15.09.2019

Валюта бағамы:

Тілдерді дамыту

Ономастика және тіл саясаты бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2019 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша мемлекеттік тілсаясатын жүзеге асыруғааудандық бюджеттен 625 мың теңге қаржы бөлініп, «Текті сөздің төресі» аудандық термешілер байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқаулары ұйымдастырылды.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2019 жылыдың ІІ тоқсанында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 20380 болса, олардың 20107-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 98,6% пайызын құрайды.Шығыс құжаттары 7576 болса, олардың барлығы да (100%) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (3011) мемлекеттік тілде шығысталған.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 45, орыс тілі курсы бойынша 48, ағылшын тілі бойынша 48 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.


Ономастика және тіл саясаты бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қармақшы ауданында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілдің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2019 жылыдың 1-ші тоқсанында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 18348 болса, олардың 18112-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 98,7% пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 5615 болса, олардың барлығы да (100 пайыз) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (2924) мемлекеттік тілде шығысталған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз негізінде оқыту курстары жүргізіліп келеді.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 27, орыс тілі курсы бойынша 24, ағылшын тілі бойынша 24 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.


Ономастика және тіл саясаты бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қармақшы ауданында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілдің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
2018 жылы аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 711 мың теңге қаржы бөлініп, «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Ой-сана» орыс тілі білгірлері аудандық байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы, «Ана тілім – қасиетім ардағым» атты байқауы, «Өз тіліңді құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты салтанатты жиын мен мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2018 жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 79260 болса, олардың 72546-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 91,5 пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 31205 болса, олардың барлығы да (100 пайыз) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (14984) мемлекеттік тілде шығысталған.
«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекетік қызметшілердің үлесі диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер 20 адамды құраса, В1 деңгейін меңгерген мемлекетік қызмет көрсеттетін ұйымдардағы қызметкерлер диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша 6 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар мемлекетік қызметшілер және мемлекетік қызмет көрсеттетін ұйымдардағы қызметкерлердің «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді С1, В1 деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуге 2018 жылдың қазан айында 19 қызметкерге қатысып, нәтижесінде С1 деңгейі бойынша 3 (үш) қызметкер, В1 деңгейі бойынша 3 (үш) қызметкер сертификатталды.
Аудан бойынша үш тілде оқыту курсы бойынша 2018 жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз негізінде оқыту курстары жүргізіліп келеді.
Аудан бойынша 2018 жылдың мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 90, орыс тілі курсы бойынша 125, ағылшын тілі бойынша 92 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.
Қармақшы ауданы тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қойылған сауал нәтижелерін талдайтын болсақ, сұралған респонденттердің барлық бөлігі бұл сауалға оңды жауап берген, яғни 99,7%-ы қазақ тілін еркін меңгерген, сөйлесе алады және жаза аламын деп жауап берген. Осыған байланысты, мемлекеттік тілді білмеймін деп жауап бергендер кездескен жоқ.
Ал тұрғындардың орыс тілін меңгеру деңгейіне тоқталатын болсақ, респонденттердің негізгі бөлігі, яғни
58,3%-ы еркін меңгергенмін деп оңды жауап берсе, 15%-ы сөйлесе аламын, бірақ жаза алмаймын деп, 16,7%-ы түсінемін, бірақ сөйлесе алмаймын, 3,33%-ы мүлдем білмеймін десе, 31,7%-ы меңгермегенмін деп жауап берген.
Келесі кезекте, тұрғындардың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне тоқталсақ, респонденттердің негізгі бөлігі, яғни 14,7%-ы ағылшын тілін еркін меңгергенмін деп жауап берсе, 3,33%-ы түсінемін, сөйлесе аламын, бірақ жаза алмаймын деп, 3,33%-ы түсінемін, бірақ сөйлесе алмаймын деп, 31,7%-ы меңгермегенмін, бірақ кейбір сөздерді түсінемін, 45%-ы мүлдем білмеймін деп пікірлерін білдірген.
Сіз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білесізбе? деген сауалға 16,6%-ы тек қазақ тілін білемін, 70%-ы қазақ және орыс тілдерін білемін деп жауап берсе, 13,3%-ы үш тіл білемін – қазақ, орыс, ағылшын деп пікірлерін білдірген.
«Өңірімізде мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін қалай бағалайсыз?» деген сауалға сұралғандардың негізгі бөлігі, яғни 100%-ы жақсы деп жауап берілген.
«Сіз, Мемлекет басшысы 2017 жылдың сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ әліпбиін біртіндеп латын қарпіне көшіру туралы айтқанын білесіз бе?» деген сауалға сұралғандардың 100%-ы иә, білемін деп жауап берген.
«Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін қолдайсыз ба?» деген сауалға сұралғандардың негізгі бөлігі, яғни 51,6%-ы толық қолдаймын деп оңды жауап берсе, 3,33 %-ы жауап беруге қиналамын деп пікірін білдіріп, 23,3%-ы дәлірегі, қолдаймын, 16,6%-ы дәлірегі қолдамаймын десе, 5%-ы мүлдем қолдамаймын деп жауап берген.
«Егер қолдайтын болсаңыз, себебі неде?» деген сауалға 40%-ы түркі тілдес елдердің бірқатары латын жазуына өтті деп жауап берсе, 45%-ы әліпбиді ауыстыру әлемдік ақпараттық кеңістікке тезірек қосылуға көмектеседі деп, 6,7%-ы латын әліпбиі негізіндегі жаңа әліпби егеменді мемлекеттің қалыптасу нышандарының біріне айналады деп пікір білдірген.
«Қолдамайтын болсаңыз, себебі неде?» деген сауалға 31,6 %-ы бұл қазақ тілінің орфографиясын өзгерту қажеттігін туындатады, 35%-ы бұл криллицаға негізделген тұтас мәдени қабатты жоғалтумен сүйемелденеді десе, 0,3%-ы бұл үлкен қаржы шығын тудырады деп пікір білдірген.
«Сіздің пікіріңізше, латын әліпбиіне қиындықсыз ауысу үшін қандай шаралар жүргізілуі қажет?» деген сауалға сұралғандардың басым бөлігі, яғни 40%-ы ауысуды кезек-кезеңімен жүргізу керек деп пікір білдірсе, 33,3%-ы латын әліпбиінде тегін оқытатын курстар ашу,деп пікір білдіріп, 26,6%-ы техникалық жабдықтардың (компьютер, ұялы телефон және т.б.) тілдерін латын әліпбиінде шығару деп пікірін білдірген.
Сауалнаманың 40%-ы ер адамдарды құраса, 60%-ы әйел адамдарды құрап отыр. Оның ішінде 16-дан 30 жасқа дейін 18,33%-ын құраса, 30-дан 39 жасқа дейін 21,6%-ы, 40-тан 49 жасқа дейін 28,3%-ы, 50-ден 59 жасқа дейін 13,3%-ы, ал 60 жас және одан жоғары 1,7%-ы құрап отыр. Сауалнамаға 53,3% жоғары білімді, жалпы орта білімді 13,3%, арнаулы орта білімді 26,7%, аяқталмаған жоғары білімді 5 %, ал жоғарғы 53,3%-ы қамтылды.
Ономастика саласы бойынша
Ономастика саласын үйлестіру үшін ауданда арнайы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобы жұмыс жасап келеді. Аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының құрамына әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшыларымен бірге Бақ өкілдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, бұрын ономастика саласынан хабары бар, осы мәселелермен айналысқан зиялы қауым өкілдері бар.
2018 жылы жоспарға сай жұмысшы топтың төрт отырысы өткізіліп тиісті хаттамалары жасалып, облыстық ономастика комиссиясының 33 көшеге атау беру туралы оң қортынды берілді.
Көрнекі ақпарат
2018 жылдың кент орталығында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамалардың мәтіндерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігіне сараптамалар жасалып, кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіліп үш кәсіпкерлік нысандарға ескертулер жасалды. Атап айтқанда Жосалы кенті орталығындағы Азия сауда орталығынның мандайша жазуында орталығы деген жазуда «Ғ» әріпі теріс жазылып кетсе Бекетай магазины және Жандос сауда орталығының орысшасында торговый сөзінің «В» әріпі, орталығы сөзінің «Л» әріпі Бекетай сөзінің «А» әріпі түсіп қалған. Кәсіпкерлік нысандардың егелеріне ауызша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
  • Жарияланған күні: 09.01.2019 12:52
  • Жаңартылған күні: 04.07.2019 02:09
  • Көргендер саны: 321
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі