10.07.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімі «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен танысты

Қармақшы ауданы әкімі «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен танысты

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты. Айта кетерлігі, «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы негізінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудан көлемінде өткізілетін іс шаралар жоспары бекітіліп, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған сауалнама алу т.б. түрлі форматтағы шаралар атқарылуда. «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

  • Жарияланған күні: 29.06.2020 05:18
  • Жаңартылған күні: 10.07.2020 11:35
  • Көргендер саны: 259
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі