16.10.2019

Валюта бағамы:

Қармақшылықтар Нұр-Сұлтан қаласы күнін атап өтті

Қармақшылықтар Нұр-Сұлтан қаласы күнін атап өтті

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға келушілерге Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі Нұр-Сұлтан қаласының даму келбеті туралы бейнеролик көрсетілімімен басталды. Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы салтанатты шарада Қармақшылықтарды Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының мерекесімен құттықтап ізгі лебізін жеткізді. - Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды. Бұл күндері Елордамыз 21 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдар ішінде бүгінгі Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық бейбітшілікті сақтаудың ордасы болды. - Халықаралық саммиттер, Еуропадағы Халықаралық Ынтымақтастық форумы, «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі, Астана декларациясының қабылдануы, Әлемдік діндер лидерлерінің дәстүрлі форумы, Сирия дағдарысының шешімін табуы үшін жүргізілген келіссөздер бейбітшілікті жақтайтын ел ретінде әлемдегі өз орынын айқындады. Елордамыз еліміздің барлық өңірлері үшін дамудың үлгісін көрсетті, - деп атап айтып өтті аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы. Салтанатты шара Қызылорда қаласының филормониясының өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің жас таланттарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 09.07.2019 10:13
  • Жаңартылған күні: 09.07.2019 16:43
  • Көргендер саны: 198
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі