15.09.2019

Валюта бағамы:

Семей сынақ алаңының жабылуы мен Чернобыль апатын еске алуға орай ескерткіш ашылды

Семей сынақ алаңының жабылуы мен Чернобыль апатын еске алуға орай ескерткіш ашылды

Ауданымызда 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай шаралар өтті. Семей ядролық полигонының жабылуына - 30 жыл және Чернобыль апатына - 33 жыл толуына орай аудан орталығындағы «Жастар саябағында» арнайы орнатылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өткізілді. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы қатысып, жиылған жұртшылыққа атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, пікірін білдірді. Өткен ғасырда адамзат баласы басынан өткерген зұлматтың бірі ғасырдың ең ірі техногендік радиациялық апаты Чернобыль атом электр станциясындағы жойқын жарылыс пен қазақ жеріндегі ядролық сынақтар еді. Осы сынақтарды тоқтатуда алғы шепте болған аудан азаматтары шараға қатысып, сөз алған азаматтар мұндай зұлмат жылдардың қайталанбауына тоқталып өтті. Тәуелсіздік алғаш алған уақыттан бастап, Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Семей сынақ алаңы жабылды. Осы жылдар ішінде бес жүзден аса жойқын ядролық жарылыстар болыпты. Шарада сол апатты жерде әскери қызметте болған, сол бір ауыр күндердің куәгерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалының алғыс хаты табысталды.

  • Жарияланған күні: 02.09.2019 10:16
  • Жаңартылған күні: 02.09.2019 13:48
  • Көргендер саны: 69
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі