15.09.2019

Валюта бағамы:

Ауданда Конституция күні жоғары деңгейде аталып өтті

Ауданда Конституция күні жоғары деңгейде аталып өтті

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтап, әр саланың үздіктеріне алғыс хат табыстады. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділ Үсенұлы "Ата Заңымыз Конституция егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Ата Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді"- деп атап айтып өтті. Сонымен бірге шарада алғашқы мемлекеттік қызметке орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімі болды. Салтанатты шара ауданымыздың мәдениет майталмандарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 02.09.2019 10:38
  • Жаңартылған күні: 02.09.2019 13:50
  • Көргендер саны: 71
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі