26.01.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Қармақшы ауданында жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Жосалы кенті орталығында жаңа жылдық шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі М. Қалдарбеков арнайы қатысып, санаулы күндер қалған Жаңа 2020 жылмен құттықтап ізгі лебізін жеткізді. «Биылғы жыл біздің ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртудан өткізіліп, әлеуметтік мәні зор жобалар іске асырылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланып, ауданымыздың жастары республика бойынша үздіктер қатарынан көрінді» - деді аудан әкімі. Ауданымыздың бас шыршасын жағу мәртебесі аудан мақтаныштары Параолимпиадалық ойындарда жүгіруден 1 орын иегері Елібаев Бағдат, Самбодан жасөспірімдер арасында Әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері Абдеков Дамир, ауданымыздың жас өнерпазы, әнші, актер, мәдениет саласына жас болсада өз үлесін қосып жүрген Айдынұлы Ақсұңқар, Республикалық және облыстық конкурстар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Айтжанова Маржан, О. Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің озат оқушысы Әбдуәлиев Серікжанға табысталды. Сонымен бірге «Қазақстан халық жинақ Банкі» акционерлік қоғамы ауданымыздағы мүгедек жандарға қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп Газель маркалы инвотакси автокөлігін сыйға берді. Шара барысында «Қазақстан халық жинақ Банкі» акционерлік қоғамы Байқоңыр филиалы директорының орынбасары Қорабаев Алмат Қайратұлы сөз алып, аудан тұрғындарын келе жатырған жаңа жылмен құттықтап, Газель маркалы инвотакси автокөлігінің кілтін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерінің тіркеу бөлімінің басшысы Метерова Зере Қорғанбекқызына табысталды. Шара соңы аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 27.12.2019 12:36
  • Жаңартылған күні: 27.12.2019 19:58
  • Көргендер саны: 117
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі