21.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшылық дәрігерлер марапат төрінен көрінді

Қармақшылық дәрігерлер марапат төрінен көрінді

Қызылорда қаласында медицина қызметкерлері күніне орай өткізілген салтанатты шарада ауданымыздың дәрігерлері марапат төрінен көрінді. Атап айқанда Қармақшы аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Фазылов Мұхтар Анарқұлұлы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен бірге Қармақшы аудандық ауруханасының дәрігері Аққасынова Айман Жарылқасынқызы - «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін иеленді. «Сенім денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының атынан «7-20-25- тұрғын үй кредиттеу» бағдарламасы аясында Қармақшы аудандық ауруханасының бас акушеркасы Мерекова Әсем Ідірісқызына 1 млн теңге көлемінде «Тұрғын Үй» сертификаты табысталды.

  • Жарияланған күні: 18.06.2019 10:09
  • Жаңартылған күні: 20.06.2019 13:05
  • Көргендер саны: 288
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі