21.11.2019

Валюта бағамы:

Түлектерге аттестат табыстау шарасы өтті

Түлектерге аттестат табыстау шарасы өтті

Жосалы кенті орталығындағы іргелі білім ордасы Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп – лицейінің түлектеріне аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы арнайы барып, аттестат тапсыру шарасына қатысты. Жас түлектерге аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы алдағы өтетін ұлттық біріңғай тестілеу сынағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдарына ақ жол тілеп, ата-аналар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп – лицейде бүгінгі таңда 100-ге жуық жас түлек сапалы білім саналы тәрбие алса, оның ішінде 7 түлек «Алтын белгінің» және 1 түлек «Үздік аттестаттың» иегері атанды. Қазіргі таңда ауданымызда мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 484 мектеп бітірушінің 25-і «Алтын белгі», 17-і түлек «Үздік аттестаттың» иегері болып отыр. Қазіргі таңда кемел білім мен ғылымды басты бағдар еткен елімізде, әр азаматтың білім алып, қалыптасуына қажетті барлық жағдай жасалған. Соның нақты көрінісі, бүгінде аудан мектептерінің материалдық -техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар жасалуда.

  • Жарияланған күні: 14.06.2019 05:58
  • Жаңартылған күні: 16.06.2019 23:30
  • Көргендер саны: 346
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі