09.12.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қармақшыда республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылы аясында жас ақын, жыршы-термешілер одағының мүшесі, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, талантты жас Сырым Әділбековтің шығармашылығына арналған кеші мен «Қармақшы жалынды жастар мекені» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров қатысып, жас ақындарымызға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырып, сый-сияпат жасады. Сыр сүлейлері Жиенбай жырау, Базар жырау, Омар Шораяқұлы, Оңғар жырау, Тұрмағанбет секілді дүлдүлдер үлкен жыраулық мектепті қалыптасты. Айтысқа Дәурен Ысқақ (Шымкент), Бек Шымат (Нұр-Сұлтан қаласы), Нартай Тілеуқабыл (Ақтөбе қаласы), Рай Дөңбай (Жамбыл облысы), Жібек Шахмаржанқызы (Алматы облысы), Мақсат Дауылбай (Қызылорда облысы), Ержігіт Асанхан (Қызылорда облысы), Сырым Әділбеков қатысып, Қармақшылық көрермендерге әсерлі айтыс сыйлады. Шараның қорытындысында сөз алған ақын Серік Ыдырысов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов құттықтау сөз сөйлеп, Сырымға деген ізгі лебіздерін жолдады.

  • Жарияланған күні: 28.11.2019 04:20
  • Жаңартылған күні: 04.12.2019 17:41
  • Көргендер саны: 45
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі