10.07.2020

Валюта бағамы:

Қармақшыда 369 адам жұмыспен қамтылды

Қармақшыда 369 адам жұмыспен қамтылды

Қармақшы ауданы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 40 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, жалпы 804 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам қамтылады. Оның ішінде, Қармақшы ауданы бойынша – 103 адам, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі бойынша – 306 адам жұмысқа тартылады. Бүгінде осы бағдарлама аясында 369 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда 15 мердігер мен қабылданған жұмысшылар арасында жасалынған 71 еңбек шарттары «Enbek.kz» дерекқорына енгізілді. Алдағы уақытта да мердігерлер мен қабылданған жұмысшылар арасында жасалынған еңбек шарттарының «Enbek.kz» дерекқорына толық енгізілуіне бақылау жасалынатын болады. Жалпы биыл аудан бойынша 1006 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда жылдық жоспардың 58,1 пайызы орындалды, Яғни, ауданда 585 жаңа жұмыс орындары ашылды.

  • Жарияланған күні: 19.06.2020 08:29
  • Жаңартылған күні: 21.06.2020 22:05
  • Көргендер саны: 166
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі