02.06.2020

Валюта бағамы:

Ұсынылған мемлекеттік қызметтердің есебі және жария талқылау қорытындылары

Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2019 жыл қорытындысы

2019 жылдың қорытындысымен аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 99-ді құраса, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мекемелер саны – 106-ны құрап отыр.

Анықтама ретінде:(8 аудандық бөлім, 2 кент әкімі аппараты, 12 ауылдық округі әкімі аппараты, 29 мектеп, 1 кешкі мектеп, 2 шағын орталық, 1 оқушылар үйі, 1 әуез мектебі, 1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт клубы,2 халықты жұмыспен қамту орталығы, 14 елді мекендегі ветеринариялық бөлімшелер және 32 (оның ішінде 8 жеке балабақша) мектепке дейінгі білім беру ұйымы).

Тиісті кезеңде жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлығы – 49 299 қызмет ұсынылды.

Оның ішінде, мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде – 27 116 қызмет көрсетілсе (барлық ұсынылған қызметтердің 55,0 % құрайды), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 11 284 (барлық ұсынылған қызметтердің 22,8 % құрайды) қызмет, электронды үкіметтің порталы арқылы – 10 899 (барлық ұсынылған қызметтердің 22,2 % құрайды) өтініш орындалды.

2019 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызметті көрсету барысында мерзім бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі (бұдан әрі - бөлім) 2019 жылы 70 мемлекеттік мекемедегі (2 кент, 8 ауылдық округі әкімі аппараты, 20 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 24 мектеп, 5 аудандық бөлім, 2 жұмыспен қамту орталығы және 10 ветеринариялық станса бөлімшесі), 32 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін сапасына ішкі бақылау шарасын жүргізді.

Ішкі бақылау барысында 22410 құжат қаралып, 574 кемшілік анықталды. Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде 181 ұсыным жасалып, 22 маманның орындаушылық тәртібі қаралды (19 – ескерту, 3 – сөгіс).

Аудандық мемлекеттік мекемелердегі көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың біліктілігін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 14-25 қаңтары аралығында 51 мекемедегі ұсынылатын 21 мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жаңадан енгізілген қызметтер және салалар бойынша қабылданған өзге де нормативтік-құқықтық актілер жөнінде ақпараттық-кеңестік нысандағы семинар ұйымдастырылды.

2019 жылдың 17 мамырында аудан орталығындағы №30 мектептің мәжіліс залында білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжаттарды рәсімдеу және бала қабылдау тәртібі туралы семинар кеңес болып өтті. Жиынға кент, ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскерлер мен медбике және мекеме басшылары, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері, бастауыш сынып жетекшілері, ветеринария саласыныңмамандары, барлығы 51 мекемеден 163 қызметкер қатынасты.

2019 жылдың 27 тамызында аудан орталығындағы №183 мектептің мәжіліс залында білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін қызметерді «Mektep SmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынудың жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Кеңес барысында интернет желісіне қосылған компьютер арқылы екі қызмет бойынша аудан орталығындағы ата-аналардың өтініштері сол жерде тікелей қабылданып, іс жүзінде жүйемен жұмыс жасаудың әдісі кезең-кезеңімен түсіндірілді. Семинарға аудан бойынша 29 мектептен әлеуметтік педагогтер, мектеп директорының мемлекеттік қызметке жауапты орынбасарлары, кент орталығындағы ата-аналар және аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары барлығы 43 адам қатынасты.

2019 жылы Қармақшы ауданы бойынша аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін және хабардарлығын арттыру бағытында 16 «Ашық есік күні», 3 семинар-кеңес, Қармақшы, ІІІ – Интернационал және Қуаңдария ауылдық округтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2019 жылдың 28 қарашасында аудан орталығындағы Ш. Төлепова атындағы мәдениет үйінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Электронды қызмет күні» мен көрсетілетін қызметтерді алушылар және қызметті көрсетуші мемлекеттік органдар арасында «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты «meet up» кездесу шарасыболып өтті. Шара барысында электронды қызметтер алудың ыңғайлылығы мен қолжетімділігін кеңінен насихаттау, қызмет алушылар мен қызметті көрсетушілер арасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне түсіндірме жүргізу арқылы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, тұрғындарды электронды санды қолтаңбамен қамту мақсатында 8 аудандық бөлім, мемлекеттік корпорация қызметкерлері салалары бойынша көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірме жүргізіп, консультациялық кеңестерін ұсынды және тұрғындар тарапынан қызығушылық танытқан сұрақтарына жауаптарын берді. Сонымен қатар 98 адамға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық-кеңес беріліп, 19 адам электронды санды қолтаңбамен қамтылды. Жалпы шараға кент орталығының 193 тұрғыны қатысты. Аудан әкімдігі және аудандық бөлімдер тарапынан «Электронды үкімет» веб-порталының бүгінгі қоғамдағы рөлі, электронды қызметтерді алудың ыңғайлылығы және осы саладағы үгіт-насихат шаралары туралы түсіндірме хабарламалар жасалды.

Онымен қоса, 2019 жылы аудандық баспасөз құралдарында аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндірме мақала жариялауға арналған медиа-жоспарға сәйкес 20 мақала жарық көрді.


2018 жылы Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

1. Жалпы ережелер

1.1Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

  • «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2018 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 105 түрі ұсынылды. Есепті мерзімде жалпы ұсынылған мемлекеттік қызмет саны 66200-ді құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтің 53 түрі көрсетілді. Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 15473 өтініш түсіп, мерзімінде орындалды.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 100. Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 5.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

Тікелей мемлекеттік органмен қағаз жүзінде – 24 қызмет. Электрондық нысанда – 81 қызмет.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

2018 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің стандарттар саны – 90, регламенттер саны – 84.

2. Көрсетілетінқызметтіалушылар мен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.karmakshy.gov.kz) орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіндегі арнайы ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтің стандарттары мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қармақшы таңы», «Бәйтерек-Байқоңыр» және «Ел тілегі» газеттеріне 12 түсіндірме-мақала мен ақпараттық-кеңестік материалдар жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсетупроцестерінжетілдіру жөніндегіқызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2018 жыл көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметкердің ұсынылуына жауапты 15 маман мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау өңірлік орталығында біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Онымен қоса аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде тағлымдамадан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру


-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

2018 жылы мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан қызмет сапасына арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң талаптарының сақталуы бойынша 2018 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 4 рет ішкі бақылау шарасы ұйымдастырылды. Бақылау шарасы 14 жергілікті атқарушы органды, 26 ведомоствалық бағынысты ұйыммен ұсынылатын 26 мемлекеттік қызметті қамтыды. Шара барысында әртүрлі сипаттағы 359 талап бұзушылық анықталып, 9 жауапты маманға және 3 мекеме басшысына тәртіптік шаралар белгіленді. Орын алған кемшіліктерді жою бағытында 115 ұсыным жасалды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жыл көлемінде 1 аудандықбөлімде тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімделу тәртібіне. Тексеру нәтижесімен стандарт, регламент талаптарын бұзған 3 жауапты маманға және бөлімнін сектор меңгерушісіне «Қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы белгіленсе, аудан әкімінің салалық орынбасарына «Ескерту» шарасы көрілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

2018 жылы қызмет сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне қоғамдық мониторингті «SANGE» зерттеу орталығы ЖШС-гі жүргізді. Қоғамдық мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысы тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін ұсынылуына қанағаттану деңгейі 75,1 % екені анықталды.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жыл көлемінде кент, ауылдық округі әкімі аппараттары, аудандық бөлімдер, білім ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдар және мемлекеттік корпорация, аудан әкімінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен барлығы 32 мекемеде бірлескен семинар-кеңестер ұйымдастырылып, оған 2300 адам қатысты.


2017 жылы Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

1. Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

  1. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдықмемлекеттікмекемесі;
  7. «Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. Кент және ауылдық округі әкімінің аппараттары;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2017 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтің 93 түрі көрсетілді. 2017 жылдың қорытындысымен жалпы ұсынылған мемлекеттік қызметтің саны 65453 құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 41 түрі көрсетілді.

Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 20070 қызмет ұсынылған.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 88.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 5.

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

Қағаз жүзінде – 21 қызмет.

Электрондық нысанда – 72 қызмет.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

2017 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары саны – 92, регламенттер саны – 92.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізукөздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.karmakshy.gov.kz) орналастырылған. Онымен қоса, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдарда арнайы ақпараттық тақтада мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері туралы ақпараттар орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қармақшы таңы», «Бәйтерек-Байқоңыр» және «Ел тілегі» газеттеріне 23 рет түсіндірме мақала жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

6 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау өңірлік орталығында мемлекеттік біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есепті мерзімде мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң талаптарының сақталуы бойынша 2017 жылы жоспар бойынша 14 рет ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау шарасы 19 жергілікті атқарушы органды, 79 ведомоствалық бағынысты ұйымды қамтыды. Бақылау шарасы барысында әртүрлі сипаттағы 49 талап бұзушылық анықталып, жауапты мамандарға 7 «Ескерту» тәртіптік шарасы белгіленіп, орын алған кемшіліктерді жою бағытында 106 ұсыным жасалды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2017 жыл көлеміндеаудандық 2 бөлімде тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу және аудандық жер қатынастары бөлімдері. Тексеру нәтижесімен стандарт, регламент талаптарын бұзған 8 жауапты маманға «Ескерту» тәртіптік шарасы белгіленсе, 1 бөлім басшысына «Сөгіс» шарасы берілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

2017 жылы қоғамдық мониторингті«SANGE» зерттеу орталығы ЖШС-гі жүргізді.Қоғамдық мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысы тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін ұсынылуына қанағаттану деңгейі 80,4 % көрсетті. Бұл өз кезегінде өте жақсы көрсеткіш екенін атап өту керек.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жыл көлемінде қызмет сапасын арттыру және жауапты мамандардың біліктілігін арттыру бағытында мемлекеттік қызметтерді ұсынушы 71 мекеменің мамандарына іс-тәжірибелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар әрі қарайда жалғасын табатын болады.


Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылғы есебі туралы

Жүктеу...24КБ


Қармақшы ауданы бойынша 2016 жылға ұсынылған мемлекеттік қызметтердің есебіне жүргізілген жария талқылау нәтижесінің қорытындысы

Қармақшы ауданы әкімдігі

(ЖАО атауы)

1. Жария талқылау жүргізілген күні: 24 сәуір 2017 жыл

2. Жария талқылаудың жүргізілген әдісі: қызметті алушылармен кездесу өткізу арқылы

3. Жария талқылау жүргізілетіні туралы хабарландыру әдісі: 2017 жылдың 10 сәуірінде аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланды.

4.Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстарының және (немесе) ескертулерінің тізімі:

п/п

Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген мекемелердің атауы, жеке тұлғалардың ТАӘ

Жария талқылау шеңберінде түскен ұсыныстардың және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны

Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет

Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздер

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

5. Қосымша мәліметтер: жоқ

2016 жылғы ұсынылған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына аудан бойынша заңды және жеке тұлғалар тарапынан ұсыныс, пікірлер түскен жоқ.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 06:00
  • Жаңартылған күні: 24.04.2020 19:28
  • Көргендер саны: 5772
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі