09.12.2019

Валюта бағамы:

Актив отырысы өтті

Актив отырысы өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында партиялық актив отырысы болып өтті. Актив отырысына «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қалдарбеков, партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депуттары, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, кент, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиналысты «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қалдарбеков ашып, Елбасының қатысуымен 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында партия филиалдары өкілдерімен кездесуі өтіп, кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлерді дамыту бағдарламаларын жетілдірумен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттарын да айқындағанын жеткізді. Сөз алған «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов аудандық партия филиалының атқарған жұмыстарына тоқталса, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық маслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі К.Раева депуттатық фракция жұмысына тоқталып өтті. Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қалдарбеков партия жұмысын одан әрі белсендіру мақсатында алдағы атқарылатын жұмыстарды тапсырды.

  • Жарияланған күні: 29.11.2019 01:16
  • Жаңартылған күні: 04.12.2019 17:43
  • Көргендер саны: 31
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі