24.06.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда бокстан Республикалық турнир басталды

Қармақшыда бокстан Республикалық турнир басталды

Жосалы кентінің орталығындағы дене шынықтыру және спорт кешенінде «Қазақстан Республикасының спорт саласына еңбек сіңірген» құрмет белгісінің иегері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Қуаныш Қаражанұлы білікті жаттықтырушы ретінде танылды. Шәкірттері полицейлер арасында Әлем чемпионаттарында, Азия чемпионаттарында және түрлі деңгейдегі халықаралық турнирлерде ел мерейін асқақтатты. ҚР Спорт шеберлерін және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындады. Жасөспірімдердің бокс турниріне Атырау, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Қызылорда облысынан 15 команда 300-ге жуық спортшылар қатысуда.

  • Жарияланған күні: 17.05.2019 10:25
  • Жаңартылған күні: 17.05.2019 14:10
  • Көргендер саны: 107
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі