26.02.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің алқасы өтті

Қармақшы ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің алқасы өтті

Аудан әкімдігінің мәжілісінде облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі алқасы өтті. Облыстық жиын басталмас бұрын Жосалы кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде бастауыш ардагерлер ұйымының және Қармақшы аудандық денсаулық сақтау саласының бастауыш ардагерлер ұйымының, аудандық ішкі істер саласының бастауыш ардагерлер ұйымының жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге аудандық ардагерлер үйінде болып, былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды саралады. Аудан әкімдігінің мәжілісінде өткен жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының кеңесшісі Әбілханов Рахым Әбілханұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Искаков Дайрабай және аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, кент, ауылдық округтердегі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алғашқы сөзді аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы алып, ауданымыздағы әлеуметтік – экономикалық дамуындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары жайлы бөлісті. Сонымен бірге, облыстық ардагерлер кеңесінің Қармақшы ауданындағы көшпелі алқасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов жүргізіп, Жаңажол ауылдық округінің бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәуекелов Бақытбек, Төретам кентінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Аралбаев Смағұл сөз сөйлеп, ұсыныс – пікірлері тыңдалды. Алқа мәжілісі барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сөз алып, қасиетті Қармақшы өлкесіндегі ардагерлерді ардақтау мақсатында атқарылған шаруаларға ризашылығын жеткізді. Облыстық ардагерлер кеңесін қорытындылаған аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Сіздер ауданымыздың қалыптасып дамуының куәгерісіздер. Сол себептен ауданымыз үшін маңызды көптеген мәселелер бойынша Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, ағалық қолдауларыңыз біздер үшін маңызды. Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз әрқашан көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті.


  • Жарияланған күні: 12.02.2020 05:02
  • Жаңартылған күні: 13.02.2020 13:12
  • Көргендер саны: 57
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі