18.09.2019

Валюта бағамы:

Бизнесті қолдау

Бизнесті қолдау саласы бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қаржылай қолдау бойынша: «Бизнестің жол картасы-2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 16 жоба 191,1 млн теңгеге несиелендірілді.

«Қызылорда» ӨИО» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасының І-ші траншымен 13 жоба 59,0 млн теңгеге несиелендіруге қолдау тапты, бағдарламаның ІІ-ші траншымен жалпы құны 39,5 млн. теңге болатын 11 жоба мақұлданды.

«Қызылорда» ӨИО» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 59,0 млн. теңге болатын 23 жоба мақұлданды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 4 жоба қой шаруашылығына 30,0 млн теңгеге, «Сырдария-1» несие серіктестігінен 3 жоба 11,5 млн теңгеге несиелендірілді.

Қаржылай емес қолдау компоненттері бойынша: Кәсіпкерлік ісін жаңа бастауға ниет білдірген жұмыссыз азаматтарды «Бастау-Бизнес» оқу курстарына қатыстырудың 3кезеңінде аудан бойынша 118 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Бизнес Кеңесші компонентімен 100 адам оқып шығып, сертификат алды.


Бизнесті қолдау саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қаржылай қолдау бойынша. «Бизнестің жол картасы-2020»бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 6 жоба 65,2 млн теңгеге несиелендірілді.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 13 жобаны 59,0 млн теңгеге несиелендіру қолдау тауып, қазіргі таңда құжаттары «Қызылорда «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ ЖШС-не тапсырылды.

Қаржылай емес қолдау компоненттері бойынша. Кәсіпкерлік ісін жаңа бастауға ниет білдірген жұмыссыз азаматтарды «Бастау-Бизнес» оқу курстарына қатыстырудың 1-ші кезеңіде аудан бойынша 40 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуда.


Бизнесті қолдау саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданында 2018 жылдың қорытындысымен бизнесті қолдау бойынша жалпы сомасы 774,0 млн. теңге болатын 227 жобақаржыланды. Оның ішінде:- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 10 жоба 155,7 млн. теңгеге несиеленді.

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру компоненті бойынша 33 жоба қолдау тауып, жалпы сомасы 23,2 млн.теңгенің грантына қол жеткізді.

- «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-нен 62,85 млн теңге болатын 22 жоба несиелендірілді.

- «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде «Жаңажол» ЖШС-гі айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 83,6 млн теңгеге несиелендірілді.

- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде кемінде 50 жоба қаржыландыру жоспарланса,жыл басынан бері жалпы құны448,6 млн теңгеге болатын 161 жоба қаржыландырылды. (Оның ішінде АШҚҚҚ арқылы жалпы құны 197,2 млн теңге болатын 59 жоба, ӨИО арқылы жалпы құны 251,4 млн теңге болатын 102 жоба несиелендірілді.)

  • Жарияланған күні: 09.01.2019 01:07
  • Жаңартылған күні: 09.07.2019 18:18
  • Көргендер саны: 333
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі