22.07.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда жеңіс күні мерекеленді

Қармақшыда жеңіс күні мерекеленді

Қармақшы ауданында Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі аталып өтті. Аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында гүл шоқтарын қоюдан бастау алған іс-шаралар орталық алаңда жалғасын тапты. Салтанатты шараларға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп ізгі лебізін жеткізді. Соғыс және еңбек ардагерлері "Тағзым" алаңына гүл шоқтарын қойып, майдан даласында құрбан болған боздақтардың рухына арнап ауданның бас имамы Құран бағыштады. Қармақшы ауданынан Ұлы Отан соғысына 5 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбісі Туған жерге оралмаған. Орталық алаңда жалғасқан салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, көріністер көрсетілді. Аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңікі көңіл – күй сыйлады. Отанымызды қорғап қалған батырларымыздың теңдессіз ерліктері еш ұмытылмақ емес, жоғары деңгейде ұйымдастарылған шарлар бүгінгі ұрпақтың бойында патриотизмнің үлгісін қалыптастырады.

  • Жарияланған күні: 13.05.2019 10:18
  • Жаңартылған күні: 13.05.2019 17:04
  • Көргендер саны: 179
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі