспауынан 268,5 мың теңге, жұмыспен қамту орталықтарын қызметін қамтамасыз етуден үнемделген 174,0 мың теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бағдарламалардың ерекшіліктері бойынша қалдықтардан қалыптасқан 621,6 мың теңге қаржы игерілмеген.

2018 жылдың 01 қазанына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

- Аудандық мәслихат аппараты – 97,8%;

- Аудан әкімі аппараты – 99,6%;

- Кент, ауыләкім аппараттары -99,9 %;

- Қаржы бөлімі – 100,%;

- Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –99,9%;

- Білім бөлімі – 100,0%;

- Жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі – 98,6 %;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 100,0%;

- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 96,5%;

- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;

- Ішкі саясат бөлімі – 99,9%;

- Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 100,0%;

- Ауыл шаруашылығы бөлімі –100,0%;

- Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі – 99,9%;

- Ветеринария бөлімі – 100,0%;

- Жер қатынастары бөлімі – 99,8%;

- Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 100,0%;

2. Қармақшы ауданы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің (4-ші деңгейлі) 2018 жылдың 01 қазанына түсімдер болжамы 961019,8 мың теңге орнына 981054,3 мың теңгеге атқарылып, 102,1% құрады. Есепті кезеңге кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің өз кірістерінің жоспары 73734,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 93768,3 мың теңгені, яғни 127,2% құрады, 20034,5 мың теңге жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге салықтық түсімдері жоспары 67137,0 мың теңге орнына 87222,9 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 129,9%-ды құрады, салықтық емес түсімдері 6596,8 мың теңге болса, нақты атқарылуы 6545,4 мың теңгеге орындалып отыр. Аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 887286,0 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 қазанына кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспары 961019,8 мың теңге орнына 960607,9 мың теңгеге атқарылып, 100,0 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 411,9 мың теңгесі игерілмеді.

Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 100,3 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 70,2 мың теңге жабдықтаушының счет-фактураны уақытылы ұсынбауынан және 30,1мың теңгеүнемделген қаржы есебінен қалыптасқан.

Ақай ауылдық округі әкімінің аппаратынан 250,0 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 222,2 мың теңге қаржы дұрыс жоспарланбауынан және 27,8 мың теңге үнемделген қаржы.

Сонымен қатар кент, ауылдық округтер бюджеттерінің бағдарламалардың ерекшіліктері бойынша қалдықтардан қалыптасқан 61,6 мың теңге қаржы игерілмеген.

2018 жылдың 01 қазанына кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

- Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

- Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

- Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;

- Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;

- ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;

- Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

- Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;

- Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%.

3. Жалпы аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2018 жылдың 1 қазанына түсімдер болжамы 10568792,9 мың теңге орнына 10700332,9 мың теңгеге атқарылып, 101,2 % құрады.

Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2018 жылдың 1 қазанына жалпы шығындар жоспары 10593931,5 мың теңге 10528930,2 мың теңгеге (99,4%) атқарылып, 65001,3 мың теңге игерілмеді.


Аудан бюджетінің 2018 жылдың ІІ тоқсанына атқарылуы туралы

Қармақшы аудандық бюджеттің 2018 жылдың 01 шілдесінетүсімдер болжамы 6100374,4 мың теңге орнына 6179811,4 мың теңгеге атқарылып, 101,3% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 379790,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 428318,1 мың теңгені, яғни 112,8%құрады, 48558,1 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 353633,0 мың теңге орнына 392724,3 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 111,%-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 15175,0 мың теңге 23726,6 мың теңгеге, немесе 156,4% орындалып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 10952,0 мың теңге 11867,2 мың теңгеге, яғни 108,4%орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттержоспары5611354,4 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 шілдесінеаудан бюджетінің шығындар жоспары 6148679,0 мың теңге орнына 6147418,6 мың теңгеге атқарылып, 100, % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 1260,4 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 1260,4 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 619,3 мың теңге (49,1%) аудандық білім бөлімінің, 168,0 мың теңге (13,3%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің, 146,5 мың теңге (11,6%) кент, ауыл әкіміаппараттарышығындары құрады.

2018 жылдың 01 шілдесіне республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 447817,0 мың теңге болса, игерілуі 447757,0 мың теңге, 100,0 %құрап, 60,0 мың теңге игерілмеді.Оның ішінде аудандық білім бөлімінің«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бойынша 10,7 мың теңге бала саны толық болмауынан жәнеқаржының үнемделуіне байланысты 49,3 мың теңгеигерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 541531,4 мың теңге жоспары 541435,5 мың теңге, 100,0% игеріліп, 95,9 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің «туберкулез ауруының сүйемелдеу сатысында емделіп жүргеннауқастарға әлеуметтік көмек көрсетуден 86,4 мың теңге емделушілер саны азаюынан және қаржыныңүнемделуінен9,5мың теңгеигерілмеді.

Жергілікті бюджеттен 5159330,6 мың теңге бөлінген қаржыдан 5158226,1 мың теңгесі, 100,0 %игеріліп, 1104,5 мың теңге игерілмеді, оның ішінде 89,3 мың теңге жабдықтаушының шот-фактура кеш ұсынуынан және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бағдарламалардың ерекшіліктері бойынша қалдықтардан қалыптасқан 1015,2 мың теңге қаржы игерілмеген.

2018 жылдың 01 шілдесіне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

– Аудандық мәслихат аппараты – 99,9%;

Аудан әкімі аппараты – 100,0%;

Кент, ауыләкім аппараттары -99,9 %;

Қаржы бөлімі – 100,%;

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –99,4%;

Білім бөлімі – 100,0%;

Жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі – 100,0%;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 100,0%;

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 100,0%;

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;

Ішкі саясат бөлімі – 100,0%;

Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 99,9%;

Ауыл шаруашылығы бөлімі –100,0%;

Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі – 98,9%;

Ветеринария бөлімі – 100,0%;

Жер қатынастары бөлімі – 99,9%;

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;

Қармақшы ауданы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің (4-ші деңгейлі) 2018 жылдың 01 шілдесіне түсімдер болжамы 606302,8 мың теңге орнына 623767,3 мың теңгеге атқарылып, 102,9% құрады. Есепті кезеңге кенттер, ауылдық округтер бюджетерінің өз кірістерінің жоспары 37074,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 54538,3 мың теңгені, яғни 147,1% құрады, 17464,5 мың теңге жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге салықтық түсімдері жоспары 35877,0 мың теңге орнына 48283,7 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 134,6%-ды құрады, салықтық емес түсімдері 1196,8 мың теңге болса, нақты атқарылуы 6254,6 мың теңгегеорындалып отыр. Аудандық бюджеттен бөлінген трансферттержоспары569229,0 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 шілдесіне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспары 606302,8 мың теңге орнына 605996,4 мың теңгеге атқарылып, 99,9 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 306,4 мың теңгесі қаржының үнемделуінен игерілмеді.

2018 жылдың 01 шілдесіне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;

Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –99,8%;

Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;

Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%.

Жалпы аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2018 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 6137448,2 мың теңге орнына 6234349,7 мың теңгеге атқарылып, 101,6 % құрады.

Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2018 жылдың 1 шілдесінежалпы шығындар жоспары 6185752,8 мың теңге 6184186,0 мың теңгеге (100,0%) атқарылып, 1566,8 мың теңге игерілмеді.


Аудан бюджетінің 2018 жылдың І тоқсанына атқарылуы туралы

1. Қармақшы аудандық бюджеттің 2018 жылдың 01 сәуіріне түсімдер болжамы 2425988,3 мың теңге орнына 2524112,2 мың теңгеге атқарылып, 104,0% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 175555 мың теңге болса, нақты атқарылуы 235069,5 мың теңгені, яғни 133,9% құрады, 59514,5 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 160336,0 мың теңге орнына 214690,5 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 133,9%-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 11467,0 мың теңге 13781,3 мың теңгеге, немесе 120,2% орындалып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 3752,0 мың теңге 6597,7 мың теңгеге, яғни 175,8% орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 2224251 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 сәуіріне аудан бюджетінің шығындар жоспары 2425988,3 мың теңге орнына 2420575,5 мың теңгеге атқарылып, 99,8 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 5412,8 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 5412,8 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 3060,6 мың теңге (56,5%) аудандық білім бөлімінің, 2101,7 мың теңге (38,8%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің шығындары құрады.

2018 жылдың 01 сәуіріне республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 44753,0 мың теңге болса, игерілуі 44636,6 мың теңге, 99,7%құрап, 116,4 мың теңге игерілмеді.Оның ішінде аудандық білім бөлімінің «Оқу кезеңінде қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеуден» үнемделуіне байланысты 92,0 мың теңге, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бойынша үнемделуіне байланысты 21,1 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 50477,0 мың теңге жоспары 46738,7 мың теңге, 92,6% игеріліп, 3738,3 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық білім бөлімінің «аудан мектептеріндегіоқушылардыоқулықтар меноқу-әдістемеліккешендеріменқамтамасыз ету» методикалық құралдардың дайын болмауына байланысты 2898,2 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің "атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуіне байланысты Байқоңыр қаласында жұмыспен қамту орталығын құру» бойынша жұмыспен қамту орталығына өнім берушінің компьютер жабдықтарын жеткізбеуіне байланысты 815,9 мың теңге және «туберкулез ауруының сүйемелдеу сатысында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсету» бойынша емделуші санының азаюна байланысты 24,0 мың теңге игерілмеген.

Жергілікті бюджеттен 2330758,3 мың теңге бөлінген қаржыдан 2329200,2 мың теңгесі, 99,9 %игеріліп, 1558,1 мың теңге игерілмеді,оның ішінде:

Аудандық білім бөлімібойынша бағдарламалардың ерекшіліктері бойынша қалдықтардан қалыптасқан 49,3 мың теңге қаржы игерілмеген.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі бойынша 1258,3 мың теңге, оның ішінде бөлім шығындарынан мердігердің тауарды мерзімінде жеткізбеуінен 401,6 мың теңге, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасынан 99,2 мың теңге, Жұмыспен қамту орталықтары бойынша қоғамдық жұмыс орындарына 736,1 мың теңге, оның ішінде Қармақшы аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша қатысушылардың жалақы ведомості бойынша үнемделген 177,7 мың теңге және Байқоңыр қалалық жұмыспен қамту орталығыбойынша жұмысшылардың есепшоттарының жабық болып кері қайтарылуына байланысты 558,4 мың теңге игерілмеген.

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша үнемделуіне байланысты 24,9 мың теңге игерілмеген.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен үнемделуіне байланысты 21,3 мың теңге игерілмеген.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бағдарламасынан мемлекеттік сараптама қорытындысы шықпауынабайланысты 61,9 мың теңге игермеген.

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінен қызметкерлердің есеп құжаттарын (іс-сапар) ұсынбауына байланысты 41,6 мың теңге игермеген.

2018 жылдың 01 сәуіріне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

–Аудандық мәслихат аппараты – 99,9%;

–Аудан әкімі аппараты – 100,0%;

–Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;

–Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Қаржы бөлімі – 100,%;

–Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –99,7%;

–Білім бөлімі – 99,8%;

–Жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 98,8%;

–Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 99,6%;

–Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 99,6%;

–Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;

–Ішкі саясат бөлімі – 99,9%;

–Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 99,9%;

–Ауыл шаруашылығы бөлімі –100,0%;

–Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі – 100,0%;

–Ветеринария бөлімі – 99,9%;

–Жер қатынастары бөлімі – 99,9%;

–Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;

2. Қармақшы ауданы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің (4-ші деңгейлі) 2018 жылдың 01 сәуіріне түсімдер болжамы 289666,0 мың теңге орнына 303276,3 мың теңгеге атқарылып, 104,7% құрады. Есепті кезеңге кенттер, ауылдық округтер бюджетерінің өз кірістерінің жоспары 21783,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 35393,3 мың теңгені, яғни 162,5% құрады, 13610,3 мың теңге жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге салықтық түсімдері жоспары 21783,0 мың теңге орнына 29255,3 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 134,3%-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспарланбаған, дегенмен 6138,0 мың теңгеге орындалып отыр, себебі жыл басындағы ҚБШ бос қалдық есебінен 6115,1 мың теңге салықтық есем түсімдерге түсуіне байланысты, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған. Аудандық бюджеттен бөлінген трансферттержоспары267883,0 мың теңге толығымен, яғни 100,0% алынды.

2018 жылдың 01 сәуіріне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспары 289666,0 мың теңге орнына 288196,7 мың теңгеге атқарылып, 99,5 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 1469,3 мың теңгесі игерілмеді.

Атап айтқанда Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты 517,9 мың теңге, оның ішінде аппарат шығындарынан мемлекеттік сатып алу жоспары дұрыс жасақталмауына байланысты 72,3 мың теңге, «елді мекен санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасынан мемлекеттік сатып алу кеш жариялануына байланысты 246,0 мың теңге, «елді мекендерді абаттандыру» бағдарламасынан үнемделуіне байланысты 26,0 мың теңге, «мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту(№17«Алақай» балабақшасы) бағдарламасынан азық-түлік сатып алуға баға сұрату тәсілі бойынша үнемделуіне байланысты 173,6 мың теңге игерілмеген.

Төретам кенті әкімінің аппараты 920,1 мың теңге, оның ішінде аппарат шығындарынан жанар май сатып алу бойынша өнім берушінің тауарды жеткізбеуінен 629,7 мың теңге, интернет желісіне ашық конкурс жарияланып жеңімпаз анықталмауынан 157,0 мың теңге, өнім берушінің (кеңсе тауарлар) мерзімінде құжат ұсынбауынан 65,4 мың теңге және үнемделуіне байланысты 65,8 мың теңге игермеген.

2018 жылдың 01 сәуіріне кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

–Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

–Төретам кенті әкімінің аппараты – 97,0%;

–Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 98,8%;

–Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;

–Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%.

3. Жалпы аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2018 жылдың 1 сәуіріне жалпы жоспар 2447771,3 мың теңге 2440889,2 мың теңгеге (99,7%) атқарылып, 6882,1 мың теңге игерілмеді.


2017 жыл қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2017 жылдың 31 желтоқсанына түсімдер болжамы 10313640,4 мың теңге орнына 10345868,2 мың теңгеге атқарылып, 100,3% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 969998,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 988474,6 мың теңгені, яғни 101,9% құрап, 18476,9 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 873817,0 мың теңге орнына 903332,2 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 103,4 %-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 56663,7 мың теңге 53173,9 мың теңгеге, немесе 93,8 % құрап, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 39517 мың теңге 31968,5 мың теңгеге, яғни 80,9%-ға орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 9039742,0 мың теңге толығымен, яғни 100,0 % алынды.

2017 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджетінің шығындар жоспары 10313640,4 мың теңге орнына 10297167,6 мың теңгеге атқарылып, 99,8 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 16472,8 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 16472,8 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 11405,4 мың теңге (69,2%) аудандық білім бөлімінің, 2592,1 мың теңге (15,7%) аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, 1218,8 мың теңге (7,4%) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, 844,2 мың теңгесі (5,1%) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, 285,9 мың теңге (1,7%) кент, ауыл әкімдері аппараттарының шығындары құрады.

2017 жылдың 31 желтоқсанына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 403378,6 мың теңге болса, игерілуі 402171,7 мың теңге, 99,7% құрап, 1206,9 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық білім бөлімінің «Тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеуге» бюджеттік бағдарламасынан 0,3 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «ҚР-да мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан 0,8 мың теңге, аудандық құрылыс бөлімінің «Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» бюджеттік бағдарламасынан 0,5 мың теңге қаржының үнемделуінен және аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің «Ауылдық елді мекендердің саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден тұрғын үй төмен бағалауынан үнемделуіне байланысты 1205,3 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 664170,4 мың теңге жоспары 653767,7 мың теңге, 98,4 % игеріліп, 10402,7 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы" жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу" жұмыстарына қаралған қаржыдан мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген 2583,8 мың теңге , аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасынан 417,2 мың теңге құжат түспеуінен, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларын іске асыру" бюджеттік бағдарламасынан қатысушылардың оқудан шығып кетуіне байланысты үнемделген 382,9 мың теңге және аудандық білім бөлімінен «Жалпы білім беретін мектептерді физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан жабдықтауышының тауарды уақытылы жеткізбеуінен 7018,0 мың теңге қаржы игерілмеген.

Жергілікті бюджеттен 9246091,4 мың теңге бөлінген қаржыдан 9241228,2 мың теңгесі, 99,9 % игеріліп, 4863,2 мың теңге игерілмеді, оның ішінде негізінен білім бөлімінен «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасынан 3005,0 мың теңге өнім берушінің жозықсыз деп танылуынан, 509,8 мың теңге өнім берушінің тауарды уақытылы жеткізбеуінен және «Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан 746,6 мың теңге және «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасынан 99,4 мың теңге өнім берушінің тауарды толық жеткізбеуінен, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолауышылар көлігі бөлімінің «Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан 81,7 мың теңге «Самара-Шымкент» тас жолындағы көпірлерге бейнебақылау камерасын орнатылып, қабылдағаннан кейін төленетін 5 % қаржысы, «Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасынан 188,0 мың теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 232,7 мың теңге қаржы үнемделуіне байланысты игерілмеген.

2017 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0%;

–Аудан әкімі аппараты – 100,0%;

–Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

–Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;

–Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;

–Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;

–Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;

–Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;

–Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;

–Қаржы бөлімі – 100,%;

–Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –100,0%;

–Білім бөлімі – 99,8%;

–Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 99,9%;

–Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 100,0%;

–Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 99,5%;

–Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;

–Ішкі саясат бөлімі – 99,9%;

–Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 100,0%;

–Ауыл шаруашылығы бөлімі –99,6%;

–Ветеринария бөлімі – 100,0%;

–Жер қатынастары бөлімі – 100,0%;

–Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 100,0%;


Аудан бюджетінің 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2017 жылдың 01 қазанына түсімдер болжамы 7890022,6 мың теңге орнына 8035784,5 мың теңгеге атқарылып, 101,8% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 679277,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 712625,5 мың теңгені, яғни 104,9% құрап, 33348,5 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 638061,0 мың теңге орнына 663377,7 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 104,0 %-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 22061,0 мың теңге 24656,9 мың теңгеге, немесе 111,8 % құрап, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 19155,0 мың теңге 24590,9 мың теңгеге, яғни 128,4%-ға орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 7022246,4 мың теңге толығымен, яғни 100,0 % алынды.

2017 жылдың 01 қазанға аудан бюджетінің шығындар жоспары 7890022,6 мың теңге орнына 7879022,7 мың теңгеге атқарылып, 99,9 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 10999,9 мың теңгесі игерілмеді.
Игерілмеген 10999,9 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 5082,3 мың теңге (46,2%) аудандық білім бөлімінің, 2833,3 мың теңгесі (25,8%) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, 1209,5 мың теңге (11,0%) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, 810,6 мың теңге (7,4%) кент, ауыл әкімдері аппараттарының, 662,5 мың теңге (6,0%) аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің шығындары құрады.

2017 жылдың 1 қазанына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 376773,0 мың теңге болса, игерілуі 375829,2 мың теңге, 99,7% құрап, 943,8 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу бойынша 279,9 мың теңге, «ҚР-да мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан 65,2 мың теңге қаржының үнемделуінен және және аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің «Ауылдық елді мекендердің саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден тұрғын үй төмен бағалауынан үнемделуіне байланысты 598,2 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 416400,4 мың теңге жоспары 409172,6 мың теңге, 98,3 % игеріліп, 7227,8 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық білім бөлімінен "Робототехника" кабинеттерімен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан жабдықтауышының тауарды уақытылы жеткізбеуінен 4163,6 мың теңге , аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша оқуға қатысушы азаматтардың оқудан шығып кетуіне байланысты 1901,9 мың теңге, аудандық құрылыс бөлімінен «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 791,6 мың теңге және «"Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округінде ет өндіру бойынша құс фабрикасы құрылысы" жобасын инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу» бюджеттік бағдарламасынан 277,2 мың теңге мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделуіне байланысты игерілмеген.

Жергілікті бюджеттен 7096849,2 мың теңге бөлінген қаржыдан 7094020,9 мың теңгесі, 99,9 % игеріліп, 2828,3 мың теңге игерілмеді, оның ішінде негізінен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасынан жобалық-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптама қорытындысы шықпауына байланысты 652,5 мың теңге, аудандық білім бөлімінен жабдықтауышының тауарды уақытылы жеткізбеуінен 736,2 мың теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 1439,6 мың теңге қаржы үнемделуіне байланысты игерілмеген.

2017 жылдың 01 қазанына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
– Аудандық мәслихат аппараты – 100,0%;
– Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
– Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
– Төретам кенті әкімінің аппараты – 99,8%;
– Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –99,9%;
– Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қаржы бөлімі – 100,%;
– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –100,0%;
– Білім бөлімі – 99,9%;
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 99,5%;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 99,9%;
– Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 99,9%;
– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;
– Ішкі саясат бөлімі – 100,0%;
– Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 99,9%;
– Ауыл шаруашылығы бөлімі –99,5%;
– Ветеринария бөлімі – 100,0%;
– Жер қатынастары бөлімі – 99,8%;
– Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 100,0%;


Аудан бюджетінің 2017 жылдың ІІ тоқсанына атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2017 жылдың 01 шілдеге түсімдер болжамы 5791618,1 мың теңге орнына 5877867,0 мың теңгеге атқарылып, 101,5% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 417806,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 473537,2 мың теңгені, яғни 113,3% құрап, 55731,2 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 396972,0 мың теңге орнына 441673,2 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 111,3 %-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 8126,0 мың теңге 13919,1 мың теңгеге, немесе 171,3 % құрап, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 12708,0 мың теңге 17944,9 мың теңгеге, яғни 141,2 %-ға орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 5178134,4 мың теңге толығымен, яғни 100,0 % алынды.

2017 жылдың 01 шілдесіне аудан бюджетінің шығындар жоспары 5791618,1 мың теңге орнына 5782966,0 мың теңгеге атқарылып, 99,9 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 8652,1 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 8652,1 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 6135,8 мың теңге (70,9%) аудандық білім бөлімінің, 1207,5 мың теңге (14,0%) ауыл шаруашылығы бөлімінің, 408,3 мың теңге (4,7%) аудан әкімі аппаратының шығындары, 382,7 мың теңге (4,4%) кент, ауыл әкімдері аппараттарының, 242,5 мың теңге (2,8%) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шығындары құрады.

2017 жылдың 1 шілдесіне республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 218392,0 мың теңге болса, игерілуі 217186,0 мың теңге, 99,4% құрап, 1206,0 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің «Ауылдық елді мекендердің саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден тұрғын үй төмен бағалауынан үнемделуіне байланысты 1204,8 мың теңге және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу бойынша 1,0 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 302382,4 мың теңге жоспары 302303,3 мың теңге, 100,0% игеріліп, 79,1 мың теңге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша өтініш берушілерден құжат түспеуіне байланысты игерілмеген.

Жергілікті бюджеттен 5270843,7 мың теңге бөлінген қаржыдан 5263476,7 мың теңгесі, 99,9 % игеріліп, 7367,0 мың теңге игерілмеді, оның ішінде негізінен «Жалпы білім беру» бағдарламасынан аудандық білім бөлімініне қарасты «Жалпы орта білім беретін кешкі мектебі» ММ-нің «Қазынашылық-Клиент» бағдарламасында қызметкерлердің еңбекақы алатын 20-сандық есеп-шотының базада кеш тіркелуіне байланысты 6061,6 мың теңге және «Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасынан 47,2 мың теңге үнемделуінен, аудан әкімі аппараты мердігердің тауарды мерзімінде жеткізбеуінен 407,5 мың теңге, кент, ауыл әкімі аппараттарынан 382,7 мың теңге және аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінен өнім берушінің шот-фактураны кеш ұсынуына байланысты 109,3 мың теңге игерілмеді.

2017 жылдың 01 шілдесіне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
– Аудандық мәслихат аппараты – 99,9%;
– Аудан әкімі аппараты – 99,5 %;
– Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
– Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
– Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,6%;
– Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
– Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қаржы бөлімі – 100,0%;
– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі –100,0%;
– Білім бөлімі – 99,8%;
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 99,9%;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 100,0%;
– Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 100,0%;
– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;
– Ішкі саясат бөлімі – 100,0%;
– Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 99,9%;
– Ауыл шаруашылығы бөлімі –99,4%;
– Ветеринария бөлімі – 100,0%;
– Жер қатынастары бөлімі – 99,9%;
– Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;


Аудан бюджетінің 2017 жылдың І тоқсанына атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2017 жылдың 01 сәуіріне түсімдер болжамы 2261307,9 мың теңге орнына 2362093,3 мың теңгеге атқарылып, 104,5% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 194210,2 мың теңге болса, нақты атқарылуы 224304,8 мың теңгені, яғни 115,5% құрап, 30094,6 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 189229,0 мың теңге орнына 212245,9 мың теңгеге атқарылып, көрсеткіш 112,2 %-ды құрады, салықтық емес түсімдері жоспары 2562,0 мың теңге 8142,2 мың теңгеге, немесе 317,8 % құрап, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 2419,2 мың теңге 3916,7 мың теңгеге, яғни 161,9 %-ға орындалды. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 2 060 477,2 мың теңге толығымен, яғни 100,0 % алынды.

2017 жылдың 01 сәуіріне аудан бюджетінің шығындар жоспары 2261307,9 мың теңге орнына 2248975,4 мың теңгеге атқарылып, 99,5 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 12332,5 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 12332,5 мың теңге бюджет шығындары негізінен келесі бағдарлама әкімшілерінен, атап айтқанда 9189,3 мың теңге (74,5%) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, 1802,6 мың теңгесі (14,6%) аудандық білім бөлімінің, 1222,0 мың теңгесі (9,9%) ауыл, кент әкімдері аппараттарының, шығындары құрады.

2017 жылдың 1 сәуіріне республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 39830,0 мың теңге болса, игерілуі 28952,0 мың теңге, 72,7% құрап, 10878,0 мың теңге игерілмеді. Оның ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша «ҚР-да мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан 7375,2 мың теңге мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы, «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша 1751,8 мың теңге әлеуметтік жұмыс орындарына сұраныс болмауына сәйкес аз қамтылғандықтан және қатысушылардың мәліметтеріне сәйкес үнемделуіне байланысты және аудандық білім бөлімі «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша мұғалімдердің оқу курстарының уақытылы ұйымдастырылмауына байланысты 1751,0 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің 6729,2 мың теңге жоспары 6684,4 мың теңге, 99,3% игеріліп, 44,8 мың теңге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша өтініш берушілерден құжат түспеуіне байланысты игерілмеген.

Жергілікті бюджеттен 2214748,7 мың теңге бөлінген қаржыдан 2213339,0 мың теңгесі, 99,9 % игеріліп, 1409,7 мың теңге игерілмеді, оның ішінде аудан бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз кеш анықталуынан 828,8 мың теңге және 580,9 мың теңге қаржының үнемделуінен.

2017 жылдың 01 сәуіріне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
– Аудандық мәслихат аппараты – 100,0%;
– Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
– Жосалы кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
– Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
– Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;
– Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;
– Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,9%;
– Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты – 98,5%;
– ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –99,8%;
– Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 97,8%;
– Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 99,8%;
– Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
– Қаржы бөлімі – 100,0%;
– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі – 99,9%;
– Білім бөлімі – 99,9%;
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 94,3%;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 100,0%;
– Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі – 100,0%;
– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;
– Ішкі саясат бөлімі – 99,9%;
– Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 99,9%;
– Ауыл шаруашылығы бөлімі –100,0%;
– Ветеринария бөлімі – 99,9%;
– Жер қатынастары бөлімі – 99,9%;
– Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;


2016 жыл қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2017 жылдың 1 қаңтарына түсімдер болжамы 10103212,6 мың теңге орнына 10148 532,6 мың теңгеге атқарылып, 100,4% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 1131598,4 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1161744,1 мың теңгені құрап, 102,7%-ға атқарылуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 1058501,6 мың теңге орнына 1073379,0 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер жоспары 45393,0 мың теңге 48160,1 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 27703,8 мың теңге 40205,0 мың теңгеге атқарылды. Облыстық бюджеттен алынатын трансферттер 8826 567,2 мың теңге 100,0% көлемінде алынды.

2017 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шығындар жоспары 10235809,7 мың теңге орнына 10228156,0 мың теңгеге атқарылып, 99,9 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 7653,7 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 7653,7 мың теңге бюджет шығындарының 5015,9 мың теңгесі (65,5%) аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, 1086,5 мың теңгесі (14,2%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, 610,4 мың теңгесі (7,8%) ауыл, кент әкімдері аппараттарының, 608,9 мың теңгесі (7,9%) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, 204,2 мың теңгесі (2,7%) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің шығындары құрады.

2017 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 4506416,4 мың теңге болса, игерілуі 4504491,5 мың теңгені құрап, 100,0% болды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 1924,9 мың теңге игерілмеді, оның ішінде:

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасынан 668,6 мың теңге құжат түспеуіне байланысты және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасына бөлінген қаржыдан 405,9 мың теңге үнемделуіне байланысты игермеген;

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен «Ауылдық елді мекендердің саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден тұрғын үй төмен бағалауынан үнемделуіне байланысты 607,1 мың теңге игермеген;

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан 187,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысымен үнемделуіне байланысты игермеген;

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының деңгейін арттыру үшін бөлінген қаржыдан 24,6 мың теңге және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақыға бөлінген қаражаттан 13,8 мың теңге үнемделуіне байланысты игермеген;

Есепті кезеңге облыстық бюджеттен бөлінген 411139,8 мың теңге трансферттің 405758,1 мың теңгесі игеріліп, көрсеткіш 98,7% құрады. Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 5381,7 мың теңге, оның ішінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің "Коммуналдық шаруашылығын дамыту" бағдарламасына (Қараөзек арнасының Қожантай учаскесіне габионнан жасалған су тоспасына) бөлінген қаржыдан 5000,0 мың теңге мемлекетттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмауына байланысты және Жосалы кенті әкімінің аппараты бойынша «Елді мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасынан (Көшербаев көшесін жөндеу) 371,4 мың теңге техникалық және авторлық қадағалау қызметі бойынша жасалған келісім-шарттары қазынашылық басқармасында (2016 жылдың 20 желтоқсаннан кейін ұсынған) тіркелмеуіне байланысты игерілмеді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 347,1 мың теңге игерілмеді, оның ішінде:

«Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасынан 187,0 мың теңге бұл жұмыстардың ұйымдастырылмауына байланысты және аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік бағдарламаларынан қалған қалдық есебінен үнемделуіне байланысты 160,1 мың теңге игерілмеді.

2017 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

– Аудандық мәслихат аппараты – 100,0%;

– Аудан әкімі аппараты – 100,0%;

– Ауыл, кент әкімдері аппараттары – 100,0%;

– Қаржы бөлімі – 100,0%;

– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі – 100,0%;

– Білім бөлімі – 100,0%;

– Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 99,8%;

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 99,8%;

– Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 99,4%;

– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;

– Ішкі саясат бөлімі – 100,0%;

– Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 100,0%;

– Ауыл шаруашылығы бөлімі – 99,6%;

– Ветеринария бөлімі – 100,0%;

– Жер қатынастары бөлімі – 100,0%;

– Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;


2015 жыл қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Қармақшы ауданы бюджетінің 2016 жылдың 1 қаңтарына түсімдер болжамы 8 323 324,9 мың теңге орнына 8 417 674,7 мың теңгеге атқарылып, 101,1% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 935 034,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1 025 443,1 мың теңгені құрап, 109,7%-ға атқарылуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 920826,0 мың теңге орнына 995250,1 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер жоспары 7714,0 мың теңге 14309,4 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 6494,0 мың теңге 15883,6 мың теңгеге атқарылды. Облыстық бюджеттен алынатын трансферттер 7 219 777,9 мың теңге 100,0% көлемінде алынды.

2016 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шығындар жоспары 8 490 519,5 мың теңге орнына 8 448 331,4 мың теңгеге атқарылып, 99,5 % құрады, жоспарланған бюджет шығындарының 42188,1 мың теңгесі игерілмеді.

Игерілмеген 42188,1 мың теңге бюджет шығындарының 4261,1 мың теңгесі (10,1%) ауыл, кент әкімдері аппараттарының, 20748,9 мың теңгесі (49,2%) аудандық білім бөлімінің, 4614,6 мың теңгесі (10,9%) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің, 2903,3 мың теңгесі (6,9%) аудандық құрылыс бөлімінің, 5593,1 мың теңгесі (13,2%) аудандық ветеринария бөлімінің, 1501,6 мың теңгесі (3,5%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу ветеринария бөлімінің шығындары құраса, 2425,0 мың теңгесі жергілікті атқарушы органының резерві болды.

2016 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 2 602 252,8 мың теңге болса, игерілуі 2580169,0 мың теңгені құрап, 99,2% болды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 22083,8 мың теңге игерілмеді, оның ішінде:
Аудандық білім бөлімі бойынша «Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан 20432,0 мың теңге үнемделуіне байланысты игерілмеген;
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасынан 1455,6 мың теңге әлеуетті өнім беруішінің тауарды жеткізіп беруден бас тартуына байланысты игерілмеген;
Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақыға бөлінген қаражаттан 159,8 мың теңге үнемделуіне байланысты игерілмеген;
Ауылдық елді мекендердің саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден 36,4 мың теңге үнемделуіне байланысты игерілмеген.

Есепті кезеңге облыстық бюджеттен бөлінген 679 653,1 мың теңге трансферттің 676 476,7 мың теңгесі игеріліп, 99,5% құрады. Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 3176,4 мың теңге, оның ішінде төмендегі бюджеттік бағдарламалар бойынша:
Аудандық құрылыс бөлімі «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су беру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасынан 2868,0 мың теңге үнемделуіне байланысты игермілмеген;
Аудандық білім бөлімі қосымша енгізілген штат бірліктеріне берілген трансферттен 301,0 мың теңге бос лауазымдардың болуына байланысты игерілмеген.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16927,9 мың теңге игерілмеді, оның ішінде:
Жосалы кенті әкімінің аппараты «Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасынан мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделуінен 3625,3 мың теңге;
Аудандық ветеринария бөлімі «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасынан 1905,1 мың теңге, «Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бюджеттік бағдарламасынан 3684,8 мың теңге, барлығы 5589,9 мың теңгені ауру малдардың тіркелмеуіне байланысты игермеген;
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделуіне байланысты 4542,5 мың теңге;
Аудандық қаржы бөлімінде «Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві» бюджеттік бағдарламасынан 2425,0 мың теңге:
Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік бағдарламаларынан қалған қалдық есебінен және үнемделуінен 745,2 мың теңге игерілмеді.

2016 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
– Аудандық мәслихат аппараты – 99,9%;
– Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
– Ауыл, кент әкімдері аппараттары – 99,7%;
– Қаржы бөлімі – 98,1%;
– Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі – 100,0%;
– Білім бөлімі – 99,5%;
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 99,7%;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 95,7%;
– Құрылыс бөлімі – 99,7%;
– Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 100,0%;
– Ішкі саясат бөлімі – 100,0%;
– Дене шынықтыру және спорт бөлімі – 100,0%;
– Ауыл шаруашылығы бөлімі – 100,0%;
– Ветеринария бөлімі – 93,4%;
– Жер қатынастары бөлімі – 100,0%;
– Сәулет және қала құрылысы бөлімі – 99,9%;
– Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі – 99,9%;

Аудан бюджетінің жыл басынан бері атқарылуы қатаң бақылауға алынып, аудандық қаржы бөлімі тарапынан бюджеттік атқарылуына жан-жақты мониторинг жүргізіліп, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджетті сапалы және толық атқару бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді. Сонда да болса жыл қорытындысымен аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасында төмен қаржы игеру көрсеткішін көрсеткендер «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 95,7%, «Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 93,4%.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 08.10.2018 16:03
  • Көргендер саны: 1072
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі