21.11.2019

Валюта бағамы:

«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Аудан әкімдігінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы арнайы қатысып, «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарына дипломдар табыстады. «Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды. Оның алғашқысы «Туған өлке» номинациясымен Сарсенбаев Мұрат Абайұлы - «Абай Дәулет» ЖШС-нің директоры, «Достық жер МК» ЖШС-нің директоры марапатталады. «Жыл меценаты» номинациясымен жеке кәсіпкер Балғабаева Рабиға Жайбергенқызы марапатталады. «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, «Дәметкен» жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы, Бекжанов Зарқұм Сартайұлы марапатталады. «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі марапатталады. «Аңсаған» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райымбаева Бақыткүл Картайқызы. «Ерен еріктілік» номинациясымен №27 орта мектептің күзетшісі Қайырбеков Бахыт Басқынбайұлы марапатталады.

  • Жарияланған күні: 05.08.2019 11:24
  • Жаңартылған күні: 06.08.2019 12:09
  • Көргендер саны: 269
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі