01.06.2020

Валюта бағамы:

Су тасқынының алдын алу бағытында қауіпсіздік шаралары талқыланды

Су тасқынының алдын алу бағытында қауіпсіздік шаралары талқыланды

Аудан әкімдігінде Сырдария өзенінде су тасқынының алдын алу бағытында мәжіліс өтті. Мәжілісті аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы жүргізіп, Сырдария өзенінен қауіп туындаған жағдайда ауданымыздағы барлық азаматтық қорғау қызметтері барлық жағдайға дайын болуы керектігін жеткізіп, азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті саланың мекеме басшыларына тапсырмаларын берді. Мәжіліс барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ә. Қошалақов төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғауды ұйымдастыру бағытында республикалық оқу – жаттығу барысында белсенді қатысқан азаматтарды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О. Бержановтың алғыс хатымен марапаттады.




  • Жарияланған күні: 14.01.2020 07:19
  • Жаңартылған күні: 14.01.2020 20:29
  • Көргендер саны: 287
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі