22.07.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Қармақшыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Жосалы кенті орталығындағы Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» алаңында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысып жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Шарада облыстық «Жас сарбаз» бірлестігінің төрағасы Айдос Қожамұратов сөз сөйлеп, ауданымыздағы білім беру ұйымдарының жанынан құрылған «Жас сарбаз» клубтарының жетекшілерін марапаттады. Сонымен бірге аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Ыбырахим әскери борышын өтеуге аттанатын жас сарбаздарға аманат хат табыстады. Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 13.05.2019 10:12
  • Жаңартылған күні: 13.05.2019 16:56
  • Көргендер саны: 159
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі