22.04.2019

Валюта бағамы:

Қармақшыда жылжымалы көрме жалғасуда

Қармақшыда жылжымалы көрме жалғасуда

Қармақшыда Қазақстан Республикасының Президенті - Тұңғыш Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтті. Аудан тұрғындары Елбасының еңбектері, жазбалары туралы көрмемен танысты. Сондай-ақ, жалпы жобаның мақсаты айтылды. Бүгінде орталықта 11 мыңнан астам экспонаттар сақтаулы. Соның 1000-нан астамын Сыр еліндегі көшпелі көрмеден тамашалауға болады. "Біздің көрмеміз 2-3 ай Сыр елінде болады. Менің ойымша, облыстың тұрғындары қызығушылық танытады деп білемін. Ғалымдар, орталық мамандары экспонаттардың тарихын айтып, жақыннан таныстыратын болады. Көрмеге Елбасының Қызылорда еліне келген іссапарларының фотосын архивтен жинақтап алып келдік",- деді Ә. Рахимжанов. Қазіргі кезде кітапхана деген ұғым тек кітаппен ғана шектеледі. Ал осы көрме арқылы құнды кітаптар, аудио, марапаттарымен жақыннан танысуға болады. Сондай-ақ, орталықтан Елбасының қолмен жазған хаттары, наградалары сынды құнды дүниелерді көруге болады. Еске сала кетейік, көшпелі көрменің салтанатты ашылуы 8 сәуір күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.

  • Жарияланған күні: 08.04.2019 10:13
  • Жаңартылған күні: 10.04.2019 13:42
  • Көргендер саны: 33
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі