21.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда облыстық жас ақындар аламаны өтті

Қармақшыда облыстық жас ақындар аламаны өтті

Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар Үйінің» ұйымдастыруымен «2019 жыл – Жастар жылы» аясында Сыр сүлейі «Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл» толуына орай «Ерлерім сөйле дегесін» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Айтыстың басты мақсаты - Сыр сүлейі, ақын – жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының бар болмысын, шығармашылығын, ерекшелігін жырлап, кестелі сөзбен өрнектеу, жыраудың асыл мұрасын насихаттау. Жас ақындар айтысына айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 10 жас ақындар қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, үздік өнер көрсетті. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Сандыбай Піржан /Қызылорда қаласы/, І орынды Төлеген Айқын /Шиелі ауданы/, ІІ орынды Әділбаев Бағдаулет /Қызылорда қаласы/, ІІІ орынды Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/ иеленді. Сонымен бірге белсенді қатысқан айтыскер ақындарға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

  • Жарияланған күні: 19.06.2019 10:01
  • Жаңартылған күні: 20.06.2019 13:06
  • Көргендер саны: 367
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі