26.02.2020

Валюта бағамы:

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толуына арналған шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Шара басталмас бұрын Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Аталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы «Кеңес дәуірінің тарихында ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Жүздеген жас жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа «Бірінші міндет – Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын. Жылма-жыл ақпан айында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» дейді дана қазақ халқымыз. Мемлекет бұйрығын орындап, Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың міндеті де парызы»,-деп айтып өтті. Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы Ауған соғысының бір топ ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, Отан қорғаушы жастарымыздың сенімді де батыл болуы үшін осындай шаралардың пайдасы зор екенін жеткізді. Иә, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Ал ерлікті ұлықтау, насихаттап, құрмет көрсету бүгінгі күннің парызы.


  • Жарияланған күні: 14.02.2020 11:02
  • Жаңартылған күні: 14.02.2020 14:53
  • Көргендер саны: 55
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі