17.08.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі "Адал ұрпақ" клубтарының белсенділерімен еркін форматта кездесті

Аудан әкімі

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелерімен аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы еркін форматта кездесті. Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресуді мектеп жасынан бастап қалыптастыру жолға қойылып отыр. Аудандық білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған шарада №26 мектеп оқушыларының әдеби – монтажымен басталып, «Адал ұрпақ» клубының 2018 – 2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы №105 орта мектеп- лицейдің 8 сынып оқушысы Мейрамбекова Алданыш таныстырып өтті. №26 мектептің 9 сынып оқушысы Мағжан Әбдіразақұлы «Адай» күйімен көмкерсе, №107 мектеп оқушысы 8 сынып оқушысы Сағыныш Еркінқызы Базар жыраудың өсиетін орындады. Аудан басшысымен еркін форматта кездесуде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұщымды жауаптарын алды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық қауымдастығының Үндеуін №121 мектептің 10 сынып оқушысы Боханова Гүлжахан оқыды. Кездесу соңында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты мен «Айқанат» пәндік олимпиадасының республикалық кезеңіне өткен оқушыларға сертификат табысталды.

  • Жарияланған күні: 06.06.2019 12:50
  • Жаңартылған күні: 07.06.2019 00:31
  • Көргендер саны: 174
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі