22.04.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда облыстық турнир өтті

Қармақшыда облыстық турнир өтті

Қармақшы ауданының белгілі азаматы, спорт жанашыры Бектібаев Амангелді Асқарұлын еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген облыстық турнир Жосалы кентіндегі С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп ауласында орналасқан шағын футбол алаңында өткізілді. Жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстарға тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған турнирге 100- ге жуық футболшы қатысып өз бақтарын сынады. Жарысқа Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласынан 8 команда қатысты. Жарыс қортындысымен І орынды – Қызылорда қаласының «Ертарғын» командасы, ІІ орынды – Қармақшы ауданының «Құрдастар» командасы, ІІІ орынды – Байқоңыр қаласының «Арман» командасы иеленді. «Үздік қорғаушы» номинациясымен – Қайруллаев Батыржан (Қармақшы командасы), «Ең көп доп салған ойыншы» номинациясымен – Дәуітбай Тәуекел (Жастар-2000 командасы), «Үздік ойыншы» номинациясымен – Дүйсенбі Уәли (Ертарғын командасы), «Үздік қақпашы» номинациясымен – Меңдібаев Ақтілеу (Құрдастар командасы), «Үздік шабуылшы» номинациясымен – Нұрғазиев Нұрлан (Арман командасы) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер А.Бектібаев турнирінің ұйымдастырушылары атынан арнайы кубоктар пен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

  • Жарияланған күні: 11.04.2019 10:07
  • Жаңартылған күні: 11.04.2019 11:22
  • Көргендер саны: 33
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі