10.07.2020

Валюта бағамы:

Аудан әкімі бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Аудан әкімі Мұса Оспанұлы Жосалы кенті орталығындағы Қорқыт Ата көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын салу барысымен танысты. Мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарда қолданылатын құрылыс материалдарының сапалы болуына көңіл бөлуді тапсырды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр. Сонымен қатар аудан басшысы Жосалы кентіндегі №15 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен балалар кітапханасының ғимаратына жүргізіліп жатырған ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек. Осы ретте аудан әкімі көше тұрғындарымен кездесіп, пікірлерін тыңдап, жұмыс барысында сауалдарын назарға алып отыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

  • Жарияланған күні: 16.06.2020 07:30
  • Жаңартылған күні: 22.06.2020 16:17
  • Көргендер саны: 225
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі