19.11.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік атаулы көмектің қолданыстағы жүйесінің берілуінің өзгеруі, тұрғын үй алу мүмкіндіктері, көшелерді жөндеу жұмыстары бойынша жеке тұрғындар сауалдарын қойды. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта келіп түскен шағымдарды өз қадағалауына алатындығын жеткізді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдылықтарға сәйкес жергілікті билік органының өз құзыреті аясында мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.


  • Жарияланған күні: 04.11.2019 06:35
  • Жаңартылған күні: 04.11.2019 18:48
  • Көргендер саны: 34
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі