16.10.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетті

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін төл мерекесімен құттықтап, журналистер қауымына құрмет көрсетті. -Бүгінгі күн газет пен журнал, телевизия мен радио, полиграфиялық сала қызметкерлеріне ортақ мереке. Бұл тек журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге кадр сыртындағы жандар мен газет-журнал беттерін қалыптайтын, хабарды эфирге дайындайтын мамандар үшін де маңызы зор күн. Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деген сенімдемін. Жағымды жаңалықтарыңызбен қуантып, қаламдарыңыз мұқаламай әрқашанда шығармашылықтарыңыз шыңдала беруге тілектестігімді білдіремін - деп атап айтып өтті аудан басшысы кездесуде. Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы талай жылдар қызмет етіп жүрген журналистер мен телекоммуникация және пошта байланыс торабының қызметкерлерін «Алғыс хаттармен» марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Аудан әкімдігінде өткен шараға қатысушы байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін аймағымыздағы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы Шолпан Исабекова, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Дастанбек Садық төл мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Үкіметтің қаулысымен биылдан бастап 28-ші маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.


  • Жарияланған күні: 02.07.2019 02:06
  • Жаңартылған күні: 02.07.2019 16:20
  • Көргендер саны: 186
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі