24.06.2019

Валюта бағамы:

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Жосалы кентіндегі орталық алаңда «Елтаңбам елдігім, Туым теңдігім» атты аудандық патриоттық шара өтті. Қатысушылардың Мемлекеттік Әнұранды жанды дауыспен орындаумен басталған шарада сөз алған аудан әкімі С.Мақашов аудан тұрғындарын Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне байланысты құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген бір топ азаматқа «Алғыс хаттар» табыстады. Мерекелік шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілердің Отан алдында абыройлы да адал болуға, бар күш жігерін салып халыққа қызмететуге ант берді. «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өткізіліп, аудан өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  • Жарияланған күні: 05.06.2019 10:29
  • Жаңартылған күні: 06.06.2019 01:54
  • Көргендер саны: 63
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі