09.04.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбековтың өкімімен құрылған аудандық жұмысшы топ түнгі уақыттардағы кәсіпкерлік нысандарына төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында аудан әкімінің орынбасары Ж. Омаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Айдаров, Қармақшы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздікті қорғау басқармасының мамандары және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі қызметкерлері болды. Сонымен бірге жұмысшы топтың мүшелері азық-түлік тауарларын сататын дүкендерді аралап, тазалықтың сақталуын, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыруды тапсырды. Ауданымызда кәсіпкерлік нысандары оның ішінде мейрамханалар мен тойханаларға, плейстейшен ойын залдарына, спорттық ойын алаңдары мен залдарына, мерейтойларға көпшілік жиналатын орындарға инфекциялық жұқпалы аурудың алдын алуға байланысты уақытша жұмыс істеуіне шектеулер қойылды. Қазіргі таңда аудан көлемінде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты қауіпсіздік шараларына баса мән беріліп, вирустың таралуы бойынша алдын алу жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

  • Жарияланған күні: 19.03.2020 03:57
  • Жаңартылған күні: 19.03.2020 19:56
  • Көргендер саны: 76
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі