10.07.2020

Валюта бағамы:

Қармақшыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуындағы құрылыс жұмыстары басты назарда

Қармақшыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуындағы құрылыс жұмыстары басты назарда

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Жосалы кентіндегі балалар кітапханасының ғимараты мен Қармақшы ауылдық округіндегі «Балбөбек» ясли бақшасы ғимаратындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көптеген игі бастамаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Ауданымыздың тұрғындары жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Атап айтқанда бағдарлама шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады» деп атап өтті. Сонымен бірге аудан басшысы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақытылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізді. Бүгінгі күні тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде тұрған 332 жұмыссыз азаматқа жолдамалары берілген.



  • Жарияланған күні: 29.05.2020 05:57
  • Жаңартылған күні: 29.05.2020 21:00
  • Көргендер саны: 105
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі