26.02.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен семинар-кеңес өтті

Қармақшы ауданында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен семинар-кеңес өтті

Аудан әкімдігінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Тарбақов Хамит Мұратұлы және "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі Нәлібаев Махсұт Ибрайханұлының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Аудан әкімінің орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл Қошалақов Әділ Үсенұлының төрағалығымен өткен басқосуға бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдерінің мамандары, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-кеңес барысында аудан әкімінің орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл Қошалақов Әділ Үсенұлының тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы және халықтың билікке деген сенімін арттыру бағытында атқарылған жұмыстары жайлы баяндамасы тыңдалды. Семинарда сөз алған облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов жалпы әдеп нормаларына жекелей тоқталып, мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу міндеттерін түсіндіріп өтті. Сонымен бірге "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі Махсұт Нәлібаев Мемлекет басшысы анықтап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бағыттарын атап өтіп, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жалпы қызметтік әдеп нормаларын күшейту мақсатында ұйымдастырылған арнайы семинар-кеңес одан әрі «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалында қоғамдық қабылдауға жалғасты.

  • Жарияланған күні: 14.02.2020 10:51
  • Жаңартылған күні: 14.02.2020 14:51
  • Көргендер саны: 119
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі