19.05.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда шағын футболдан І-чемпионаттың жүлдегерлері марапатталды

Қармақшыда шағын футболдан І-чемпионаттың жүлдегерлері марапатталды

Жастар жылы аясында Қармақшы ауданының шағын футболдан І-чемпионаты ұйымдастырылды. Футбол біріншілігі үстіміздегі жылғы 17 ақпанда бастау алып 12 мамырда өз мәресіне жетті. Біріншілікке аудан көлеміндегі мекеме және ұжымдардан 8-команда бақ сынады. Ауданымызда футбол спортын дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, спортшылардың шеберлігін шыңдау, ізбасарлар дайындауды қалыптастыру және облыс біріншілігіне қатысатын аудан құрама командасын жасақтау болып табылады. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық футбол федерациясының төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы жеңімпаз командаларды қабылдап, жүлдегерлерді марапаттады. 1-орынды №15 "Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" командасы, 2-орынды "Жаңа Халық" командасы, 3-орынды "Аудандық емхана" командасы, 4-орынды №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді. Сонымен бірге «Үздік қақпашы» номинациясымен - Боранбаев Сағындық (Аудандық емхана командасы), «Үздік қорғаушы» номинациясымен - Әлжанұлы Марат(№250 мектеп-лицейі командасы), «Үздік шабуылшы» номинациясымен-Шамшадинов Айбек (Жастар командасы), «Үздік сұрмерген» номинациясымен - Сұлтанбеков Рахат (№16 БЖСМ командасы)«Ең үздік гол салған ойыншы» номинациясымен - Қалымбетов Жеткерген (Акимат командасы), «Үздік ойыншы» номинациясымен-Арғынбаев Қабанбай (Цон командасы) марапатталды. Марапатталған командалар мен жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар, арнайы диплом мен кубок табысталды. «Қармақшы ауданының футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті және алдағы уақытта осы спорт түрін дамыту қоғамдық бірлестіктің басты міндеті болып табылады.

  • Жарияланған күні: 15.05.2019 09:06
  • Жаңартылған күні: 16.05.2019 11:11
  • Көргендер саны: 24
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі