21.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлірінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Қармақшыда Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлірінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Ш. Төлепова атындағы мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы антына адал ел алдында қалтқысыз қызмет етіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының марапаттарын, облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады. Бүгінгі күні аудандық мәслихат аппаратын қосқанда ауданда 169 штат бірлігі шеңберінде мемлекеттік қызметкерлер халықпен бірлесе жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге салтанатты шарада ауданымызда мемлекеттік қызметке кіріскен жас мемлекеттік қызметшілеріміздің Ант беру рәсімі өтті. Салтанатты шара Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлерінің арнайы дайындалған концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 24.06.2019 10:45
  • Жаңартылған күні: 01.07.2019 11:21
  • Көргендер саны: 262
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі