24.06.2019

Валюта бағамы:

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

2019 жылдың 1 сәуіріне аудан бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3163 бірлік.Оның ішінде жұмыс жасап тұрғандарының саны 2668 бірлік, бұл тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 84,3 пайызын құрайды. Жылдық айналымы 2,0 млн теңгеден асатын кәсіпкерлік субъектілер саны 569 бірлік, бұл жұмыс жасап тұрғандардың 22,0 пайызын құрайды.

Сауда саласы бойынша. Ауданында 3 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Аталған базарлардың 2-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.

Аудан көлемінде 602 сауда обьектісі болса, оның ішінде заманауи талаптарға сай қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас», «Алтын Орда» «Алмаз», «Сулпак», «Бақыт- нұр» (тұрмыстық- техника жабдықтарын сататын) сауда үйлері жұмыс жасауда.

Сонымен қатар,ағымдағы жылы Төретам кентінен ЖК Ж.Алшоразованың өз қаражаты есебінен құны 127,0 млн тг болатын «Ерке» мейрамханасын іске қосуын жоспарлап отыр.

Аудан бойынша көмір сатумен айналысатын 5 кәсіпкер бар. Олар:ЖК «Ж.Жаппасбаев», ЖК А.Қалиев, ЖК «Б.Өмірзақов», «Арғымақ» ЖШС-нің директоры Қ.Есдәулетов, «ЖШС «Қармақшы» ТК-нің директоры Ү.Бекмурзаева аудан тұрғындарына қалыпты бағада көмір жеткізуде. Көмір бағасы нарықта қалыптасқан бағамен сатылуда.

Ауданда жанар-жағар маймен қамтамасыз етіп отырған 9 жабдықтаушы (Жосалы кентінде 5, Төретам кентінде 3 және Ақайауылында 1) бекеттеріндегі бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің бағасы тұрақты сатылуда.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданында 2018 жылдың 12 айының қорытындысымен тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3252 бірлік (Оның ішінде заңды тұлғалар – 266, дара кәсіпкерлер – 2339, шаруа қожалықтары - 647). Оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2566 бірлік (Оның ішінде заңды тұлғалар – 185, дара кәсіпкерлер – 1774, шаруа қожалықтары - 607), бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 78,9 пайызы.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

2018 жылдың 8 айының қорытындысымен Қармақшы ауданында тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 3 381 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2 468 бірлік – бұл 72,9 пайызын құрап отыр. Жылдық айналымы 2,0 млн теңгеден асқан кәсіпкерлік субъектілердің саны 437 бірлікті құрап отыр (жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің 17,7 пайызы).


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 532 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді. Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкерлік субъекті (ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев») оператор болып белгіленіп, меморандумға сәйкес ұн тасымалдаушы операторлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ы жанындағы облыс бойынша оператор «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нен ұн алуда. Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 7 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде. Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан. Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» , «Алтын Орда» сауда үйлері жұмыс жасауда.

ШОК қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2018 жылдың 5 айы

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

3341

ШОК тіркелген субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілерінің үлесі

%

72,1

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі

млн. теңге

162,3

Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2018 жылдың 3 айының қорытындысымен 3 248 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2 269 бірлік.

2018 жылыдың 3 айында Қармақшы ауданы бойынша құрылған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 108 бірлікті құрады (ахуалдық орталыққа ұсынылған ақпарат).

2018 жылдың 3 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілерден түскен салық көлемі 280 000,0 мың теңгеге құрады.

Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің аумақтық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор.

Қазіргі уақытта, ауданда 497 сауда мен қызмет объектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 сауда базары. Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 9 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

2017 жылдың 11 айында бөлшек сауданың нақты көлемі 3 530 960 мың теңгені құрап 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 483 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.

Аудан тұрғындары мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 7 май құю бекеті, сұйытылған газбен 6 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.

Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», «Достық» базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.

Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда. Сонымен қатар, қараша айында жеке кәсіпкер Ж.Жаппасбаевтың «Алтын Орда» сауда үйі іске қосылды.

Аудан халқын көмірмен қамтамасыз етіп отырған 6 кәсіпкер бар. Олар: ЖК «Ж.Жаппасбаев», «Сымбат» ЖШС А.Қаржаубаев, ЖК «Б.Өмірзақов», «Арғымақ» ЖШС, «ЖШС «Қармақшы» ТК, ЖК «Сүлейменов С».

Сонымен қатар, Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкерлік субъекті оператор болып белгіленді. Олар: ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев». Аталған операторлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ы жанындағы облыс бойынша оператор «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-не ауданның кәсіпкерлері тарапынан қантқа, ұнға тапсырыстар берілуде.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

2017 жылдың 9 айында бөлшек сауданың нақты көлемі 2 684 620 мың теңгені құрап 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,1 пайызға орындалды. (ақпарат www.stat.gov.kz)
Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 483 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.
Аудан тұрғындары мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 7 май құю бекеті, сұйытылған газбен 6 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.
Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», «Достық» базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.
Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.
Аудан халқын көмірмен қамтамасыз етіп отырған 6 кәсіпкер бар. Олар: ЖК «Ж.Жаппасбаев», «Сымбат» ЖШС А.Қаржаубаев, ЖК «Б.Өмірзақов», «Арғымақ» ЖШС, «ЖШС «Қармақшы» ТК, ЖК «Сүлейменов С».
Сонымен қатар, Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен айналысатын 4 кәсіпкерлік субъекті оператор болып белгіленді. Олар: ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев». Аталған операторлар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ы жанындағы облыс бойынша оператор «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-не ауданның кәсіпкерлері тарапынан қантқа, ұнға тапсырыстар берілуде.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстар

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 397 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға сәйкес, аудан көлемінен жеке кәсіпкер «Маржан» Жұмабеков Бахтиярдың келсімімен аудан әкімдігі және «Байқоңыр» ӘКК»ҰК» тараптары бойынша үш жақты меморандум жасақталып, әлеуметтік дүкен өз жұмысын жасауда.
Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 9 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.
Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Сонымен қатар, «Достық» сауда базарының алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланып отыр.Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.
Аудан орталығында заманауи технологияларды пайдалана отырып қызмет жасайтын «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар

2016 жылдың қорытындысымен Қармақшы ауданында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2989, оның шінде 2411 белсенді кәсіпкерлік субъектілер болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілерде 6,0 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Cала бойынша бюджетке түскен салық көлемі 251,7 млн теңгені құрады (2015 жыл көлемінде 239,8 млн теңге, 105%).

Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің аумақтық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор.
Қазіргі уақытта, ауданда 389 сауда мен қызмет объектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 сауда базары, 223 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 12 шағын наубайханалар, 2 кондитер цехтары, 16 қоғамдық тамақтану орындары, 15 жиһаз, есік-терезе цехтары, 118 тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы нысандар жұмыс істейді.


Шағын және орта бизнес саласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 394 сауда дүкені, 3 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын наубайхана қамтамасыз етеді.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға сәйкес, аудан көлемінен жеке кәсіпкер «Маржан» Жұмабеков Бахтиярдың келсімімен аудан әкімдігі және «Байқоңыр» ӘКК»ҰК» тараптары бойынша үш жақты меморандум жасақталып, әлеуметтік дүкенді ашу жұмыстары және осыдан туындайтын шаралар ұйымдастырылуда.

Қармақшы ауданы бойынша арзандатылған ұн тасымалдау бойынша 4 кәсіпкерлік субъекті (ЖК «Б.Өмірзақов», ЖК «Берсүгір», «Қармақшы» СТК және ЖК «Ж.Жаппасбаев») оператор болып белгіленіп, меморандумға сәйкес «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ жанындағы облыс бойынша операторы «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нен ұн жеткізуде.

Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпорындарды жанар-жағар маймен 9 май құю бекеті, сұйытылған газбен 3 кәсіпкерлік субъекті қамтамасыз етуде. Аудан әкімдігі тарапынан жанар-жағар май, қатты отын мен сұйытылған газ бағаларына және қорына күнделікті мониторинг жүргізуде.

Қармақшы ауданында 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», базарлары. Сонымен қатар, «Достық» сауда базарының алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланып отыр.Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде, 1-еуі Төретам кентінде орналасқан.

Аудан орталығында «Сұлтан-1», «Сұлтан-2», «Жандос», «Орда», «Адина», «Раушан», «Мағжан», «Әділ-Ас» сауда үйлері жұмыс жасауда.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 18.04.2019 17:44
  • Көргендер саны: 1783
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі