17.08.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда "BIRGE - TAZA QAZAQSTAN" экологиялық акциясы өтті

Қармақшыда

Сырдария жағалауында өткен "Birge - Taza Qazaqstan" экологиялық акциясына Қармақшылықтар белсенділікпен қатысты. Аталмыш акцияға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы арнайы барып қатысып, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауда белсенді болуға шақырды. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - деді аудан басшысы. Бүгінгі тазалық акциясына «Жасыл Ел» сарбаздарымен қатар 100-ге жуық тұрғындар жұмылдырылды. Акция аясында Сырдария жағалуынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада "Birge - Taza Qazaqstan" республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған. Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданында жұмыс сапары барысында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақты тазартып, "Birge - Taza Qazaqstan" акциясының жалғасын аймақтың барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған болатын. Аймақ басшысының қоғам тазалығына деген үн қосуын Қармақшылықтар жоғары деңгейде жүзеге асырды. Бүгінгі тазалық шаралары өз кезегінде ауылдық округтерде, алыс елді мекендерде жалғасуда.

  • Жарияланған күні: 29.07.2019 10:12
  • Жаңартылған күні: 29.07.2019 14:11
  • Көргендер саны: 77
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі