01.06.2020

Валюта бағамы:

Бірқатар азаматтар «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағымен және «Жылдың үздігі» номинациясымен марапатталды

Бірқатар азаматтар «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағымен және «Жылдың үздігі» номинациясымен марапатталды

Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара басталмас бұрын Алматы қаласында әуе апатынан қаза тапқан қандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Салтанатты шарада аудан әкімі М. Қалдарбеков биылғы жылды қорытындылап, ізгі лебізін жеткізді. Жылдық қорытынды жиында Қармақшының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды. Сонымен бірге шара барысында аудан басшысы әр салада қызмет атқарып жыл бойына үздік деп танылған азаматтарды арнайы номинациялармен марапаттады.

«Қармақшы ауданының Құрметті Азаматы» атағымен марапатталғандар

Назарқұлов Есет Камаладинұлы - Ішкі істер органының ардагері.

Үсенов Алтай Үсенұлы - Журналистика саласының ардагері.

Махамбетова Үрзахия - Мәдениет саласының ардагері.

Сүлейменов Қалдыбек - Салық саласының ардагері.

Дауленбаев Ануар - Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты.

Махашев Бақдаулет Еркінбекұлы - Ауыл шаруашылығы саласының өкілі.

Ерманов Нұрмұрат - Құрылыс саласының ардагері.

2019 жылдың қорытындысымен «Жылдың үздігі» номинациясымен марапатталғандар

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» номинациясы – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Метерова Зере Қорғанбекқызы.

«Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясы – Елубаев Амит Тайғараұлы.

«Жылдың үздік медицина саласы қызметкері» номинациясы – Қармақшы аудандық ауруханасының бейінді мамандар бөлімінің меңгерушісі, І санатты дәрігер-эндоскопист хирургі Жақсыбаев Сәкен Асхатұлы.

«Жылдың үздік мәдениет саласы қызметкері» номинациясы – Ш.Төлепова атындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры Көшеней Арнұр.

«Жылдың үздік ұстазы» номинациясы – Төретам кентіндегі № 80 мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Ниязов Серік Ұзақбайұлы.

«Жылдың үздік ауыл шаруашылығы саласының қызметкері» номинациясы – «Жаңажол» ЖШС-де бас агрономы Ералиев Төлеу Айманұлы.

«Жылдың үздік қаржы саласының қызметкері» номинациясы – Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Зәріпханов Сәкен Сұлтанмұратұлы.

«Жылдың үздік коммуналдық сала қызметкері» номинациясы – Қармақшы аудандық оқшау су жабдықтау жүйесін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы Төлепов Қанибек Қалманұлы.

«Жылдың үздік спортшысы» номинациясы - Белбеу күресінен «Әлем чемпионатының» күміс жүлдегері Сламбекова Набира.



  • Жарияланған күні: 31.12.2019 12:18
  • Жаңартылған күні: 07.01.2020 17:00
  • Көргендер саны: 346
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі