03.06.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында «Алғыс айту күні» аталып өтті

Қармақшы ауданында «Алғыс айту күні» аталып өтті

Жосалы кенті орталығындағы «Жыраулар үйінде» 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ Қармақшы өңірінде ІІІ Интернационал ауылдық округінде 14 ұлттың өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Шара басталмас бұрын келген қонақтар ІІІ Интернационал ауылдық округінде тұратын өзге ұлт өкілдерінің арнайы дайындаған ұлттық тағамдарының көрмесімен танысты. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі М. Қалдарбеков 1 наурыз - Алғыс айту күнінің мәніне тоқталып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Аудан басшысы Мұса Оспанұлы «Алғыс айту күні» Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. Елімізде тұратын көптеген ұлттар қазақ халқының дархандығы үшін, қиын кездерде қол ұшын созған кең пейілдігі үшін алғыс айтады. Бүгінде Қазақстан сан ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналды» - деп атап өтті. Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының арнайы дайындаған меркелік концерттік бағдарламасына жалғасты.


  • Жарияланған күні: 02.03.2020 01:03
  • Жаңартылған күні: 02.03.2020 17:56
  • Көргендер саны: 232
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі